Онды? б?лшекті натурал сан?а к?бейту, 5 сынып, саба? жоспары


Күні: 01.03.2017ж
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Ижазова Ж.Ш.
Сыныбы: 5«Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін үйрету және оны есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру
Дамытушылық – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік – пәнге қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылыққа, ой еңбегіне тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту алгоритмін біледі,
есеп шығару барысында ондық бөлшектерді натурал санға көбейте алады.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа
дайындығын тексеру.
II. Өткен сабақты қайталау:
Ондық бөлшек  дегеніміз не?
Бөлімі 10, 100,1000 бөлшектер қалай  жазылады?
Санның   ондық бөлшекпен  жазылуында үтір қайда  қойылады?
Ондық бөлшектерді қалай қосады?
Ондық бөлшектерді қалай азайтады?
Ондық бөлшектерді қосуда  қосудың қандай   қасиеттер орындалады?
III. Өткен тақырыпты пысықтау.Тақтадан есеп көрсетіледі.Әр топтан 3 оқушыдан тұрып, көбейтіндідегі үтірдің орнын анықтау керек.
1-топ 2-топ 3-топ
1,83 × 10=1 8, 3; 1,51 × 10= 1 5, 1; 0,103 × 10=1 0, 3
12,085 × 100=1 2 0 8, 5; 91,065 × 100=9 1 0 6, 5; 2,758 × 100=2 7 5, 8
7,5492 × 1000=7 5 4 9, 2; 2,1561 × 1000=2 1 5 6, 1; 63,0457 × 1000=63045,7
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Есеп. 1 см3 темірдің массасы 7,9 г. 4 см3 темірдің массасы қанша? Есепті үш тәсілмен шығарыңдар.
1-тәсіл. 7,9+7,9+7,9+7,9꞊31,6
2-тәсіл. 7,9=79107910∙4=7910∙4=31610=31,63-тәсіл. 79∙4꞊316
V. Жаңа сабақты меңгеру
Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қосылғыштардың әрқайсысы
осы ондық бөлшекке тең,ал олардың саны натурал санға тең қосынды ретінде қарастыруға болады.
1-мысал. а) 4,23∙5꞊4,23+4,23+4,23+4,23+4,23꞊21,15
б) 4,23∙5=423100∙5=423∙5100=2115100=21,15; 4,23∙5꞊21,15
2 цифр 2 цифр
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;
ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейткендіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
2-мысал. 25,85∙7꞊180,95
8,9∙6꞊53,4
0,009∙7꞊0,063
Ауыстырымдылық қасиеті: 2,81∙3꞊2,81
Терімділік қасиеті: (3∙2,5)∙4꞊3∙(2,5∙4)
Үлестірімділік қасиеті: (6,3+2)∙5꞊6,3∙5+2∙5
YI. Жаңа сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс.
№1334 есеп (ауызша)
№1335 есеп.
1) 6,3·7=44,1 С 2) 8,35·3=25,05 А 3) 9,6·8=76,8 Ғ
4) 4,5·12=54 Ы 5) 8,31·14=116,34 Ғ 6) 9,5·11=104,5 Т
7) 9,03·17=153,51 У 8) 9,04·15=135,6 А 9) 2,15·12=25,8 Л
Бұл есепті оқушы жеке орындайды. Әр есепке әріп сәйкес келу керек.Сол әріпті қосқанда 1-наурыз "Алғыс айту" күні шығады. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.
№1336 есеп.Топпен жұмыс
1-топ: 2-топ 3-топ
1) 0,5∙45=22,5; 2) 0,4∙40=16; 3) 0,2∙9=1,8 ;
4) 0,8∙5=4; 5) 0,7∙3=2,1; 6) 0,3∙25=12,5;
7) (1,7+2)∙4=14,8; 8) (5,3+1,4)∙3=20,1; 9) (6,15+3,5)∙5=48,25
№1337
Дыбыстың аудағы жылдамдығы- 332,5 м/с
Уақыты-4 с
Табу керек: Шуы естілген кезде ұшақ қандай қашықтықта болады?
Шешуі: 332,5∙4=1330км
Жауабы: Шуы естілген кезде ұшақ 1330км қашықтықта болады.
VI. Сабақты қорытындылау.Ондық бөлшектердегі үтірдің пайда болуы
15 ғасырда Самарханд қаласында тұрған математик және астролог Масуд Аль-Каши «Арифметика кілті»(1427 жылы) атты еңбегінде ондық бөлшектерге аламдар қолдану туралы жазады.Ол еңбекте ондық бөлшек сандарды қызыл сиямен немесе таяқшалар арқылы бөліп отырған.Мысалы: 8,6 санын 86 немесе 8 / 6.
Үтір қоюды 17 ғасырда орыс ғалымы Леонти Филиппович Магницкий ойлап тапты.
VII. Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін кемені бояу арқылы білдіреді.
VIII. Үйге тапсырма: №1338, №1342
IX. Бағалау.