?лкен ж?не кіші с?біздер ашы? о?у ?ызметі (Балаба?ша)


Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Сурет, жапсыру
Тақырыбы: «Улкен және кіші сәбіздер»
Мақсаты: Күз айының ерекшеліктері, беретін сыйы туралы айту, күзгі еңбек жайлы қысқаша мағлұмат.
Балаларға сурет салудың техникасын түсіндіре отырып, сәбіз бейнесін салуға үйрету. Сопақша пішіннен бейне жасауға, қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай отырып,, заттың негзігі түсін, көлеміндегі айырмашылығын бейнелеуге үйрету. Сурет салуға,жапсыру жұмысына деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту.
Билингвалды бөлім: күз –осень, жемістер – фрукты, көкөніс – овощ,
үлкен – большой, кіші - маленький
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, жапсыру,сурет салу, мадақтау.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: күз мезгілі және көкөніс, жемістер туралы слайд, суреттер, мультфильмдер дискісі, бір реттік пайдалануға арналған ыдыстардан қиып, боялып жасалған сәбіздер бейнесі,саусақпен бояуға арналған бояулар, сұйық түс қағаз (жидкий обой),орталықтарға арналған ойынға қажетті құралдар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Ұйымдастырушылық- ізденістік кезең
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Күн сәулесін таратты.
Балақайлар тездетіп,
Бақшамызға кеп жатты.
Жарқырайды күніміз.
Күлімдейі жүзіміз.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай мезгіл (Таңертеңгі мезгіл)
Олай болса, қайырлы таң, балалар!
Мен бүгінгі күннің сендерге жаңа бір серпін, көтеріңкі көңіл күй әкелгенін тілеймін балалар.
(Қонақтармен амандасайық)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жапырақтардың түстері қандай?
Адамдар қалай киінеді?
Құстар қайда кетті?
Балалар мына суретке назар аударайық.
Бұл міне өздерің көріп отырғандай күз мезгілі екен
Адамдар еңбекпен айналысуда.
Күз мезгілінде жаңбыр жауып, күн суытып, жапырақтар сарғаяды.
Ел егін жинайды, бидайды қамбаға құяды.
Көкөністер мен жемістердің орысшасын айтайық
Қане балалар, кім күз туралы жемістер көкөністер дәнді-дақыл туралы тақпақ айтып береді екен?
Ғажайып сәт.
Топқа қолында түрлі жемістер мен көкөністерге толы себеті бар Күз ханшайымы мен қоян кіреді.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қал-жағдайларың қалай?
Мен сендерге «ойларың мен бойларың өссін» деп биылғы жиған өнімімді әкеле жатсам, жолда мұңайып тұрған қоянды кезіктірдім.Себебін сұрасам, қоянның сүйікті асы – сәбізі таусылып қалыпты.
Қоянға бәріміз бірге көмектесеміз бе балалар?
Сендерге сәбіздің үлгісін әкелдім, маған кім қалай сәбізді бейнелеп, суретін салып береді екен?
Тәрбиеші:
Балалар үлгіге қарандаршы , сәбіздің пішіні қандай?
Сәбіздің түсі қандай?
Қандай сәбіздер?
Балалар үлкен кіші сәбіздерді бейнелемес бұрын айтарым суретті жоғарыдан төмен қарай бояймыз.
Балалар орталықтарға бөлініп орындарына жайғасады
1 – орталық пластмасса қалдықтарынан сәбізді бейнелеу
2 - орталық гуашпен бояйды,
3 – орталық сұйық түсқағаз желімін қолдану
4 – орталық қарандашпен салады
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды (жасаған жұмыстарын, яғни сәбіздерін қоянның себеттеріне салғызу)
Сергіту сәті
Бір күніміз сан салалы
Жаттығудан басталады
Орнымызда тұрыпақ
Жүгіреміз бір уақ
Ор қоянша секіреміз
Бір, екі, үш
Бір, екі, үш
Біз осылай жетілеміз
Шынықтырып денемізді
Жалқаулықты жеңеміз біз
Орнымызда тұрыпақ
Секіреміз бір уақ
Ор қоянша секіреміз
Бір екі үш
Бір екі үш
Біз осылай жетілеміз

Балаларды орындарына отырғызу. Ойын технологиясы бойынша ойындар ойнату.
1 орталық – қарықтарға көкөністерді отырғызу
2 орталық- араласқан дәнді дақылдарды ажырату
3 орталық -көкөністермен жемістерді лента арқылы табу
4 орталық -ағаш діңгегіне жапырақтарды ортаналастыру
Қоян: -Рахмет, балалар мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар! (себетін алып шығып кетеді)
Күз қаншайымы: - Ал, балалар менің де сендермен қоштасатын кезім келді. Сендер көп нәрсе білетін екенсіңдер. Ал, құрметті қонақтар! Сіздерге әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңыздар.

Балалар орынынан тұрып, қонақтармен амандасады
Балалар сұрақтарға жауап береді
Балалар кезектесе тақпақтарын айтады:
1-бала
Сары алтын тон жамылған, Күз атамыз секілді
Қойыны толы алтын дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
2-бала
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің.
Айтпада екен деме Алманы жумай жеме
3-бала
Сөредегі сәбіз,
Дәрумен ғой нағыз,
Сатып әпер апа –
Керек емес сағыз.
Балалар таңдана қарайды
Балалар барлығы «иә» деп жауап береді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар орталықтары бойынша жұмыс жасайды
Балалар әуен ырғағымен сергіту сәтін жасайды
Балалар орталықтары бойынша ойын құралдарымен жұмыс жасайды.
Күз ханшайымы қонақтарға күзгі өнімнен сый береді
Рефлексивті-түзетушілік кезең Біздің бүгінгі оқу іс- әрекетімізге кім қонаққа келді?
Ол нені жақсы көреді?
Қоянға қалай көмектестік?
Сәбіз көкөніс пе, әлде жеміс пе?
Балалардан не істегендерін сұрайды, еңбектерін бағалайды(балалардың өздерінің пікірлерімен санаса отырып), алғыс білдіреді. Балалар не істегендерін, өз ойларын айтады.
Қонақтармен қоштасайық. Қонақтар келгендеріңізге рахмет. Қош сауболыңыз!
Балалар не істегендерін, өз ойларын айтады.
Балалар қонақтармен қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртуы: қарындашпен дұрыс жұмыс жасауды,гуашты,желімді қолдана білуді
Түсінуі: жемістер мен көкөністерді дәміне, түсіне қарай ажыратуды, олардың қайсысы қай жерде өсетінін білуді
Қолдануы: құралдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануды