Онды? б?лшекті натурал сан?а к?бейту
Сабақ №
Күні:
Сынып: 5 «а,ә»
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ұғымымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №1308
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;
Шыққан көбейтіндіде оң жақтан ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, сонша цифрды үтірмен айыру керек.
Мысалы: 25,85 * 7 = 180,95
ІV. Есептер шығару
№1334 ауызша
№1335, 1336 мұғалім көмегімен шығару
№ 1337 өздігінен шығау
№ 1335 № 1336 №1337
6,3*7=44.1 0.103*10=1.03 1,5*20=30
8.35*3=25.05 13.7*10=137 0.7*40=28
9.6*8=76.8 6.5*10=65 3.6*70=252
4.5*12=54 7.549*100=754.9 0.06*30=1.8
8.31*14=116.34 2.15*100=215 0.33*40=13.2
9.5*11=104.5 8.071*100=807.1 0.651*50=32.55
9.03*17=119.51 V. Сабақты бекіту кезеңі:
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.
3. Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, көбейтіндідегі үтірді қалай қоямыз?
VІ.Бағалау.
Үйге тапсырма: №1338