Саба?ты? та?ырыбы: Сілтеу есімдігі (6сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні:.26.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
1. Сілтеу есімдігі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 163-жаттығу. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сызыңдар.
Сұрақтар.
1.Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір?
2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір ? бір сөзді жіктеу
ІІІ.Жаңа тақырып. Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері нәрсені, құбылысты, оқиғаны нұсқау, меңзеу, сілтеу сияқты мағынаны білдіреді. Сілтеу есімдіктері мыналар: бұл (бұ), осы, осынау, сонау, (сона), ол (әрі жіктеу, әрі сілтеу есімдігі) сол, мына, мынау, (мына), анау (ана) әне, әнеки, міне, мінеки.
Қай? Қайсы? Деген сұрауларға жауап береді.
Енді бәрілген есімдіктердің мағынасына қарап, кестені толтырыңдар. Бұл, сол, осы, сонау, мына, анау, мынау, мәне, әне
Жақындықты білдіреді Алыстықты білдіреді.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
165-жаттығу. Есімдіктерді теріп жазыңдар.
166-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді талдаңдар.
167-жаттығу. Мәтінге морфологиялық талдау жасаңдар, есімдіктерді мағыналық түріне ажыратыңдар.
V.Сабақты бекіту
Сілтеу есімдіктері ?






Сұрақ-жауап:
1.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? (ережесі)
2.Сілтеу есімдіктерін ата?
3.Бір сөзді жіктеу,септеу,
VІ.Үйге жұмыс.
168-жаттығу. Сілтеу есімдіктерін пайдалана отырып, «Жолаушыға жөн айта біл» тақырыбында диолог құраңдар.