Тіршілікті? пайда болуы туралы ал?аш?ы к?з?арастарды? дамуы.Жерде тіршілікті? пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастерді? т?жірибесі.
«№ 8 жалпы білім беру орта мектебі»
Биология пәні мұғалімі Минжасова Анар Оракбаевна
9 «Б» сыныбына арналған биология пәнінен қысқа мерзімдік жоспары
Пәні биология Сынып 9
Сабақтың тақырыбы Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастардың дамуы.Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар.
Л. Пастердің тәжірибесі.
Жалпы мақсаты Білімділік:Оқушыларға тіршіліктің алғаш пайда болуын, оның дамуын, тірі организмдердің негізгі қасиеттерін-мысал келтіру арқылы түсіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып,ойлау қабілетін арттыру,оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіру,пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқу нәтижесі 1.Тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылықты ояту.
2.Жаңа ақпарат туралы пікір алмасу.
3.Топта жұмыс жасай отырып, жаңа білімді игеру.
4.Өзін-өзі бағалауға дағдыланады.
Қамтылатын модульдер 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2- модуль оқытуды басқару және көшбасшылық
3-модуль оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
4-модуль АКТ пайдалану (электрондық оқулық)
Сілтеме Биология 9 «Алматы» 2013, қосымша әдебиеттер: әдістемелік нұсқаулық «Алматы»
Қосымша әдебиеттер:
Биология «Алматы» 2007ж
Ғаламтор жүйесінен іздену:
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру
Амандасу
Топқа бөлу
Бас ,қол ,жүрек,деп топқа бөлу
Бас ,қол ,жүрек,деп топқа бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру Оқушылар үйге берілген тақырыпқа жауап береді
1.Түрден жоғары деңгейдегі жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілу процесі:
А.Макроэволюция В.Микроэволюция
С.Түр түзілу
2.Эволюцияның негізгі бағыттары:
А.Биологиялық прогресс, биологиялық регресс
В.Ароморфоз, идиоадаптация
С.Морфофизиологиялық прогресс, дегенерация
3.Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы:
А.Биологиялық регресс
В.Биологиялық прогресс
С.Аллогенез
4.Бейімділіктің төмендеуі, даралар санының азаюы, аймақтың тарылуы жатады:
А.Биологиялық прогресс
В.Катагенез
С.Биологиялық регресс
5.Араморфозды анықта:
А.Қорғаныш және жасырушы рең
В.Ми құрылысының күрделенуі
С.Арамсояудың жапырағы
6.Организмдердің нақты тіршілік ортасына сәйкес алан түрлі бейімділіктерге ие болуы:
А.Ароморфоз
В.Идиоадаптация
С.Жалпы дегенерация
7.Әртүрлі тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін күрделендіретін өзгерістер:
А.Ароморфоз
В.Жалпы дегенрация
С.Идиоадаптация
8.Эволюцияның негізгі бағыттарын анықтаған ғалымдар:
А.Де Дюв, У.Гарвей
В.А.Н.Северцов, И.И.Шмальгаузен
С.К.Линней, Ж.Б.Ламарк
9.Тіршілік ортасының тұрақтануына байланысты бірқатар мүшелер қажетсіз, артық болып, бірте-бірте жойылуы:
А.Идиоадаптация
В.Ароморфоз
С. Жалпы дегенерация
10.Идиоадаптация жолымен нелер түзіледі?
А.Түр,туыс, эволюция.
В.Түр,эволюция,
тұқымдас
С.Түр,туыс, тұқымдас.
Оқушылар берілген сұраққа нақты жауап береді.
1 А.2.А.3.В. 4.С. 5.В 6.В.7А. 8В. 9 С. 10 С.
Тесті 1лер,2ге беріп тексереді.
Жаңа сабақты меңгеру
Видео ролик.
Тақырып бөліп беріледі.
Оқушылар дөңгеленіп
тұрады,ішкі шеңбер өсімдік,сыртқы шеңбер жануар атын айтады, өз ойын айтып тақырып ашылады.
Тақырып бойынша постер қорғайды.
Сергіту сәті.
Кереге,уық, шаңырақ.
Жаңа сабақты бекіту Әр қалпақ бір-біріне сұрақ қояды. Әр қалпақ бір-біріне сұраққа жауап береді.
Бағалау Берілген критерий бойынша топ басшы бағалайды. Әр сұраққа жауап беріп, оны бағалау критерий бойынша топ басшысы бағалап отырады.
Рефлексия алу
Оқушылардың сабақта алған біліміне байланысты стикер жабыстыру. Стикерге өз оқушылар өз деңгейі бойынша жазады.
Үй тапсырмасын түсіндіру Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастардың дамуы.Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л.Пастердің тәжірибесі. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады. Тақырыптың соңындағы кестені толтыру.