Математикадан саба? жоспары К?бейтуге берілген бір амалмен шы?арылатын есептер


№ 6. Тақырыбы: Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Мақсаты: Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептің жаңа түрімен және оның шығарылуымен таныстыру; қосуды көбейтумен, көбейтуді қосумен алмастыра білуге үйрету; салыстыру, талдау біліктігін дамыту.
Көрнекілігі: сызба геометриялық фигуралар. Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық . Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ? 2. Ауызша жаттығулар.
а) Мен көбейту белгісімін,
Қосуды оңайлату үшін
Ең алдымен бар балаға
Санап шығуды ұсынамын.
Екілікпен санаңдар, әуелі 0-ден 20-ға дейін және керісінше.
Үштіктермен санаңдар, 0-ден 30-ға дейін және кері.
ә) - Жұбын тап, меңзермен біріктір.
4 ∙ 4
7 ∙ 4
2 +2
2 ∙ 2

7 +7 +7 +7
3 ∙ 3
4 ∙ 2
3 + 3 + 3

б) Мысалдар тізбегін шешу.
24 ∙ 2
48 +48
∙6 + 6 + 6
4 ∙ 2
2 + 2


ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №1 есепті шығару.
- Балалар, мына есептің шығарудың нұсқасын өздерің ойланып табыңдар, шешімін түсін
діріңдер.
?
Шешуі: а ) 12 + 12 + 12 + 12 + 12 + 12 + 12 = 84
12 ∙ 7 = 84
Жауабы: 7 үйде 84 пәтер бар.
12
7



ә ) Есеп шешуінің жазылуын қалай дұрыс оқу керек:
12-ден 7 рет алу керек;
12-ні 7 ретке көбейту керек;
12 –ні 7-ге көбейту керек?
ҮІ. Сергіту сәті.
Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)
Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)
Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)
Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,
Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз.
(қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)
ҮІІ .Түсінгендерін тексеру:
№ 2 есептішығару.
?
Шешуі: 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 =
6 ∙ 8 = 48
6
8
Жауабы: барлығы 48 жапырақ жинады.
№ 2 (2)
7 ойыншық – 2 емен жаңғағынан шешуі: 7 ∙ 2 = 14 немесе 2+2+2+2+2+2+2= 14
Барлығы - ? жаңғақ жауабы: барлығы 14 емен жаңғағын пайдаланды.
Оқулықпен жұмыс. № 3, № 4, №7.
Жұптасып жұмыс істеу. № 6. Кестені толтыру.
а 30 150 360 280 690 900
а + 10 40 160 370 290 700 910
а - 10 20 140 350 270 680 890
Қосымша тапсырмалар.
а) № 7 тексеріп, қатесін тап:
8 ∙ 7 > 8 ∙ 6 2 ∙ 44 > 2 ∙ 45 4 ∙ 10 > 3 ∙ 10
9 ∙ 4 < 9 ∙ 5 8 ∙ 3 < 8 ∙ 7 3 ∙ 5 < 3 ∙ 4
ә) Бесбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары а сантиметрге тең. Оның периметрін өрнек түрінде жаз. а = 5, оның мәнін тап.
Р = 5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 25(см) немесе Р = 5 ∙ 5 = 25 (см)
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?
Нені үйрендіңдер?
Шығармашылық жұмыс. № 9 Жауабы: 1) болады; 2) болмайды; 3) болмайды.
Үйге тапрсыма: № 5, 10; 12 бет. Бағалау