П?ндік шара. ?ызы?ты математика


Қызықты математика
Мақсаты: Оқушылардың математикалық білімі қабілеттерін тексеру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар,
Білімдерің сынайық
Бүгінгі сайыстың
Жеңімпазын табайық
2.Әділқазылар – алқасын сайлау.
Біреуінің жүрегінің түгі бар.
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы - барлығының
Қатты істейтін миы бар! дей келе енді осы сайыскерлерімізді таныстырып
өтейін.
«Тапқырлар» тобы мүшелері: «Жүйріктер» тобы мүшелері:
І а Бұлдыбай Батырбек Іә Бисенбай Расул
ІІ Сүндетбай Бекарыс ІІ Қасымғали Ертілек
ІІІа Алпамыс Мират ІІІ ә Беркінқызы Ақторғын
IVа Жолдас Нияз IVә Марат Асылхан
Сайыскерлерге тілек.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен Зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын!
Сәт - сапар енді тілейік!
Сайысымыз 5 турдан тұрады.
Әр дұрыс жауап үшін қатысушыға 5 ұпайдан беріледі.
І тур. Бәйге.
Ауызша сұраққа жауап беріледі.
Әр топтан шыққан оқушы сынып көлеміндегі сұраққа тез жауап беру керек.
1 – сынып
Қосу амалдарының атауларын айт.
(Қосылғыш қосылғыш, қосылғыштың мәні)
Аптада неше күн бар? (7)
Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)
4.Қандай геометриялық денелерді білесің?
(үшбұрыш,төртбұрыш кесінді , сәуле, нүкте, түзу, т.б.)
5.4 пен 3 тің қосындысы неге тең? (7)
6. 5 пен 0 – дің айырмасы неге тең? (5)
ІІ сынып
Тіктөртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама -қарсы)
1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?(қабырғасын, ұзындығын қосамыз.)
50 мен 20 қосындысы нешеге тең? (70)
Жақшалы амалды қалай орындайды? (ең алдымен жақша іші орындалады.)
Ұзындық өлшем бірлігін ата (см, дм, м, км, мм.)
ІІІ сынып.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті (көбейткіштердің орын ауыстырғанда көбейткіш мәні өзгереді)
2 нүктені қосатын геометриялық дене қалай аталады?(кесінді)
Санның жартысын қалай табады? (Санды 2 – ге бөледі.)
100 – дің жартысы нешеге тең? (150)
7 мен 8 - дің көбейтіндісі нешеге тең? (56)
Бір заттың массасын қалай табамыз? (жалпы массаны заттар санына бөледі)
IV сынып.1 дм неше см бар?(10 см)
Ауданды қалай табады? (ұзындықты еніне көбейтеді).
Көлемнің өлшем бірлігі. м 3 ,дм 3 ,см 3
4.Қозғалыстағы дененің жылдамдығын қалай табады? (Қашықтықты , уақытқа
бөледі)
5.81 қай санның квадраты ? (9)
6. 100 – дің 1 -нешеге тең ? (25)
4
ІІ тур. Кім шапшаң?
Амалды есептер шығару.
І сынып. 5 + 2 = 7 6 + 0 = 6 10 – 3 = 7
ІІ сынып 56 + 3 = 59 30 + 24 = 54 87 – 5 = 82
ІІІ сынып 327 + 265 = 592  890 - 475 = 415 52 . 5 + 35 : 7 =265
IV сынып 4212 : 54 = 78 732 . 300 =219600 557 – (467 - 389) = 479

Көрермендерге жұмбақ есеп.
Ертеңгісін атам.
Екі серкені қорадан қуып еді.
Егіз бөрте лақ ере шықты.
Бөрте лақтардың енесі
Олармен ере шықты.
Сонда барлығы неше ешкі далаға шықты? (5)
Айдардың кілең 1 теңгеліктен тұратын 100 теңге ақшасы б ар еді. Оқу құралдарын сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуге тиіс еді. Мұны қалай тез санап беруге болады? (3 теңгені алып қалып қалғаны беру керек.)
Ағам бізді жинады.
Сегіз қолғап сыйлады.
Бірін кидік оң қолға
Бірін кидік сол қолға
Қамқор болған ағамыз
Біздер қанша баламыз. (4)
Мақсат 11 қаламды.
Тиді әркімге қос – қостан.
Балалардың бәрі алды.
Артық тиді Айгүлге
Береді айтып кім маған
Неше бала алды енді (5)
ІІІ тур. Ойнайық та, ойлайық.
Логикалық есептер.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)
1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)
Ағаш үстінде 100 торғай отырды.
Аңшы 10 торғайды атып алды.
Торғайдың қаншасы қалды ? (10 торғай)
4.Қосарланып жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы
уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді? (12 км)
5.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
6.Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.
Үйде неше мысық отыр? (4)
Егер тырна бір аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
6 алманың екеуін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолында қалады ? (4)
Бір қоянның екі құлағы бар. 2 қоянның неше құлағы бар? (4)
IV тур. Ойлан тап.
Амалдар таңбасын қою.
5 9

5
4
3
2
1сұрақ
177

2 сұрақ 50 + 40 - 20 = 70
30 + 3 + 60 = 93
3 сұрақ 36 – 27 : 9 . 2 = 30
450 + 100 : 10 = 460
3762
4824
426



6
4 сұрақ
24
142

8


V тур. Жүзден жүйрік.

Сөз жұмбақ шешкенде.
Ерекше тор көзден белгісіз санды табу үшін не құру керек деген сұрақтың
жауабы шығады (теңдеу)
Т ө р т
к е м т е ң г е к е с і н д і е л у қ о с у
Бір таңбалы сан (төрт)
Артық ұғымына қарсы ұғым (кем)
Жұмбақ 100 (теңге) болғанша 100 досың болсын.
Геометриялық дене (кесінді)
5 ондық (елу)
Заттарды бір – біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (қосу)
Қорытынды.
Әділ қазылар алқасының шешімі.
Марапаттау. І – ІІ орын
Білімнің тұңғиығына бойлайтұғын
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып
Математика қызықты тойлайтұғын
Сонымен біз бүгін Қызықты математиканың көп тапсырмаларын орындадық. Барлық ғылымдардың патшасы математика деп бекер айтпайды. Қазіргі экономика заманында есепке жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы боламыз.
Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарымыз құтты болсын. Биік шыңнан көріне беріңіздер.