Сауат ашу саба?ынан саба? жоспары Ж дыбысы мен ?ріп та?басы


Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Ж ж дыбысы мен әріп таңбасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж ж дыбысы мен әріп таңбасымен  таныстыру. Кеспе әріптермен сөз құратып, жаздыру. Ж ж  дыбысы   бар сөздерге   дыбыстық  
талдау  жасату,  дұрыс жазуға, есте сақтауға  үйрету.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Барлық оқушылар орындай алады. Диалогқа қатысады,өз ойын айта алады. 
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Ана тілі, бейнелеу өнері сабағы
Тілдік құзыреттілік Әріп – буква – letter
Дыбыс – звук – sound
Дауысты – гласные – vowel
Дауыссыз – согласные – consonants
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут «Біз байсалдымыз»Біз байсалдымыз,Мұқият тыңдаймыз,Есте сақтаймыз,Бөгет жасамаймыз,Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!
Жемістер арқылы топқа бөлу.
1-топ: Алмалар
2-топ: Алмұрттар
3-топ: Банандар
4-топ: Құлпынайлар Шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы
1 – тапсырма Топтық жұмыс.
Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа - ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм - бақ, жи - һаз.
№2 тапсырма Сөздің бастапқы буыны мен сәйкес суретті қос
Үлестірмелі карточкалар
Үлестірмелі карточкалар

№3 тапсырма « Ұйқасын тап!» ойыны.
Алмалар тобы:
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат,
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - …( жүзім )
Алмұрттар тобы:
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті,
Шағып қара таңдап,
Оның аты - …( жаңғақ )
Банандар тобы:
Құйрығы он қарыс,
Бұл - айбатты …(жолбарыс )
Құлпынайлар тобы:
Дамыл таппай бiр мезет,
Жортумен жүр сүр… (Көжек) Сергіту сәті
1 мин «Бұл не?» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Оқушылар кезек – кезек шығып берілген суретті сипаттап айтып береді. Отырған оқушылар жауабын табады.
(Жаңбыр, жапырақ, жүрек, жылқы) Смайликтер
Қызықты тапсырма
4 - тапсырма Заттарды атап, оларға талдау жаса.
Карточкалар
Аяқталуы №5 Топтық жұмыс.
Құрамында «Ж» дыбысы мен әріпі бар заттардың суретін салу

А4 қағаздар
Сабақтың соңы
2 минут Рефлекция
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өздерінің жемістерің
өздері қалаған смайликке жабыстыру арқылы білдіреді

Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТҚұндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушыларайтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.