Ашы? саба? ?ала к?шелері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы Таным
Бөлімі Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы Қала көшелері
Мақсаты Қала жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары туралы түсінік беруді жалғастыру, қаладағы сәулетті үйлер туралы мағлұмат беру;
Ұқыптылық тәрбиелеу;
Танымдылық қызығушылықтарын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Көлік жолдарының макеті, суреттері, қоңырау
Билингвалды компонент Қала– город, көше – улица, саябақ – парк, аялдама-остановка, ғимарат-здание, қоңырау-колокольчик, сәулетті-роскошный.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті + -
Мотивация-
лық қозғаушылық - Балалар, жуырда біздің қаламызда қала күні болады, қазір сол мерекеге үлкен дайындық болып жатыр. Сендер сол дайындықты көргілерін келе ме?
Ендеше жолға шығайық.(қоңырау соғылады). Тәрбиешіні тыңдайды.
Ұйымдастыру-іздестіру Сілкіп тастап, барлық жүгін,
Жасанып тұр қала бүгін
Сәулетіне дәулеті сай
Қос басындай таразының.
- Балалар, бүгін біз қаламыздың көшелері туралы әңгімелесеміз.
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Қалада тұратын адамдарды қалай айтады? Балалар , сендер күнде балабақшаға немен келесіңдер?Автобус қандай жерлермен жүреді?
«Дұрыс жауап бер» дидактикалық ойыны
Балаларға қаланың таныс жерлерінің суреттерін таратып, қай жер екенің сұрайды.
Суретпен жұмыс
Тәрбиеші балалардың назарын суретке аударады. Суретте қала көшесі. Ондағы сәулетті мекемелер мен ғимараттар. Бір бөлігінде адамдардың жаяу жүргіншілердің жолымен жұмыстарына бара жатқан сәттері, басқа жағында көліктер мен жеңіл мәшинелердің жолы бейнеленген.
Сергіту жаттығуы
Ал балалар тұрайық,
Жаттығуды бастайық.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Шығармашылық сәт
Балаларды «Өнер орталығына» алып, барып дайындалып қойылған т.рлі дөңгелектерден бағдаршам жасауды ұсынады. Өлеңді тыңдайды, қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өздеріне таныс жерлерді атайды.
Тәрбиешімен бірге суретті қарап, әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді.
Жаттығуды барлығы бірге орындайды.
Дайын дөңгелектерден бағдаршам жасайды. Рефлексивті -түзетушілік Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады.
- Қалада қандай көшелер бар?
- Қандай сәулетті ғимараттар бар?
Балалардың жауаптарын бағалап, мадақтайды. Сұрақтарға ойланып жауап береді. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Көлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары туралы.
Нені игерді Қаладағы сәулетті үйлер мен ғимараттарды таниды.
Нені білді Қала көшелеріндегі көлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын ажырата алады.