Ашы? саба? бейнелеу ?нерінен ?рт?рлі та?ырыптар?а композициялар салу 2 сынып


КММ Күншалған орта мектебі

Ашық сабақ 2 «А» сынып
Өткізген: Хамитова А.К.
2015 жыл
Өткізілген күні: 03.12.2015.
Сынып: 2 «А»
Пәні: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және анималистік жанр).
Мақсаты: Бейнелеу өнерінің бір түрі – кескіндеме жанрларын бекітеді. Еске сақтап, елестетіп бейнелеуді дамытады.
Ұқыптылыққа, өнерді сүйюге баулу.
Көрнекілігі: иллюстрациялар, әуендер, сөзжұмбақ, презентация, интербелсенді тақта, муляждар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Тренинг «Жағалау».
ІІ. Кіріспе
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстыңдар. Міне, осыларға ортақ атау ол – жанр.
Кәне, балалар, есімізге түсіріп көрейікші бұл жанрларда не бейнеленген екен. Мен сендерге жұмбақ-өлеңдер оқимын, ал сендер жауабын табасындар.
Картинадан көрсең сен
Қарағайлы тау шыңын,
Немесе бұлақ – тау суын,
Немесе жасыл бақшаны,
Нұрланып тұрған аспаны
Немесе көлдің жағасын,
Немесе егіс даласын –
Салынған мұндай суретті
ПЕЙЗАЖ ғой деп қарарсың.
Картинадан көрсең сен
Әжеңнің ожау-тостағын,
Атаңның қара торсығын,
Немесе алмұрт, алманы,
Қасында тұрған – шабдалы,
Жүзімді де табарсың,
Қызығып жақын барарсың –
Салынған мұндай суретті
НАТЮРМОРТ деп қарарсың.
Картинадан көрсең сен
Егер ақын Абайды,
Немесе ұстаз Ыбырайды,
Немесе өз әкеңді,
Немесе өз шешеңді,
Немесе тұрса нағашың,
Өзі екен деп қаларсың.
Салынған мұндай суретті
ПОРТРЕТ қой деп қарарсың.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өте жақсы. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «әртүрлі композицияларға сурет салу». Яғни, біз сіздермен бүгін осы өткен жанрларға сурет саламыз. Бірақ сурет салуды бастамас бұрын, тақтаға назар аударайықшы.
Еріншектер елінен бізге хат келіпті. Сонда тұратын балалар сендерден көмек сұрап жатыр.
«Біздің елімізде үлкен мереке қарсаңында балалар суреттерінен көрме ұйымдастырмақшы еді. Бірақ, суреттеріміздің қандай түрге, жанрға жататынын білмейміз. Көмектесесіңдер ма? Сендерге суреттерімізді жібереміз. Алдын ала алғысымызды білдіреміз».
ІV. Презентация.
V. Сергіту сәті. «Фиксики»
VІ. Практикалық жұмыс.
Оқушыларды апта күндеріне байланысты 2 топқа бөлу.
І топ. «Бояулар» тобы. Пейзаж жанрына сурет салады.
ІІ топ. «Қылқаламдар» тобы. Портрет жанрына сурет салады.
3 оқушыға, дарынды, жеке қиындау құрастырылған натюрморт беріледі. (Әуен ойнатылады. Күй). Балалар сурет салғанда, мұғалім үй жұмысын тексереді.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып жұмыстарын қорғайды. Дарынды оқушылар да өз жұмыстарын бізге ұсынып, біз оқушылармен бірге оларды бағалаймыз.
VІІ.Бекіту.
Сөзжұмбақ.
п е й з а ж
а н и м а л и с т і к
н а т ю р м о р Т
п о р т р е т
Табиғат бейнеленетін жанр?
Жануарлар бейнеленетін жанр?
Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер, т.б. бейнеленетін жанр?
Адам бейнесі бейнеленетін жанр?
VІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен ұнады? Неліктен ұнамады? Қандай қиындықтар болды?
Бағалау. Үйге тапсырма: ұнатқан жанрда сурет салып келу.
Сабаққа белсенді қатынасқандары үшін алғыс білдіру. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.