Разработка открытого урока по биологии на тему: ?анны? ??рамы


Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін №8 мектеп
Сабақ тақырыбы

«Қанның құрамы»
Биология пәні мұғалімі Рсалиева Г.Ж.
8 «Б» сыныбы
Байқоңыр қаласы
Сабақ жоспары

Пәні: Биология
Сыныбы: 8 «Б»
Уақыты: 1125
Сабақ тақырыбы: «Қанның құрамы »
Сабақ мақсаты: Білімділігі: оқушылар қан жасушалары, олардың қызметі,
эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер туралы білімдерін
жетілдіру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін білімін тиянақтау.
Ойлау қабілеттерімен танымдық ерекшелігін арттыру. Тәрбиелігі: ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру,
жаман әдеттен жиренуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуКүтілетін нәтиже:1.Оқушылар қанның құрамы мен құрылысын біледі;
2.Эритроциттердің құрылысын, қызметін түсінеді;
3.Лейкоциттердің құрылысы, қызметі мен маңызын
анықтайды;
4.Қанның ұюы және тромбоциттердің қызметін ұғынады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер: СТО, эссе жазу, қарлы кесек ойыны, топтастыру, видеоролик
арқылы ой қозғау,«сымсыз телефон ойыны » сергіту сәті, сізден
сұрақ, менен жылдам жауап, қалыптастырушы бағалау, кері
байланыс «қанның құрамы»;
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, суреттер, оқулық,бағалау парағын беру,
плакаттар,маркерлер, жетондар.
Сабақ барысы:

Уақыты Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 мин
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сынып ахуалын бақылау.

Оқушыларды түгелдейді.

5мин II.Үй тапсырмасын пысықтау.
Қарлы кесек ойынын ойнату. Оқушыларға парақтар таратылады
Топқа бөлу

1.Қарлы кесек ойыны бойынша екі сұрақтан ақ параққа жазып қарсы топтарға лақтырады.
2.2 минуттық эссе жазып, оны қорғау. Парақтардың шетінде А,Б,В әріптері бойынша
оқушыларды топқа бөледі
1.Қарсы топтағы балалар сұрақтарға жауап береді.
2.Эсселерін қорғап, А,Б,В әріптері бойынша топқа бөлінеді.
2мин
ІІІ.Жаңа сабақ
Ой қозғау
Тақтадан қан туралы видеоролик көрсетіледі. көргендері бойынша тақырыпты ашуға байланысты
Қанның адам өмірінде қандай маңызы бар? *оқушылар ойланып өз ойларымен бөліседі
7 мин
Сабақтың тақырыбы және күтілетін нәтиже (жоспары) тақтадан көрсетіледі Мұғалім таратпа материалдарды және оқулықтағы мәтінді әр топқа бөліп береді. Берілген мәтінмен танысып, дәптерлеріңе тірек-сызба ретінде түсінгендеріңді түсіріңдер.
1-топқа эритроциттер
2-топқа лейкоциттер
3-топқа тромбоциттер топта талқылап қорытынды жауаптарын дәптерлеріне сызып түсіреді.
7 мин
Топпен жұмыс жасайды
Ортаға плакат пен маркерлер таратылады. Топтағы оқушылар ортақ пікірге келіп оны плакатқа түсіріп, флипчарт жасайды.
5 мин
Сергіту сәті
« Сымсыз телефон» ойыны
Бұл ойын топ оқушыларын ынтымақтастыққа, сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай,түсіне білуіне көмектеседі. Ойынның шартымен таныстырады. 2-топқа бөлінеді.
1- топқа сыбырлап айтылған сөз: Вильям Гарвей қан айналым жүйесін алғаш рет зерттеген ғалым.
2- топқа сыбырлап айтылған сөз:
Мечников обыр жасушалардың ролін зерттеді. Соңғы оқушы жасырылған сөзді дұрыс айтуы тиіс.
10 мин ІV.Бекіту
Жасаған флипчарттарын қорғайды.
Әр тапсырмаға мұғалім тиесілі ұпайларын жетондар арқылы беріп отырады.
Бағыт-бағдар береді, бақылап, тексереді
*Бақылайды Топтағы оқушылар флипчарттарын қорғайды.
Барлық балалар мәтінмен толық танысады.
Топ басшылары мұғалімнің берген жетондарына (қан жасушалары) байланысты ұпайларын бағалау парағына түсіреді.
5 мин V.Жаңа сабақты қорытындылау
« Сізден сұрақ, бізден жылдам жауап» тәсілі бойынша жаңа тақырыпты қорытындылау
Тақтадан «Сізден сұрақ, бізден жылдам жауап» бойынша сұрақтар көрсетіледі.Оқушылар жауаптарын табады.
1. Қан неден тұрады?
2.Эритроциттер қандай клеткалар?
3.Гемоглобин дегеніміз не?
4.Лейкоциттер қандай клеткалар?
5.Фагоцитоз дегеніміз не?
6.Фагоцитоз құбылысын ашқан кім?
7.Қан клеткалары қай жерде түзіледі?
8.Тромбоциттер қандай қызмет атқарады?
9.Фибриноген дегеніміз не?
10.Қан қандай ұлпаға жатады? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1 мин. VІ.Үй тапсырмасын беру
Қанның құрамы мен құрылысы тақырыбын оқып келу. Басқа топтардың жасаған жұмысын дәптерлеріне түсіріп келу. Жекелеген тапсырма;
Ізденімпаз оқушыларға қанға байланысты хабарлама немесе презентация дайындап келуді тапсырады.
Үй тапсырмасын жазып алады
1 мин.
VIІ. Бағалау. Топ басшылардағы бағалау парағын алып жинақтау бағасын қояды.
Қосымша сұрақтар қоя отырып бағалау
сұрақтары болса қою,
бағалау критерийімен танысу
1 мин. Бүгінгі сабақ жайлы кері байланыстарын өз жинаған жетондарына жазып, тақтаға іледі.
«Қан құрамын толтыру» кері байланыс сұрайды;
-бүгінгі сабақтан нені білдім,осы жетонды қалай жинадым? Не білгім келеді? Бүгінгі сабақ жайлы кері байланыстарын өз жинаған жетондарына жазып,тақтаға іледі.

Үй жұмысын сұрау кезеңінен. «Қарлы кесек» ойыны сәтінен көрініс.

Жаңа сабақ кезінде мәтінмен жұмыс және постер жасау сәттері.

Жаңа сабақты бекіту және қорытындылау кезеңдері

Сабақты бағалау және кері байланыс кезеңінен көрініс