М?сіндеу. ?оян?а арнал?ан с?біз
МКҚК «Өркен» балабақшасы
«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының
ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіздер.
Мақсаты: Қоянға арналған сәбізді мүсіндеу.Ермексазды қолдарымен уқалау, илеу, домалақтау арқылы сәбізді мүсіндеу.
Билингвизм: Сәбіз - морковь.
Әдіс –тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу жұмысы.
Көрнекі құралдар: ермексаз, жасыл түсті қағаздан қиылған жапырақ, шынайы сәбіз. Папимаша әдісімен жасалған қоян.
Әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Баланың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы қызмет түрі
Іздену ұйымдастырушы-
лық қызмет түрі.
Рефлексивті коррекциялық. Шаттық шеңбері:
Айналаға қарап, табиғаттың сұлулығын сезінейік.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайылы таң, қайырлы.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атайықшы.
Қыс мезгілінің басқа мезгілдіерге қарағанда айырмашылығы неде? Балалар қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білеміз?
Балалардың жауабы.
Ауа-райында қандай өзгерістер болады?
Ғажайып сәт.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге
Қоян қонаққа келіпті.
Қоянымыз жылап кіреді балалар қоянымыздың көңіл күйі шамалы сияқты.
Қоян сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар амандасады.
Қоянжан көңіл-күйің неге шамалы, не болды?
Қоян: балалар мен орманда серуендеп жүр едім, менің себетімдегі сүйікті асым сәбіздерім түсіп қалған. Енді менің қарным ашып тұр. Маған сүйікті асым сәбіз керек.
Балалар қоянның сүйікті асы не?
-Сәбіз.
-Балалар қоянға көмектесемізбе?
Қане орнымыздан тұрайық,
Сергіп, сергіп алайық.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің .
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Ендеше қалай көмектесеміз?
Оларға сәбіз жасап беру үшін, алдымен мына менің қолымдағы сәбізге қарайық. Сәбіздің түсі қызғылт сары болады. Сәбіздің бас жағы үшкір, сопақша келеді. Және ұзынша келген жапырақтары бар екен.
Ендеше балалар жұмыстарымызды бастайық.
Жұмыс барысы:
Ендеше алдымен сарғыш түсті ермексазымызды жұмсартып,
екі алақан ортасына салып илеп, домалақтап сопақша пішінге келтіріп, бас жағын созу арқылы ұштаймыз, дайын болған сәбізге алдарыңдағы дайын жасыл жапырақтарымызды жапсырамыз.
Тәрбиешінің көмегімен жасайды.
Орыс тілінде сәбіз- морковь деді . Кәнекей бәрімізде қайталайық.
-Кәне бәріміз болсақ, жасаған сәбіздерімізді ыдысақа салып қоянымызға берейік.
Қоянмен бірге бір ойын ойнап жіберейік.
«Сәбізді себеттерге тездетіп сал» ойын.
Қоян: балалар көп-көп рахмет сіздердің арқаларында қарным ашпайтын болды.
Сау болыңыздар.
Қоян шығып кетеді.
Балалар қоянымыздың қуанышын бірге бөлісейік.
Теледидардан қоянның сүйікті асы сәбіз туралы бейнекөрінісін көрейік.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қоянымызға ермексаздан не жасап үйрендік?
Сәбіздің түсі қандай?
Қоянымыздың көңіл-күйі жақсарды ма?
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Балалардың жауабы.
Жабырқаулы екен.
Ия, көмектесеміз.
Сәбіз жасап берейік.
Қимылмен орындайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмыстарын жасайды.
сәбіз- морков
Ойын ойнайды.
Көрініс көреді.
Балалардың жауабы.
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жануарларға қамқорлық жасау жақсы іс екенін білу.
Меңгеру керек: Сәбіз жасаудың жолдарын меңгеру.
Жасай білу керек: Сәбіз жасай білу керек.