?лгілі саба?.Кірме с?здер.?аза? тілі.5-сынып
1. Лексика дегеніміз не?
2. Лексика нені зерттейді?
4. Көнерген сөздер дегеніміз не?
5. Көнерген сөздер қанша түрге бөлінеді?
6. Тарихи сөздер дегеніміз не?
7. Тарихи сөздерге қандай сөздер жатады?
8. Архаизмдер дегеніміз не?
9. Архаизмдерге қандай сөздер жатады?
І топ
Көнерген сөздерді тап және қай түріне жататынын айт
Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір адамның қолынан шыққандай.Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді. Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндір.
Тұрақты тіркестердің мағынасын тауып жаз
1Үріп ауызға салғандай-
2.Ит арқасы қиянда-
3.Қой аузынан шөп алмас-
4.Зәресі зәр түбіне жету-
5.Аузы-аузына жұқпау-
6.Айы оңынан туды-
7.Құйып қойғандай-
8.Аяғын бір етікке тығу-
9 Ат ізін салмау-
10.Көз шырымын алу-
Бұл қай шығарма екенін тап және көнерген сөзді тап.
1. «Қылыш үстінде серт жүрмейді» деуші еді,антыңды қайтып ал» дегені еді.
2.Хан разы болып,зынданда жатқан Мергенбай батырдыы,оның әйелін,басқа адамдарды да азат етеді.
3.Қаһан шың еткізіп, қынабынан қысқа,қайқы наркескенін суырып алды.
4«Сенің қалыңмалың шашымнан көп-ау»дегені еді.Қыз түсініп,астындағы тақыр тулақты сипады.
1 - топ
Көп мағыналы сөздер дегеніміз не ? (сөздің екі ия одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы)
Табу дегеніміз не ? мысал келтір (халықтың наным – сенімі мен салт – дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер )
Мақал дегеніміз не? (мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл – нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы)
Архаизмдер дегеніміз не? (халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер )
«Жұлдызы оңынан туу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы (жолы болу)
2 - топ
Лексика қандай тілден алынған және қандай мағынаны білдіреді (грек. Сөздік қор )Омоним дегеніміз не ? оларға мысал келтір (Омоним деп біркелкі дыбысталып, айтылатын ,бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді )
Эвфемизм дегеніміз не ? мысал келтір (Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер)
Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не ? (тілдегі сөздерді тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады)
«екі көзі шарасынан шығу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы (қорқу)
3 - топ
Сөзің тура мағынасы деген не ?(сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы)
Синоним дегеніміз не? Оларға мысал келтір (мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып, айтылатын сөздер тобы )
Дисфемизм дегеніміз не ? (ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарына қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер.)
Тарихи сөздер дегеніміз не ? (қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар)
«ешкімнің ала жібін аттамау» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы (қиянат жасамау)
рте - ерте – ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - ділмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиуге береді екен.Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды дұрыс орындап, сұрақтарға жауап беріп
І топ: «Арабтар» тобы.
Тарихи дерек:
Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.
ІІ топ: «Монғолдар» тобыТарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.
Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.
ІІІ топ: «Орыстар» тобыТарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.70 жыл Ресей отарында болған соң орыс тіліндегі сөздерді тікелей мағынасында қолданып кеттік.
Семантикалық карта №2
№ Мысалдар Көнер
ген сөз Жаңа сөз Эвфем
изм
Дисфемизм
1 Ханзада 2 Қорамсақ 3 Үнпарақ 4 Қолының қыстырмасы бар 5 Албасты 6 Ұшақ 7 Сауыт 8 Саңырау 9 Аузы жеңіл 10 Жіңішке ауру I топ
Ас-тамақ, ар-ұят, дос-құрбы, қас-жау, емтиқан-сынақ, сабақ-дәріс, дәуір-ғасыр, ұстаз-мұғалім, перзент-нәресте, шәкірт-оқушыII топ
жәшік-қорап, лампа-шам, малақай-бас киім, галош- аяқ киім, сот-төреші, пима- етік, тарелке-ыдысIII топ
Аймақ-өңір, нөкер-уәзір, жарлық-устав, жасақ-әскер
«Бекітемін» Мектеп директоры: К.Сейдалиева
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Т.Кенжеева
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 «Ә»
Сыныбы: 5 Күні: 20.12.16ж
Сабақтың тақырыбыКірме сөздер
МақсатыОқушылардың кірме сөздер туралы білімін кеңейту, дұрыс қолдана алуына бағыт беру
Күтілетін нәтиже-кірме сөзді түсінеді
-кірме сөздерді қолдана алады
-тақырыпты басқа тақырыппен салыстыра алады
Әдіс- тәсілдер Джигсо, мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар,Венн диаграммасы, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс Әдебиет, тарих
Ресурстар Оқулық, бағалау парағы. Интербелсенді тақта, ғаламтор
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріі Блум бойынша оқу тапсырма-
ларының таксономиясыМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе2 минут Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгелдеу. «Поэзия минуты»әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырамын
Қане, бәріміз орнымыздан тұрайық. Бізде:«Поэзия минуты»
Амансыңдар ұл – қыздар,
Әзірмізбе сабаққа.
Қазақ тілі сабағы,
Сай келейік талапқа.
. Оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау парағымен таныстыру
Бәрі: Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Тексеруші ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
.
Оқушыларды ІІІ топқа бөліп отырғызамын. Топқа бөлу үшін кеспе қағаздар сандықшаға салынады, сандықтан алып өз топтарына жайғасады.
