Тех карта. М?сіндеу. ?уырша??а арнал?ан ыдыс -ая?тар.
МКҚК «Өркен» балабақшасы
«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: Қуыршаққа арналған ыдыс аяқтар.
Мақсаты: Балаға ожау мен кесе жасауды үйрету.
Ұлттық бұйымдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ұлттық тағылымын дамыту.
Билингвизм: кесе-чашка.
Әдіс –тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу жұмысы.
Көрнекі құралдар: ожау мен кесенің суреттері, ермексаз.
Әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Баланың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы қызмет түрі
Іздену ұйымдастырушы-
лық қызмет түрі.
Рефлексивті коррекциялық. Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады
Күлімде күн күлімдеБүлдіршіндер қуансын,Қырдың қызыл гүліндейҚолдарына ту алсын,
Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ермексазбен ожау мен кесеніжасайтынын ескертеді.
-Мына суретке назар аударайықшы.
-Анамыз не істеп отыр?
-Оның қолындағы не?
-Атаның алдында не тұр?
-Тегенеге құйылған қымызды сапырып,тостағанға құю үшін ағаш ожау қолданады.
-Ожау : Қымыз құюға,сүт құятын, сорпа сапыруға арналған болып бөлінеді.
Қауіпсіздік ережесі:
Ермексазды ауызыңа салма.
Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.
Киіміңді таза ұста.
Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.
Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.
Ожау жасау үшін:
Ермексазды екіге бөлу.Екінші бөлігін тағы екіге бөліп,оларды сопақтау етіп домалақтау. Ожаудың басы мен жиегін жасап,біріктіру.Екінші бөлігінен созу арқылы ожаудың сабын жасау. Ожаудың басы мен тұтқасын біріктіру.Қалақшамен тегістету.
Енді жасаған ожауды сәнді болу үшін безендіру.
Ширатылған кесінділер.Ыдыстың түбі.Кесінділерден құрастырылған жұмыс.Кесе.
Мүсіндеу кезінде керек жерінде жеке бөліктерін созып,саусақтардың ұшымен пішініне келтіреміз.
Орыс тілінде кесе-чашка деп айтылады. Кәне бәріміз қайталайық.
Сұрақтар.
1.Үйінде өзіне ұнайтын кесе бар ма?
Ол неден жасалған?Неге ұнайды?
2.Кеселердің әр түрлі болуы неліктен?
3.Сеніңше мереке күндері әдемі ыдыстарды пайдалану себебі не?
Оларды кім жасайды?
Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау. Хормен айтады
Күлімде күн күлімдеБүлдіршіндер қуансынҚырдың қызыл гүліндейҚолдарына ту алсын Орындарына отырады
Отбасы дастархан басында отыр.
Анамыз ожаумен қымыз сапырып, скесеге құып жатыр.
Атаның алдында кесе тұр
Өз бетімен жұмыстанады
Балалр ереже бойынша өз бетімен жұмыстанады .
кесе-чашка
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй тұрмысындағы ыдыстармен танысты.
Меңгеру керек: Ұлттық бұйымдарды құрметтеуді меңгерді.
Жасай білу керек: Ожау мен кесе жасауды үйренді.