?аза?стан тарихы п?нінен Т?рік ?а?анаты та?ырыбында ашы? саба?
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты
Сабақтың мақсаты:
Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?
Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Түркі қағанатының құрылуы жіне жер аумағы.
2. Халқының этникалывқ құрамы.
3. Шаруашылығы мен мәдениеті.
4.Түрік қағанатының ыдырау себептері.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
Түрік қағанаты қашан құрылды?
Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?
Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:
1-параграфты оқу, №1 кестені толтыру,картамен жұмыс жасау.
Осы сабақтан бастап оқушыларға материалды терең меңгерту мақсатымен оқушылардың ерте ортағасырлық мемлекеттердің негзгі оқиғаларды есте сақтауына көместесетін «қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер» атты №1 кестені толтыруды ұсынамын
Мемлекет атауы Өмір сүрген уақыты Орналасқан аумағы Әлеуметтік этникалық құрылым Қоғамдық басқару жүйесі Саяси жағдайы Шаруашылығы
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Түркеш қағанаты
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономикалық және мәдени дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы тyciнiк беру;
Түргеш қағаны Сұлудың жүргiзген саясатымен таныса отырып, iшкi және сыртқы саяси бағыттарына талдау жасап, өз ойларын жүйелi жеткiзе бiлуге дағдыландыру;
Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихънaн мәлiметбере отырып, тарихи ескерткiштердi қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сурет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?
2. Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?
3. Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?
4. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?
5. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?
6. Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?
7. Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Түргеш қағанатының жер аумағы мен халқы.
2. Қаранаттың iшкi және сыртқы саясаты. Сұлу қаған.
3. Шаруашылығы.
4. Жетiсудағысоғдылар.
Е с к ер т у: Оқушы сабақ барысында жауап бepiп үлгермесе.үйге таncырылады.
Қағанат тұсындағы тeңгeнiң пайда болуы, оның адам өмipiндeгi рөлi мен маңызын ашуда интерактивтi әдiсті пайдалана отырып оқушыларға тапсырма беремін.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Ақша – адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бір нәрсе сатып алу үшін қажет. Ақша қалай пайда болды?Ақшаның түрі және көлемі қандай болған? «Түргеш қағанының теңгесі», «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер тарихы туралы.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Түргеш қaғaнaтының негiзiн қалаған кім?
Түргеш қaғraнaты қазiргi қазақстандағы қай облыс аумағында орналасты?
Түргеш қaғaнaтының әлеуметтiк құрылымы қандай болды?
Сұлу қaғaнның саяси жеңістерiнiң себебi неде?
Қaғaнaттың iшкi жағдайларының шиеленiеуiне не әсер eттi?
Түргеш қағандығындағы билiк кiмдердiң қолына көштi?
Түргеш қағандығында шаруашылықтың қандай турлерi болды?
Түргеш теңгелерi туралы не бiлесiң?
Жетiсуға қоныстаған соғдылардың ел өмipiнe ықпалы неден көрiндi?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма
Теңгелер тарихына қатысты реферат жазып келу.