І топ: «Арабтар» тобы ІІ топ: «Монғолдар» тобы ІІІ топ: «Орыстар» тобы
Білім
Деңгейі.
Үй тапсырмасын сұрау
5 минут
«Шашу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
«Киіз үй құру» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын. 1.«Шашу» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
2.«Киіз үй құру» әдісі арқылы топтық тапсырмаларды орындайды.
Топтық жұмыс
10минут Топтық жұмыс арқылы кірме сөздер туралы ақпаратпен танысайық. Ғаламтор көмегімен кірме сөздер туралы ақпарат жинайды.
Ендеше, кірме сөздердің тарихын білсек, топ тарихшылары өз зерттеулерін ортаға салсын. Берілген тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасайды.1-қатардағы топтар «Араб парсы тілдерінен енген сөздер», 2-қатардағы топтар «Орыс тілінен енген сөздер», 3-қатардағы топтар «Моңғол тілінен енген сөздер» тақырыбында жұмыс жасайды.
Түсіну
3 минут Оқулықпен жұмыс.
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып, дәптерімізге жазайық.
Берілген сөйлемдердегі кірме сөздерді тауып, өздері қалаған сөйлем құрауға тапсырамын. 172-жаттығуды орындайды
№2 Слайдта берілген кірме сөздердің баламасын тауып, дәптерлеріне жазады
. Ойын. «Кім көп біледі?»
1.Шайыр сөзінің мағынсы? (суырып салма ақын)
2.Пұл сөзінің мағынасы? (ақша, қаржы)
3.Ғұлама сөзінің мағынасы ?(ғалым, оқымысты)
4.Пешене сөзінің мағынасы? (жазмыш, тағдыр)
5.Ғибрат сөзінің мағынасы ? (үлгі, өнеге)
6.Сарбаз сөзінің мағынасы? (әскер, жауынгенр)
Қолдану
3минут Топтық тапсырма
І топ араб тілінен енген сөздерді теріп жазу;
ІІ топ манғол тілінен енген сөздерді теріп жазу;
ІІІ топ орыс тілінен енген сөздерді теріп жазу.
.Араб, парсы тілінен енген сөздер:
адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, мереке, емтихан, ғылым ,ғалым,медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет.
Монғол тілінен енген сөздер:
ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа.
Орыс тілінен енген сөздер:
болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, телефон, телеграф, автомобиль, кірпіш,самауыр, шәйнек, бәтеңке, клуб,институт, комбайн, трактор, колхоз, совхоз, машина,галөш, үстел, , шкап,өтек.
Негізгі бөлім
Қолдану 5 минут III тапсырма:
«Ең биік мұнара» салады. Ең көп кірме сөз жазады және тапқан сөздеріне синоним сөз тауып жазады. Сол топтың мұнарасы биік болып есептеледі. I топ Ас-тамақ, ар-ұят, дос-құрбы, қас-жау, емтиқан-сынақ, сабақ-дәріс, дәуір-ғасыр, ұстаз-мұғалім, перзент-нәресте, шәкірт-оқушы
II топ Жәшік-қорап, лампа-шам, малақай-бас киім, галош- аяқ киім, сот-төреші, пима- етік, тарелке-ыдыс
III топ Аймақ-өңір, нөкер-уәзір, жарлық-устав, жасақ-әскер
Талдау
3 минут Біз лексика саласы бойынша біраз тақырыптарды меңгеріп қойдық. Сондықтан семантикалық картаны толтырайық. Семантикалық картамен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті
5 минут «Кім тапқыр?» ойыны.• Ағаштарды жарамын,• Гүлге келіп қонамын. (Ара) Ұйықтап жатып көремін,• Мезгілді де білемін. (Түс)2. «Н» - дан басталса, тыныс белгісі.«Б» - дан басталса етістік. (нүкте - бүкте)3. «К» - ден бастасаң – қаламын,«Ж» - дан бастасаң тағаммын. (кент - жент)4. Соңғы әріпі «С» болса,Синоним сөзі момынның«С»- ны алып тастасаң,Жабайы пиязы жерімнің. (жуас - жуа)5. Қалай оқысаң да, ұлтым өзгермейді. (қазақ) Жұмбақтарға жауап береді
Қорытынды
қорытынды Жинақтау
5 минут I топ Кірме сөз бен жаңа сөзді салыстыру
II топ Кірме сөздер .Топтастыру
III топ Сәйкестендіру
I топ Кірме сөз бен жаңа сөзді салыстырады
II топ Кірме сөздер .Топтастырады
III топ Сәйкестендіру
Бағалау
3 минут Енді «Хатшылар» бізге топтардағы жұмыстың қалай өткенін баяндап бағасын береді берсін. Хатшылар топтардағы іс –әрекетті баяндайды. Жазған жұмысын оқып береді,
Бағалайды.
1 минут
Үй тапсырмасын беру . 176-жаттығу
Мәтіннен, араб-парсы тілінен енген сөздерді тауып жазыңдар Эссе жазу
Қазақ тіліде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болар ма еді?
Кері байланыс
минут Абай атамыз айтқандай, адам өзі өткізген әр күнге, әр сағатқа есеп беруі керек. Сондықтан бүгінгі сабақтанНе білдім? Нені білгім келеді? Кестесін толтыру. Рефлексия – ас үстінде әңгімелесе отырайық.
асық жілік – Болашақта қандай бала болуды қолға аласың?
Жауырын – Бүгінгі сабақ барысында не білдің?
Ортан жілік – Бүгінгі сабақ барысында неден қорықтың?
Арқа - Бүгінгі сабақ барысында қуанған сәтін?
Тіл жақ – Біздің қандай бала болуымыз керек?