ПДТ о?ушыларды зерттеу (инклюзив сынып)


ҚАБЫЛДАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ. 1.Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?»
Балаға тәр түрлі сериялардан құралған суреттер беріледі.Әр суреттің бір бөлігі жетіспейді.Диагностика жүргізуші баланың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсағанын білу үшін секундамер қосып қояды.Диагностика көрсеткіші баланың қабылдау деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін білу үшін баллдық шкаламен бағаланады. Қорытынды нәтежесі
10 балл — бала берілген тапсырманы орындауға 25 сек-қа дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек. Олардың саны жетеу.9-7 балл— 26 -30 сек. аралығы дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.
6-7 балл — 31 - 35 сек. аралығы дейін орындаған жағдайда қойылады.
Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.
4-5 балл — 36 - 40 сек. аралығына дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.
2-3 балл — 36 - 40 сек. . аралығына дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.
0-1 балл —45-50 сек. аралығына дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.ктерін табу керек.
Даму деңгейі жайында қорытынды.10 балл — өте жоғары. 8-9 балл — жоғары. 4-7 балл — орташа. 2-3 балл — төмен. 0-1 балл — өте төмен. 2. «Суретте жасырынған кім екенін тауып көр?»
Осы әдістеменің көмегі арқылы психодиагностикалық зерттеу кезінде балаға ақ қағазда суреттің кескіні беріледі. «А» фрагментінде суреттің көп бөлігі жасырынған,тек кейбір аз ғана детальдары сақталған.Бала 10 сек. ішінде оның не екенін таппаса ,оған «б» фрагментіндегі сурет ұсынылды.Ол суретке қарап оның не екенін таппаған жағдайда оның не екенін таппайынша әдіс ары қарай жалғаса береді.Тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт, нақты жауап беру үшін қараған сурет кескіндері де есепке алынады.

Қорытынды нәтежесі10 балл— 10 сек. аралығында «а» суретінде бейнеленген кескіннен оның «ит» екенін бірден тапса қойылады. 7-9 балл — 11- 20 сек. аралығына «б» суретінде бейнеленген кескіннің не екенін тапқан жағдайда қойылады.

4-6 балл — 21- 30 сек. аралығына «в» суретінде берілген кескіннің не екенін таппаған жағдайда қойылады.
2-3 балл —30 - 40 сек. аралығына бала «г» фрагментін көрсеткенге дейін оның не екенін тапқан жағдайда қойылады.
0-1 балл — 50 сек аралығынан көп уақыт жұмсаса, «а», «б» және «в» суреттеріне қарап отырып,оның не екенін таба алмаса қойылады.
Әдістеме «Суретте қандай заттар жасырынған?» Балаға таныс бірнеше заттар контурлы суретте жасырынған.Қандай заттар жасырынғанын табу үшін балаға суреттер көрсетіледі. Ескерту. Психодиагностика жүргізуші балаға асықпай, бірінші суреттен жасырынған заттарды толық таппайынша келесі суретке ауысуға болмайтынын ескету керек.Келесі суретке тек алдыңғы суретте барлық заттар толық табылғасын барып қана өту керек.1,2,3 суретте жасырынған суреттер саны жалпы 14-ті құрайды.
Қорытынды нәтежесі10 балл— бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 20 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.8-9 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 21-30 сек аралығында орындаған жағдайда қойылады . 6-7 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 31-40 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады. 4-5 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 41-50 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады 2-3 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 51-60 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.0-1 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 60 сек. аралығында таба алмаған жағдайда қойылады. 4.Әдістеме. Дж.Равеннің тесті. Бұл әдістеменің мақсаты баланың зейінінің, ойлау қабілетінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Балаға екі кілемше ұсынылады. Ол кілемшелердің бір бөліктерінде жыртық бар. Суреттің төменгі жағында бірнеше суреттің бөліктері бейнеленген. Бала сол суреттен өрнегі тура келетіндей бөлігін табып, кілемшені жамау керек. Қорытынды нәтежесі
10 балл — бала тапсырманы орындауға 20 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.8-9 балл —бала тапсырманы орындауға 21-30 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.6-7 балл — бала тапсырманы орындауға 31-40 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.4-5 балл — бала тапсырманы орындауға 41-50 сек. жұмсаған жағдайда. 2-3 балл— бала тапсырманы орындауға 51-60 сек. жұмсаған жағдайда. 0-1 балл— бала тапсырманы дұрыс орындай алмаған және оны орындаға 60 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.
ЗЕЙІНДІ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ
5.Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле»
Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған.Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген.Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың. Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың.Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 мин. уақыт жұмсайды, әр 30 сек. кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады.Ойын 5 рет жалғасады. Эксперемент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен). Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.
