Даярлы? тобына Сауат ашудан саба? жоспары. Та?ырыбы: Ё дыбысы мен ?рпі. (Даярлы? топ)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ё дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қостілді құрам: шырша-елка, шахтер- шахтер, кірпі-ежик.
Негізгі іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Дидактикалық
Материалдар
Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті.
Сөзжұмбақ шешу.
Дәптермен жұмыс.
Дидактикалық ойын.
Қысы-жазы бір түсте.
Ол не? (ШЫРША)
-Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
-Елка.
Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
Е-дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған, Й+О=Ё, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.-Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?
Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу.
Биік болып өсеміз,
Елкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп, билеп аламыз.
«Шахтер» сөзжұмбағын шешу.
1.Киіз үйдің сүйегі (шаңырақ).
2.Қыздардың мойынға тағатын әшекей бұйымы (алқа).
3.Қағазға жазылатын ақпараттық құрал (хат).
4.Күн жылы кезде киетін ұлттық бас киім (тақия).
5.Шырша сөзінің орысшасы (елка).
6.Сөйлейтін ақпараттық құрал (радио).
Шахтер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы е дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне е дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Тәрбиеші е дыбысын ауада жазып көрсетеді, содан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша е дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
«Мен бастаймын, сен аяқта» ойынының шарты: тәрбиеші «Шахтер» дейді. Балалар: «Шахтер көмір қазады», «Шахтер темір қалпақ киеді»,-деп жауап қайтарады. Солай ойын жалғаса береді.
Елканың суретін бояуды ұсынады.
кеспе әріптер
монтер,
елка,
шахтер суреттері,
әртүрлі текшелер.
Әліппе дәптер
Е дыбысымен танысады.
Қимылмен көрсетеді.
Сөзжұмбақ шешеді.
Тапсырмаларды орындайды.
Ойын ойнайды.
Суретті бояйды.
Рефлексивті түзету
-Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Е дыбысы қандай дыбыс?
-Қандай текшемен белгіледік?
-Яғни е дыбысы қандай дыбыс екен?
Өз ойларын, түсінгендерін айтады
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: Е дыбысы дауысты дыбыс екенін
Қолданады: Ф,Е дыбысына сөздер айтуды
Түсінеді: дыбыс,буын туралы