Сайыс саба? К??ілді старт


Тақырыбы: «Көңілді старт»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.
Спортқа деген сүйспеншілігімізді нығайту.
Ептілікке, шапшаңдыққа жаттығу.
Көрнекі құралдар: 2-доп, асықтар, кеглилер.
Жүргізуші:
Спорт деген таңертең,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы дей тұрып,
Бүгінгі шағын орталықтар арасында ересектер тобы мен өткелі отырған , «Көңілді старт» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазыларымызды атап өтейін:
1. Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары: Тайбурова Құралай Қабдылвахабовна және Мырзабекова Асем Мауткановна
2.Тәрбиеші: Омирбаева Жансая Даулетбековна
3.Медбике: Махаева Айгүл Акановна және Шубарова Шынар Тариховна
Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
Құрайтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға
1. «Алау»тобын шақырамыз.
2. «Жалын» тобын шақырамыз.
Топтар мен таныстырып өтейін:
«Алау» тобы:
Басшысы– Қуанышев Мерей
Ұраны: «Біз-лаулаймыз, жанамыз
Жарыстарда әрқашанда озамыз»
«Жалын»тобы:
Басшысы –Дәуір Жан
Ұраны: «Қиындыққа төтеп берер,
Біз боламыз «Жалын»тобы»
Жарысымыз «4» кезеңнен тұрады.
1. «Кім жылдам»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына текшені алып , жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға текшені береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
2. «Асық ату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топ көп асық ататын болса, сол топ жеңіске жетеді.
3. «Кеглиді доппен құлату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.
Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
4. «Допты жалғастыр»
Ойын шарты: 2 топың балалары әрқайсысы өз топтарының артына бірінің артына бірі тұра қалып допты жоғарыдан
жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай
топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Тайбурова Құралай Қабдылвахаповнаға береміз.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).
Жүргізуші: Осымен шағын орталық ересектер тобының арасында өткен «Көңілді старт» атты жарысымыз аяқталды.
Жарқын,шаттық заман болсын,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.