75755583185

6.Әдістеме «Дұрыс белгіле » Баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіліп тапсырма түсіндіріледі. Бұл тапсырманың ерекшелігі әр төртбұрышқа, ромб, үшбұрышқа төбесінде көрсетілген үлгідегі белгілерді қою керек. Бала бұл тапсырманы 2 мин аралығында орындау керек, жалпы көрсеткіші формула бойынша анықталады.left0S — зейін қою деңгейі;N — геометриялық фигуралар саны, 2 мин. аралығында белгілеп отырған белгілер саны;п — тапсырманы орындау кезінде жіберілген қателер саны. Дұрыс белгіленбеген және қалып қойған, геометриялық фигуралардың сыртына шығып кеткен белгілер қате болып саналады .left0
Қорытынды нәтежесі10 балл — S көрсеткіші 1,00 көп болса..8-9 балл — S  көрсеткіші 0,75- 1,00 аралығында болса.6-7 балл — S көрсеткіші 0,50-0,75 аралығында болса.4-5 балл — S көрсеткіші 0,25-0,50 интервалын көрсетіп тұрған жағдайда қойылады.0-3 балл — 5 көрсеткіш 0,00-0,25 аралығында болса.
Әдістеме. «Есіңде сақта,нүктелерді дұрыс белгіле» Бұл әдістеменің көмегі арқылы зейіннің көлемі анықталады.Нүктелер қойылған 8 кішкентай төртбұрыш кесіліп алынады. Тапсырманы бастамас бұрын балаға келесі инструкция беріледі: Қазір біз зейіннің көлемін анықтауға арналған ойын ойнаймыз.Мен саған кестенің бірінен соң бірін көрсетемін,сен ол нүктелерді бос торкөзге салып отырасың.Ары қарай балаға кезегімен 1-2 сек. аралығында сурет көрсетіледі.
15 сек. уақыт баланың нүктелердің қайда орналасқанын еске түсіру үшін беріледі. left0left0
Қорытынды нәтежесі
Зейіннің көлемі болып максимальді нүктелер саны есепке алынады. Кестелердің ішінде қатесіз барлық нүктелер дұрыс белгіленген сурет алынады.
10 балл  — бала белгіленген уақытта 5-6 нүктені дұрыс белгілесе. 8-9 балл — бала белгіленген уақытта қатесіз карточкада 4- 5 нүктені белгілесе.6-7 балл — бала белгіленген уақытта 3- 4 нүктені дұрыс белгілесе . 4-5 балл — бала 2 - 3 нүктені дұрыс белгілеген уақытта қойылады. 0-3 балл —бала белгіленген уақытта бір ғана нүктені белгілеген жағдайда қойылады.ҚИЯЛДАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ9.Әдістеме «Қиялыңдағы суретті сал»
Балаға ақ парақ, түрлі-түсті фломастер беріледі. Ол ерекше затты ойлап тауып, қағаз бетіне түсіру керек.Тапсырманы орындауға 4 мин. уақыт беріледі. Ары қарай баланың салған суретіінің ерекшелігі бағаланады.Қорытынды нәтежесі 10 балл —берілген уақыт аралығында бала ерекше бір жоғары фантазияны көрсететін, қиялдаудың ұшқырлығын көрсететін тамаша сурет салған жағдайда қойылады. 8-9 балл— берілген уақыт аралығында әдемі, ерекше бір затты анық, түсінікті етіп салған жағдайда қойылады. 5-7 балл —берілген уақытта таныс, орташа салынған суретке қойылады. 3-4 балл — өте қарапайым және анық салынбаған суретке қойылады. 0-2 балл — берілген уақыт аралығында бала ештеңе ойлап тауып, сала алмаған жағдайда қойылады. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ
11.Әдістеме «Фигураларды тап» Бұл әдістеме-тануға арналған. Есте сақтаудың бұл түрі бала онтогенезінде ең бірінші болып қалыптасатын қасиеттердің бірі.Осы қаситтің арқасында есте сақтаудың басқа да қасиеттері қалыптасады,оларға есте сақтау және қайта жаңғырту.Бұл әдістемеде келесі инструкция беріледі: Алдыңда 5 сурет берілген, олар бір-біріне жақын орналасқан.Сол жақтағы бір сурет қалған 4 суреттен көлденең қою сызықпен белгіленген. Сол суреттерден оны тез табу керек.Бірінші сынақ үшін балаға 0 санындағы сурет беріледі, бала тапсырманы толық түсініп орындағасын келесі тапсырма беріледі.1-10 сурет ұсынылады.Балаға барлық 10 тапсырманы орындауға 1,5 мин. уақыт беріледі. -539115224155
Қорытынды нәтежесі10 балл— берілген тапсырманы орындауға бала 45 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады.8-9 балл — берілген тапсырманы орындауға бала 45-50 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады.6-7 балл —берілген тапсырманы орындауға бала 50-60 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады. 4-5 балл — берілген тапсырманы орындауға бала 60-70 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады. 2-3 балл — берілген тапсырманы орындауға бала 70-80 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады.0-1 балл — берілген тапсырманы орындауға бала 80 сек. уақыт жұмсаған уақытта қойылады.
