Разработка по начальном классу Ба?даршам-бізді? досымыз 4-класс
Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Барысы: І Кіріспе
1 - жүргізушіАрманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!2 – жүргізушіЖалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға Сабағымыз басталсын сәлемменен!ІІ Негізгі бөлім 1 - жүргізуші Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол - көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.2 - жүргізушіЖолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.1 - жүргізуші Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.2 - жүргізушіМіне, осы мақсатта біздің сыныбымызда «Жол жүру ережесін білу — бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағаты өткізуде. Ендеше, қош келдіңіздер!1 - жүргізуші:- Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық. Жол инспекторы:Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.2 - жүргізушіҚош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі тәрбие сағаты бәріміз үшін маңызды.1 - жүргізуші - Бүгін 1 «Г» сынып оқушылары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.2 - жүргізуші«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!1 - жүргізушіБүгінгі бағдарламада:1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.2 - жүргізуші2. Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі.1 - жүргізуші3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.2 - жүргізуші4. Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады.1 - жүргізуші5. Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.2 - жүргізуші1 - сайысымызды бастайық.1 - жүргізуші Ал сайысымызды бастамақ бұрын, жол инспекторы, әр дұрыс жауапқа 1 фишка-дан беріп бағалауға көмектесіңіз. Жол инспекторы: Әрине, көмектесемін. Мен ол фишкаларды қонақтар алдындағы әр топ қорапшасына салып тұрамын. Сайыс соңында қорытындысын қонақтардың хабар - лауын сұраймыз. Іске сәт!1 - жүргізуші 1 - сайыс: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді. «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға.«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқандаҚарап қалма аспанға.«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,Жүре бергін, жасқанба!2 - жүргізуші 2 - сайысымызда Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр