Ашы? саба? ?осу, азайту ж?не салыстыру амалдарына есептеу ?айталау саба?ы


Сабақтың тақырыбы: «Қайталау»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қосу азайту салыстыру амалдарына есептеу тәсілдерін қайталау пысықтау екі бір амалмен шығарлатын өз ара кері есептер құрау шығару.
Ойлау есте сақтау іздену шапшаңдық қабілеттерін дамыту оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау ұйымшылдыққа бірлікке тәрбиелеу
Көрнекілік: қиылған сандар, пішіндер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршанызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Оқушылар сабаққа бейімделеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Үй тапсырмасын тексеру бағалау
Жаңа сабақ қайталау сабағы
Санамақ айту.
Бір дегенім- бірлік
Екі дегенім- еңбек
Үш дегенім – үміт
Төр дегенім – талап
Бес дегенім – білім
Білім жарық күнім.
Балалар біз бүгін қосу, азайту, салыстыру амалына, есептер шығарып жанағы айтылған санамақтағы бес дегенім білім деп айтылды. Сол себептен біз бүгін тек бес деген баға алайық.
1 тапсырма. 20-ға дейін санайық кері санайық
1.2.3.4.5.6.7.8.9.10.11.12.13.14.15.16.17.18.19.20.
20.19.18.17.16.15.14.13.12.11.10.9.8.7.6.5.4.3.2.1.
2 тапсырма. Екі таңбалы сандарды атау
10.11.12.13.14.15.16.17.18.19.20.
3 тапсырма. Толық ондықтарды атау 10. 20.
4 тапсырма. Ауызша қосу, азайту амалына есеп айту, шығару
6 + 6 , 6 + 8 10-5 11-2
7 + 8, 5 +6 10 -6 11-10
5 тапсырма. Сандар кұрамын қайталау

8 9 7 10 12
6 тапсырма. Кім тапқыр ? Азайту амалына өрнек құр және оның мәнін тап
Сергіту сәті
Қоян отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қаптау масқара
Салыстыру амалына есеп шығару
8 12 15 19 19
9 18 13 20 10
Санамақ айту
Салтанат екіде
Бақытжан жетіде
Екеуін қосып шыққанда
Сәулеттің жасын нешеде 9
Білгің келсе егер сен
Сәулеттен үш жас шегерсең
Қиын емес оншада
Сағаттың жасы соншада 6

Кіттаппен жұмыс
13 – 3 = 16- 6 = 15 + 1 =
13 - 10 = 16- 10 = 17 +2 =
«Кім зерек?» Ойынында бір бала геометриялық пішіндердің ішінен бірдей екі пішінді табу керек.
«Кім көп біледі?» Сұрақ- жауап.
Санды немен белгілейміз? (Цифрмен)
Аптада неше күн бар? (Жеті күн )
Бүгін аптаның нешінші күні?
Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (Қосу)
Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз? (Азайту)
Қандай бұрыштарды білесіндер? ( Доғал, сүйір, тік бұрыш)
Гауһарда бес алма
Данада бес алма
Барлығын қосқанда болады неше алма?
Табақта жеті өрік
Қолымда бес өрік
Қосқанда барлығын болады неше өрік?
Сабақты қортындылау, бағалау
Математика сабағынан қайталау амалдарын, тәсілдерін жақсы игердік.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы