Сергіту жатты?улары


Сергіту жұмыстары “№ 17 ЖОББСОБМ” Қазақ тілі (Бастауыш сынып) Құрастырған: Қазақ тілі мұғалімі Қажмағамбетова Қызғалдақ Даутбайқызы Түсініктеме Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған шәкірттерге берілетін үздіксіз білім -сауат ашудан басталады. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толқытай меңгертуге үйрету, пәнге деген қызығцшылығын, арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор. Оқушылардың денесін сергітетін қимыл-қозғалысқа бейімделген сергіту жаттығуларын сабақта түсіндіріліп отырған жаңа дыбысқа байланыстыра құру, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашудың алғашқы баспалдағы болуға негізделген. 1. Әтеш ерте оянды Жан-жағына қарады Шынықтырып денені Қанаттарын қағады2. Қолымызда сылдырмақ Сылдыр –сылдыр етеді. Аяғымыз тыпырлап, Өзі билеп кетеді. 3. Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық. Қолға қалам алайық, Көркем етіп жазайық.4. Қаз қанатын жайды. Аққу мойнын созды. Үйрек келіп қонды.5. Тоқ-тоқ тоқылдақ Шаршамайсың тоқылдап, Елшісі боп орманның Екбектендің тоқылдап 6.Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық.7.Орманға барсаң қасқыр бар Тауға барсаң түлкі бар. Сайға барсаң қоян бар. Байқаңдар қар астында, Ұйықтап жатқан аю бар8. Ұшынан басып аяқтың, Тік тұрайық жығылмай. Өкшесін баспай аяқтың Отырайық қисаймай. 9. Қолды жайып қанатша,Жұдырықты түйелік.Саусақтары талғанша,Ашып, жұмып көрейік.Белімізді жазайық,Демімізді алайық.Қыздар менен балалар,Допша қарғып орғытар.Аяқтары тыпырлап,Күлкілері сыңғырлап,Шаттанады қол бұлғап,.1,2,3 Дем аламыз, жинап күш.Желдеткішті кең ашылсынШаң тозаны басылсын.12. 1,2,3 жадыраймыз жинап күш.5-тік баға аламыз,Қуанып үйге қайтамыз.13. Қарлығашқа ұқсайық,Кәне, қанат қағайық.Қарлығашқа ұқсап біз,Ұшып-ұшып алайық.14. Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседіКіп-кішкене бұтақтар,Үп-үлкен боп өседі.15. 1,2,3 Дем аламыз жинап күш,Тағы қалам аламыз.Көркем етіп жазамыз,Жазудан бес аламыз. 16. Бала-бала балапан ,Кәне, қайсы алақанСаусақтары әйбат,Былай-былай ойнат.17. Түзу ұста мойныңды Жоғары соз қолыңды.Соз қолыңды тағы да,Жеткіз жираф бойына.18. 1 мен 2 алмаңдар.3-ке алданып қалмаңдар.Тек 4-ті алғандар,5-ті ғана армандар.19. Біз жазамыз, жазамыз.Жазып-жазып дем аламыз.Қолға қалам аламызӘдемі етіп жазамыз.20. Малмаң-малмаң жүрейікҚонжық аю болайық.Ырғып-ырғып секіріп,Қорқақ қоян болайық.21. Оң қолымда бес саусақСол қолымда бес саусақ.Екі қолды қосқанда,Болады екен он саусақ.22. Оңға-оңға түзу тұрСолға-солға түзу тұрАлға қарай бір адымЖоғары , төмен қараймызОрнымызды табайық.23. Екі қанат қазда барСайраңдайды жазда оларЕкі қанат құрда бар,Қарауласаң құрға бар. 24. Күнде аспанға қараймын,Қайтқан құсты санаймын.Үш бұрыш болып тырналарКөк жүзінде сырғанар25. Түн болды, таң атты,Жел көтерілдіАспанды бұлт торалдыЖаңбыр жауды, күн шықтыКенет тыныштық бола қалды.26. Қырғауыл болып ұшамыз,Түлкі болып қашамызҚырғауылдай тапқыр боп, тапқыр бопОрнымызға қонамыз.27. “П” Бала отыр партадаОқы, үйрен шаршамаП-дыбысы дауыссызМәлім болды баршаңа28. “Н” Нан –әлемнің азығыДастарқанның қазғыНар- түйенің асылыӨрісі ел жазығы29. “О” Он саусағым ойнасынБояп-бояп қоймасынОтан, орман сөздерінО әрпімен ойлайсың30. “М” Ақ мақтаны терейікМектепке тал егейікМерекелі жиында Мақал айтып берейік31. “ы” Ыдыстарды жуамызЖалқауларды қуамызӨте жақсы оқуға Белімізді буамыз 32. “Ж” Жан-жағыма жантайдымЖапырақтай жалпайдымЖ-әрпін жаздым даЖарға қарай шалқайдым“Ұ” Ұршықтай зырлаймызҰяны сырлаймызАр- ұят серігімҰран сап жырлаймыз34. “Ң” Балапан –балпаң басайықАңдарға жем шашайықҢ-дыбысын білмегенБалалардан қашайық.