Онды? б?лшекті натурал сан?а к?бейту
5- сыныпСабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ондық бөлшектінатурал санға көбейту алгоритмін айта білуге және оны есептер шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру, ондық бөлшектерді дұрыс оқуға үйрету.
дамытушылық: оқушыларды жоғары деңгейге жетуге ұмтылдыру, ойлау, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: ұйымшылдыққа,өз бетімен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың дидактикалыққамсыздандырылуы:
интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.
Сабақтың барысы:оқушыларменамандасу,балалардың түгелдігін тексеру,оқушылардан үй тапсырмасын сұрау;
Қайталау сұрақтары:
1.Бүтін,бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады.
Осы санның кім біледі,
Аты қандай болады?
2.Қандай сандар ондық бөлшектер деп аталады?
3.320 жай бөлшегін ондық бөлшекпен қалай жазамыз?
4.Мынаондық бөлшектерді оқыңдар:13,01;2,521;4,0248;19,47715;0,7.
5.Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
6.Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
1)үтірге назар аудармай,натурал сандарды көбейтуді орындау керек;
2)ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан нәтижеде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.
Мысалы, × 3,993
-------- 0,0013
+ 7986x 5
27951 ------------
---------- 0,0065
287,496
№771
0,3⋅3= 4) 0,22⋅3= 7) 0,111⋅5=
0,4⋅2= 5) 0,11⋅7= 8) 0,121⋅4=
0,12⋅4= 6) 0,02⋅4=
Сыныпта №772-776 есептерді орындау
Қызықты математикалық тапсырмалар:
1.Кеше Айнұрдың туған күні болды.Ертең сенбі болады.Айнұрдың туған күні аптаның қай күні болды ?
2.Мараттың үйінде әкесі,анасы,ағасы және құсы мен төрт алтын балығы бар.Осы үйдегі тұрғындардың аяғының саны қанша?
3.1кг тас ауыр ма?1кг мақта ауыр ма?
4.Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар.Отбасында барлығы неше бала бар?
5.Бөлмеде 7 майшам жанып тұр.Сен жаныңдағы біреуін өшірдің,қаншасы қалды?
о н д ы қ б ө л ш е к 1.Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары қандай таңбалар деп аталады?
2.Нәрселерді санауда қолданылатын сандар
3.Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік
4.Бөлшектің алымын да,бөлімін де олардың нөлден өзге ортақ бөлгішіне бөлу амалы қалай аталады?
5.Сандар бөлгіштерінің санына қарай жай және қандай сандар болып бөлінеді?
6.Бүтін санның ең кіші разряд бірлігі
7.Жазықтықтың шеңбер ішіндегі бөлігі
8.Арифметикалық амал
9.Жай...,ондық...
10.Ең кіші жай сан
11.Салыстыру белгісі.
Сабақты бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма:№1034.