Презентация Жай б?лшектерге амалдар ?олдану ?орытындылау саба?ы


5-СЫНЫП.МАТЕМАТИКА «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытындылау сабағы М.Маметова атындағы ОМматематика пәнінің мұғалімі:Оразбаева Айгерим Боранбаевна Сабақтың ұраны: «Мақсаты бірдің-рухы бір»Сабақтың мақсаты:Білімділік: «Оқушылардың жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруге ықпал ету.Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру.Тәрбиелік: Оқушыларды логикалық ойлауға, байқампаздыққа, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың міндеті:Математикалық диктант жазу;«Күн сәулесі» ойыны арқылы ауызша есептеулер жүргізу;«Тау шаңғысы» ойыны арқылы жай бөлшектерге амалдар қолдану.Семантикалық картамен жұмыс. 2011 жылы Қазақстанда қандай елеулі оқиғалар өтіп жатыр? 7-ші қысқы Азия ойындары 7-ші қысқы Азия ойындарының бойтұмары не? Қ а р б а р ы с ы Математикалық диктант Дұрыс жауабы 7-ші қысқы Азиада ойындарының эмблемасы «Күн сәулесі» ойыны Қазақстан қысқы Азия ойындарына алғаш рет қашан қатысты? 1996 жылы Еліміздің туы ағаш рет Қытайда өткен 3-ші қысқы Азия ойындарында желбіреді. Бұл қала әлемге «Шығыстың мұз қаласы» деген атпен белгілі. “Тау шаңғысы” ойыны Жай бөлшектер туралы толық мәліметті арифметика кітаптарына енгізген кім?Бөлшек сызығының үстіндегі сан.1 бүтіннің ј бөлігі қалай аталады?Алым, бөлім атауларын енгізген 13 ғасырдағы грек математигі.алымы 1-ге тең бөлшек не деп аталады?Тең бөліктер қалай аталады?Бөлшек сөзін енгізген италия ғалымы?5 сынып математика оқулығының авторы.Ерекше торкөзден Олимпиада ойындарының штаб пәтері орналасқан қаланың атын оқуға болады. Үйге тапсырма 1. Қытайда өткен VI қысқы Азия ойындарында Қазақстан 18 алқа иеленді. Оның бөлігі алтын, бөлігі күміс, қалғаны қола медаль. Қазақстан неше алтын, неше күміс, неше қола медаль иеленді?2. 7-ші қысқы Азиадамен байланыстырып, санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға арналған есептер құрастырып, соны шығарып келу. Бағалау «5» бағасы – 6 –дан көп жетонға қойылады. «3» бағасы – 1-2 жетонға «4» бағасы – 3-5 жетонға Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!