Ашы? саба? Та?ырыбы: ??стар бізді? досымыз
№ 18 орта мектеп
Тақырыбы: « Құстар біздің досымыз»
Баскараева Б
МАД «Ә»
2015-2016 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: 1. Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі ,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
3.Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.
Сөздік жұмыс: қарлығаш,тоқылдақ,балапан,торғай,қараторғай және т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар мен амандасу,түгендеу.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Әрқашан аман болайық,
Құстар әнін сайрасын.
Бейбітшілік болсын.
Нанымыз көп болсын.
Сұрақ-жауап.
Табиғат дегеніміз не?
Ол нешеге бөлінеді?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
Өлі табиғатқа- жер ,су ,топырақ,ауа,күн,жұлдыз жатады.
Тірі табиғатқа-адамдар,ағаштар,бұталар,шөптер,жануарлар,құстар,жәндіктер жатады.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі тақырыбымыз құстар біздің досымыз.
Құстар туралы түсіндіру.
Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп.Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды,өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет –олар ұшады,қанаттары,мамықтары ,бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды,балапан басады.Айырмашылығына келетін болсақ құстардың дене көлемі,пішіні,тұмсығы түсі,дыбыстары ,тіршілік етуі бір-біріне ұқсамайды.Құстар өте пайдалы.Олардың етін,жүнін,мамығын ,жұмыртқасын адамдар керегіне пайдалынады.
С.Көбевтің « Құстар ұясы» деген әңгімесін оқып беру.
Сергіту жаттығуын өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық. Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Әліппе- дәптермен жұмыс.
Құстар туралы мақалдарды оқып мағынасын ашу.
Тырна көлге қонады,
Ара гүлге қонады.
Қыран құс құз қиянын сағалайды,
Болар бала ізгі істі сағалайды.
Жұмбақ шешу.
Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды әні екен
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап ақтаған.
«аққу».
Ал балалар қандай жыл құстарын білесіңдер
Қыстап қалатын құстар:ұзақ қарға,тоқылдақ, сауысқан,сары шымшық,көгершін
Мұғалім: Енді балалар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.
1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? Бүркіт
2.Қандай құс хат тасушы атанған? Көгершін
3.Қандай құста мүлде ұя болмайды? Көкек
«Бұл қандай құс?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: ерекшеліктеріне қарай құстарды сипаттап айтуға үйрету және ажырата біліу
Мысалы: Аққу мойыны ұзын қауырсындары аппақ немесе қара құс .Ол өте әдемі құс суда жүзеді.
Қорытынды: Балаларға сұрақтар қойылады. Құстар немен қоректенеді?
Бағалау.
Мадақтау.