Сілтеу есімдігі, С?рау есімдігі (6 сынып)
Сынып: 6 «Ә» Пәні: қазақ тілі Күні:
Тақырыбы: Сілтеу есімдігі
Сабақтың мақсаты: білімділік- сілтеу есімдігінің білдіретін мағынасы, жұмсалу реті, жіктеу есімдігінен айырмашылығы, атқаратын қызметі туралы түсінік беру;
дамытушылық-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын кеңейту, білімін пысықтау;
тәрбиелік- грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын ояту.
Көрнекілігі: тақта, кестелер мен сызбалар, ұлттық бұйымдар суретінің көрнісі.
Пәнаралық байланыс: әдибиет. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру бәйге түрінде сұрақ-жауап әдісі арқылы болады .1.Есмдік ненің орнына жұмсалады? 2. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? 3. Есімдіктерді басқаша қалай атауға болады? 4. Жіктеу есімдігінің неше жағы бар? 5. Есімдер деп нені атаймыз? 6. Белгілі бір заттың ұғымымен байланысты қолданылатын есімдік түрі қалай аталады? 7. Есімдіктер қалай түрленеді? 8. «Сіз» есімділігі қандай мағынада жұмсалады? 9. «Біз» есімдігіне көптік жалғау, одаң соң ілік септігін тірке.
Сен білесің бе? (Өлеңді оқып, жіктеу есімдіктері табамыз. Жұмбақты шешіп, талдау жасаимыз).
Менің ұлым-сенікі, Менсіз таңы атпаған,
Сенің ұлың-менікі, Мен деп тыным таппаған.
Ер туған ұл-сенікі, Жүрсем оның жанында,
Бақытты біздің жердікі. Күлімдеймін, шаттанам.
(Жамбыл). (Фариза Оңғарсынова).
Келелі байтақ кең дала, Екі достың бірі ыңғайлы,
Кең дала саған мен-бала... Біреуінің ебі жоқ.
Бақытты елге мен-бала, Екеуін де бірдей көрем,
Бақытты елге сен-ана. Маған артық- кемі жоқ.
(Асқар Тоқмағамбетов)
Жаңа сабақ туралы түсінік беру.
Сипаты: Мегзеу, нұсқау, көрсету мағынасын білдіреді; қай деген сұраққа жауап береді; сөйлемде көбіне анықтауыш қызметін атқарады.
Сілтеу есімдігі
Жақынды нұсқайды: Алысты мегзейді:
Бұл, осы, мына, мынау, міне. Ол, сол, ана, анау, әне,сонау.
Сілтеу есімдігі сын есім орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады. Сілтеу есімдігі сөйлемде барлық сөйлем мүшесі бола алады.
Бұлар-біздің таныстарымыз. Осыған көңіл бөлу керек. Осының ақылын тыңдаған жөн. Осылай боларын білдім. Оның інісі-осы.
Сілтеу есімдігінің түрленуі туралы білім береміз.
Сілтеу есімдіктері сындық (атрибутивтік) мағынада (бұл, сол, қай) заттық (субстантивті) мағынада (мен, сен, кім, не) көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Сілтеу есімдіктеріне – дай, - дей жұрнақтары жалғану арқылы туынды түлға жасалады: мына-дай, сон-дай, ана-дай.
Оқулықпен жұмыс (оқушылар кітаптан өз бетімен оқып шығады).
Кім шапшаң? (Екі топ кезектесе сөздерді септеп сайысады).
Бұл, осы, мына. Ол, сол, ана.
Біз тәуелдеуді білеміз бе?
Бұл Ол
Ойлан, тап! (Оқушылар өлеңдерді оқып, есімдіктерді табады және өлең қайдан алынғандығын, авторы кім екендігін айтады).
Қайрат пен ақыл жол табар Одан соң Ышбар Ямтардың,
Қашқанға да қуғанға. Торы атын мініп заулады.
Әділет, шапқат кімде бар, Одан соң Иегін Сілікбектің
Сол жарасар туғанға. Кер атын мініп заулады.
(Әсемпаз болма әрнеге. Абай). («Күлтегін» тарихи шығармасы).
