Тікт?ртб?рыш, ромб, квадрат ж?не оларды? ?асиеттері мен белгілері.


Қысқа мерзімді жоспар
Тақырып: Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері.
Күні: 07.10.2016
Қатысушының саны: Қатыспағаны: Пән: геометрия
Мұғалімнің аты-жөні: Бекежанова А.К Сабақ: 12 Сынып:8
Оқыту
мақсаты: Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптарынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау
Оқыту
мақсаты/ Күтілетін нәтижелер: 1. тіктөртбұрыш, ромб, квадраттардың анықтамасы біледі (барлығы)
2. тіктөртбұрыш, ромб, квадраттар туралы есепті емін еркін шығарады.
3. сыни ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды (кейбіреулері)
Тілдік мақсат: Математика тілінде сауатты сөйлеуге дағдыландыру
Алдынғы (бұрынғы) оқыту Төмендегі сыныпта өткен геометриялық фигуралар мен байланыстыру
 Сабақтың барысы:
Уақ. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
(3 минут) Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар үш топқа бөлінеді төртбұрыштар түрлері бойынша–ромб, квадрат және параллелограмм.
Оқушылар аксиома, теорема, кесінді және бұрыш болып 4 топқа топтасады.
1-топ аксиома
2-топ теорема
3-топ кесінді топтасады.
Топтардың жұмыс істеу ережесі құрылады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады. 
2 мин Үй жұмысы
(сұрақ жауап) Өрмекші әдісі
15-мин Жаңа сабақ туралы мағлұмат береді Анықтама: Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз.
5- теорема: Тіктөртбұрыштың диагоналдары тең болады.
6- теорема: Егер параллелограмның диагоналдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
Анықтама: Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.
7-теорема: Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисалары болып табылады.
8-теорема: Егер параллелограмның диагоналдары перпендикуляр болса, онда ол ромб болады.
10-мин. Есептер шығару №29
Бер: АВСД Тіктөртбұрыш шешуі:
АВ – 8,5 см P = 2a + 2b
ВС – 4,5 см P = 2(8.5 + 4.5) = 26 см
т/к: P-? Ж: 26см
№41
Бер: АДСВ – ромб шешуі:
АД – 6,5 дм P = 4*a
Т/к: P-? P= 4*6.5 = 26дм Ж: 26дм
№52
Бер: АВСД - квадрат шешуі:
АВ – 7,5 см P = 4*a
Т/к: P-? P =4*7,5 = 30 см Ж; 30см
.
15 мин Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
10 мин уақыт беріледі.  Іске сәттілік тілеймін.
А деңгейі:
АВСД параллелограмының ВАС бұрышы 40 о, САД бұрышы 20 о-қа тең. Параллелограмм бұрыштарын табыңдар.
Ромбының ВАД бұрышы 10 о-қа тең. АОД үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.
В деңгейі:
Параллелограммның қабырғаларының қатынасы 1:2 қатынасындай, периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
С деңгейі:
Параллелограммның АВ=АД. Периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
15 мин Жинақтау Шығармашылық тапсырма (4 пен 5-ке оқитын оқушылар)
І. Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп сол нүктелер арқылы ромб қабырғасына параллель түзулер жүргізіңдер. Қанша ромб пайда болды?
ІІ. Параллелограмм берілген. Қарама қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды?
ІІІ. Квадраттың қарама қарсы төбелерін қосқанда неше үшбұрыш пайда болады?
15 мин Оқулықпен жұмыс №
3-мин.
Рефлексия және сабақтың қорытындысы
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Сендерге сабақ ұнадыма?
Қандай қиыншылықтар  болды?
Оқушылар өз ойларын айтады
2 мин Үйге тапсырма:  №112,115