Т?рбие са?аты Отбасы-адам т?л?асыны? бесігі…


Тақырыбы: Отбасы-адам тұлғасының бесігі...
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.Көрнекілігі:  слайд
Барысы:Жүргізуші:2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі Отбасы күніне ұйымдастырылып отырған « » атты сайыс өткелі отыр.
Отбасы, жанұя- кішкентай мемлекет.Әр мемлекетте өз ұраны болады. Жанұя да шағын мемлекет,сондықтан да « Жанұя ұранын» орындайық.«Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады.Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,Жанұядан барма басқа сүйеніш?Қуансамда бірге жүріп қуанып,Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!Жанұям, үстем болсын мерейің,Табылмас жанашырым өзіңдей!Бірлік пенен татулық,Амандық пен денсаулықБолсын бізбен әрдайым!Сайыс кезеңдерімен таныстыру1. Таныстыру2. Мақал - мәтел сайысы 3. Өнер сайысы4. « Отбасыдағы проблемалар ағашы»5. Шаңырақ.
Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауғаСыналып үлкендерден үлгі алуғаСалты бар өнерлі осы ортадаБерер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту
2. Мақал - мәтел сайысы Отбасы немен құнды?(
Шебер болсақ, тіл байып,Шешендіктер бір ғайып.Мақал - мәтел үйреніп,Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)3. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
1. Ата – бәйтерек,( бала – жапырақ.)2. Өз балаңды өскенше бағасың,
(Немереңді өлгенше бағасың.)
3. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
1. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)2. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)3. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
1.Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).2. Ана сүті бой өсіреді, (Ата тілі ой өсіреді.)3.Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).3 тур. Сазды конкурс. Әр өлеңге кішкене сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу, айтып беру.1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен танысады. ( Қошақан)2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Әрқашан анасының аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн әлемі)3. Жарық сыйлайтын адам.(Ана туралы жыр).4. Балаңды аялап өсірдің, енді менің есімнен кетпейсің (Әкем-әнім)
4 тур. Пед.жағдаят. Мұнда берілген жағдайды келесі үш отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.
1 жағдай — Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата – ананың ролі 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны» 3 жағдай — «“Мектеп пен ата – ана байланысы”
4 жағдай- « Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы»
5 тур. Шаңырақ. ( үй салу). Түрлі- түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй салу.
Жүргізуші:
Қорытынды:
Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.