Онды? б?лшекті натурал сан?а б?лу
Сыныбы: 5 сынып
Тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін айта білуге үйрету және оны есептеуде пайдалана білуге дағдыландыру, ондық бөлшекті разряд бірліктеріне бөле білуге үйрету.
Дамытушылық: практикада білімдерін нақты қолдана білу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдай отырып шығармашылық қабілеттерін, білім мен білік дағдыларын шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды еркін ойын жеткізе білу мәдениетіне, жұмыстың орындалу деңгейі мен сапасына орай жауапкершілікке, тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Түрі: Дәстүрлі емес сабақ (Дидактикалық ойын)
Көрнекілігі: түрлі түсті жетондар,интерактивті тақта.
Сабақтың жүру жоспары:
І. Үйымдастыру: Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен, жүру барысымен таныстыру.
ІІ. Білімді жинақтау. Ауызша анықтамаларға шолу, сабақ алдында қыздыру.
ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырып, жаңа білімді бекіту,қызғылықты оқиғалар топтамасы, деңгейлік тапсырмалар
ІУ. Сабақты қорытындылау, әр оқушының өз еңбегін бағалауы.
У. Үй жұмысы. Денгейлік тапсырмалар.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру, оқушыларды сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу
Жолға дайындық тапырмалары.
а)Қатарды жалғастыр
1) 1,2 ; 1,8; 2,4; 3;…..
2)9,6; 8,9; 8,2;7,5;…..
ә)Жаңғалақтың жеделхаты
1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аударып, натурал сандарды көбейтуді орындаймыз. 2)көбейткіштердің біреуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде ескермей цифрды үтірмен ажырату қажет
2. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001;... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше бір болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
3. Белгісіз көбейткішті табу үшін бөліндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз.
4. Белгісіз бөлгішті табу үшін көбейткіштің мәнін бөліндінің мәніне бөлеміз
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім тақтаға бормен жаза отырып мысалдардың шығарылуын көрсетеді, тақырып түсіндіріліп болған сәтте, оқушылар, тақырып бойынша ережелерді тұжырымдайды.
талдау жасалған мысал бойынша оқушыларға өз еріктерімен жаңа тақырып бойынша ереже құрауға мүмкіндік жасау. Ой түйін ережелерін дәптер бетіне түсіртіп, 2-3 оқушыға оқыту.
Кітапта келтірілген мысалдарды тақтада оқушылармен бірлесе отырып талдап шығару.
Жаңа тақырып бойынша ережелерді пысықтау, жинақтау, бекіту.
а) «Кім шапшаң?» ойыны.
ә) Айдаһар тапсырмалары.( кітаппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар топтамасы)
б) Интерактивті тақтамен жұмыс. ( шапшаңдыққа берілген есептер топтамасы)
в) Тест жұмысы(жасырын сөзді табу)
г) Логикалық ертегі есеп
Ү.Бағалау, қорытындылау
Рефлексия
Жолда бір ақсақал келе жатады. Оған қарсы құрылысқа қажет тасты тасып жүрген 3 адам кездеседі. Сонда ақсақал олардың әрқайсысынан «Күніңді қалай өткіздің ?» деп сұрайды. Алғашқы адам, текке өткізгенін айтады, екіншісі жауапкершілікпен өткізгенін, үшіншісі өзгеге де, өзіне де пайдалы әрі керемет өткізгендігін айтады.
Сұрақ оқушыларға: «Сіз осы жолаушылардың қайсысы боласыз?»
ҮІ. Үйге тапсырма:
№1112(3;4)
№1124(4-9)
№1137(3-6)
ҮІІ. Ондық бөлшектер тарихына шолу.