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты
Серт етеп өз-өзіме еткем егес.
(«Шығамын тірі болсам адам болып». Сұлтанмахмұт).
Соның даусы көп дауыс,
Көптен шықан бұл хабар.
Көңілің ауып, шырағым,
Бұған болма ынтызар.
(«Қобыланды батыр» жыры. «Естеміспен кездескенде»).
Сөздік картамен жұмыс (Оқушылар сөздік картадағы берілген тапсырмаларды орындайды).
Шығармашылық жұмыс. (Есімдікті пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастыру).
Бекіту (Оқушылар өздері бірін-бірі тексереді).
Сұрақтары Жауабы
1. Есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жұмсалады ма?
2. Есімдіктер мағынасына қарай 5-ке бөлінеді ме?
3. Ол жіктеу есімдігі кім, не сұрақтарына жаупа береді ме?
4. Ол, сол, ана, анау, әне, сонау есімдіктері жақын мәнді білдіреді.
5. Осыдан есімдігі шығыс септікте тұр.
6. Бұл, сол, ол, жіктеу есімдіктері сияқты септеледі ме
7. Бұларың есімдігі тәуелдеудің II жақ көпше түрінде тұр.
8. Сілтеу сын есімнің орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады.
9. Есім сөздер деп зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді атайды.
Сынып: 6 «Ә» Пәні: қазақ тілі Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдігіМақсаты:Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сұрау есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Сұрау есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуін үйрету.Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, тірек - сызбалар.Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау:- Есімдік дегеніміз не?- Оның қандай түрлері бар?- Мысалдар келтіру.Жаңа сабақ:Сұрау есімдігінің түрленуіӘр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді.Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету.Мысалы: I жақ менің кімім?II жақ сенің кімің?Сіздің кіміңіз?III жақ оның кімі?Бұл тәуелдену үлгісіI жақ мен кіммін?II жақ сен кімсің?Сіз кімсіз?III жақ ол кім?Бұл жіктелу үлгісіАтау: кім?Ілік: кімнің?Барыс: кімге?Табыс: кімді?Жатыс: кімде?Шығыс: кімнен?Көмектес: кіммен?Бұл септелу үлгісіСұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Cебебі I және II жақ, яғни айтушы(мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:Тәуелдіктің жақтары ------ Кім? ------------ Нешеу? ------------ қайсы?І менің ------------------------- Кімім? ------------ Нешеуім? ------------ қайсым?ІІ сенің ------------------------- Кімің? ------------ Нешеуің? ------------ қайсың?сіздің ------------------------- Кіміңіз? ------------ Нешеуіңіз? ------------ қайсыңыз?ІІІ оның ------------------------- Кімі? ------------ Нешеуі? ------------ қайсысы?Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі:Септік ------ Кім?--------------- Нешеу?------------ қайсы?А. ----------- Кім? ------------- Нешеу? ------------ қайсы?І. ----------- Кімнің? ----------- Нешеудің? ------- қайсының?Б. ----------- Кімге? ------------ Нешеуге? -------- қайсыған?Т. ----------- Кімді? ------------ Нешеуді? -------- қайсыны?Ж. ----------- Кімде? ---------- Нешеуде? ------- қайсыда?Ш. ----------- Кімнен? -------- Нешеуден? ------ қайсыдан?К. ----------- Кіммен? -------- Нешеумен? қайсымен?Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған барлық сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады.Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.Оқулықпен жұмыс:100 - жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударыңыздар. Тақтаға теріп жазу.- Ойбай, балаларды әкеткелі жатыр.- Солдат қаптап кетіпті.- Қайда бұл, түге, осы елдің еркегі?- Жүр, не тұрыс бар? Көріп алайық, көрейік!- Қайда осының болысы, старшыны қайда, түге?!- Осы ер - азамат қайда? Атына неге мінбейді?Бұл жерде сұрау есімдіктері: қайда, неге,...101 - жаттығу. Жаңылтпаштарды айтып үйреніңіздер. Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіздер.Үш кіші ішік піштім,Бес кіші ішік піштім,Неше кіші ішік піштім?!* * *Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз?Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?* * *Менің нем кем деп ең,Бер үйді ең кең деген?Бер үйді ең кең деген,Менің нем кем деп ең?!Балаларға жаңылтпашты жатқа айтқызып, ішіндегі сұрау есімдіктерін тапқызу.Неше, нем,...Сергіту сәті:Сөздер мен сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығына қимылдар жасату. Егер қате болса аяқтарды жай ғана топылдатып, егер дұрыс болса, жай ғана шапалақтаумен білдіру. Айтылған сөздер мен сөйлемдер әрі көңіл көтеріп, әрі тәрбиелеуге арналған.- Біз бүгін ашық сабақ өтіп жатырмыз!- Біз бүгін жіктеу есімдігін өтіп жатырмыз!- Біз сабақты қызыға тыңдап отырмыз!- «Ғылым таппай мақтанба» Сәкеннің өлеңі.- «Абай жолы»романын Мұхтар Әуезов жазды.- Саяхат жасауға дайынбыз ба?Олай болса, балалар біз қай қалада тұрамыз? Барлығымыз да басқа қалаларға қыдырғанды ұнатамыз ғой. Ендеше, бізге көптеген мүмкіндіктер бар. Егер де біз Мына сұрақтарға жауап берер болсақ, біз Қазақстанның қалаларына саяхат жасай алады екенбіз.1 - сұрақ. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мақал - мәтелді толықтыр.... ексең,... орасың.(не - сұрау есімдігі, соны - сілтеу есімдігі)Шымкент қаласына жеттік.2 - сұрақ.Нешінші? деген сұрау есімдігін жіктеп және тәуелдеп жаз.Мен нешіншімін?Сен нешіншісің?Сіз нешіншісіз?Ол нешінші?Менің нешіншім?Сенің нешіншің?Сіздің нешіншіңіз?Оның нешіншісі?Алматы қаласына да келіп жеттік.Астана қаласына жету үшін бізге «Есімдік» деген сөзжұмбақ беріліпті.1. Заттың қимылын, іс - әрекетін, жай - күйін білдіретін сөз табы. (етістік)2. Қимыл, іс әрекеттің әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы. (үстеу)3. Заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. (сан есім)4. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. (зат есім)5. Толық мағынасы жоқ, тек адамның көңіл - күйін білдіретін сөз табы.(одағай)6. Заттың түрін, түсін, сынын білдіретін сөз табы.(сын есім)7. Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.(еліктеуіш)Балалар, осы жерде нені байқадыңдар? Бірыңғай сөз таптарынан жасалған сөзжұмбақты байқап отырмыз. Бұл жерде тек бір ғана сөз табы жетпейді, ол қандай сөз табы? Шылау деген сөз табы.Сабақты бекіту
ҚорытындылауБағалау.Үйге тапсырма: 102, 103 - жаттығулар.
Сынып: 6 «Ә» Пәні: қазақ тілі Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өздік, жалпылау есімдіктері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға есімдік, оның түрлері, өздік және жалпылауесімдіктері жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі.
Журнал бойынша түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта «Өздік, жалпылау есімдіктері» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Өздік есімдігі.
Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың өзі, т.б. Өздік есімдігі түбір түлғада зат есімді анықтап түрады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, т.б.
Жалпылау есімдгі.
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс
деген сөздер жатады. Мысалы: бар ойы—өлең айтып, ән салайық, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 198-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. өздерің қалаған үш мақалдың мәнін ашып айтыңдар. өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.
Келесі тапсырма: 199-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді оқып, өздік есімдігінің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағыналық ерекшелігін айтыңдар. Қосымшалардың түрлерін анықтандар.
Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 200-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.
Жаңа материалды бекіту. Логикалық диктант
Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)
Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і -тәу. жал. III жағы, -сіз — жік. жал. II жағы(сыпайы түрі), -дер -көп. жал.)
Өзіңмен қай септікте түр? (көмектес септікте)
«Өз үйім — өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметінатқарып тұр? (анықтауыш)
Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.
Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 201-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызыңдар. Оның қай сөзбентіркесетінін айтыңдар.
Бағалау
Үйге тапсырма: Өздік және жалпылау есімдгі бар мәтін құрау