12. Әдістеме «Суреттерді есіңде сақта»
Мына суретте 9 түрлі фигуралар ұсынылған.Суреттерге жақсылап қарап, есіңде сақта, келесі суреттен (13 Б) мен көрсеткен уақытта сен сол фигураларды тауып бер.Мен саған көрсеткен 9 суреттен бөлек мұнда сен көрмеген, таныс емес 6 сурет бар.Сен бірінші суретте көрген фигураларды келесі суреттен тауып көр. Суретте (13 А) көрсетуге 30 сек. уақыт беріледі. Содан кейін сурет баланың алдынан алынады да, екінші сурет ұсынылады.Бақылау бала барлық берілген тапсырманы 1,5 мин. аралығында тапқанша орындалады. Қорытынды нәтежесі10 балл— 13А суретіне қарап,оны 13 Б суретінен бала барлық 9 фигураны дұрыс тапқан жағдайда қойылады және тапсырманы орындауға 45 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.8-9 балл —13 Б суретінен 7-8 кескінді 45- 55 сек. аралығында тапса.6-7 балл — 5-6 кескінді табуға 55-65 сек. уақыт жұмсаса қойылады.4-5 балл — 3-4 кескінді табуға 65-75 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.2-3 балл— 1-2 кескінді 75-85 сек. аралығында іздеп тапқан жағдайда қойылады.0-1 балл —13 Б суретінен бала бірде-бір суретті таппаған жағдайда және берілген тапсырманы орындауға 90 сек уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
14.Әдістеме «Сөздерді есіңде сақта»
Бұл әдістеменің көмегі арқылы баланың есте сақтау қабілетінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға болады.Бала бірнеше рет қайталау арқылы 12 сөзді жаттап, ретімен айтып беру керек.Олар:ағаш, қарындаш, шанышқы, гүл, телефон, құс, пальто, аспаз, шегіртке, адам, кітап, қағаз.
Бала берілген сөздерді тыңдап оны қайталауға тырысады.Эксперемент жүргізуші 6 рет қайталайды.Әр қайталаған кезде баланың есінде қалған сөздер жазылып алынады.Қорытынды нәтежесі10 балл —бала барлық 12 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 немесе одан да аз қайталаудан кейін қойылады. 8-9 балл — бала барлық 10-11 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 немесе одан да аз қайталау дан кейін қойылады. 
 6-7 балл — бала барлық 8-9 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 немесе одан да төмен қайталаудан кейін қойылады.4-5 балл— бала барлық 6-7 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 немесе одан да аз қайталаудан кейін қойылады. 2-3 балл — бала барлық 4-5 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 немесе одан да аз қайталаудан кейін қойылады.  0-1 балл — бала барлық 3 сөзді есінде сақтап,қатесіз 6 рет қайталаудан кейін қойылады. ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ 15.Әдістеме «Суреттің қатесін тап» Бұл әдістеменің көмегі арқылы қарапайым образды ойлау қабілеті анық-талады, баланың қоршаған ортамен байланысы және қарым-қатынасы, осы өмірдегі объектілер: жануарлар, олардың өмір сүруі және табиғат.
Осы әдістеменің көмегі арқылы өз ойын логикалық және граматикалық тұрғыдан жеткізе білу қабілеті анықталады.
Бастапқыда балаға сурет көрсетіледі.Бала суретке анықтап қарап суретшінің қатесін табу керек, негізінде қандай болу керек екенін түсіндіру керек. Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі. Қорытынды нәтежесі10 балл— 3 мин аралығында 7 қате салынған суретті тауып, негізінде қандай болу керек екенін дұрыс айтып берген жағдайда қойылады.8-9 балл — бала барлық суретшінің қатесін дұрыс тауып, бірақ бір немесе үш суретті дұрыс сипаттап берген жағдайда қойылады.
 6-7 балл — бала барлық суретшінің қатесін дұрыс тауып, бірақ үш немесе төрт суретті дұрыс сипаттап берген жағдайда қойылады.4-5 балл — бала барлық суретшінің 5-7 қатесін дұрыс тауып, бірақ суретті дұрыс сипаттап берге алмаған жағдайда қойылады.2-3 балл — бала барлық суретшінің 1-4 қатесін дұрыс тауып, бірақ суретті дұрыс сипаттап беруге уақыт жетпеген жағдайда қойылады.
 0-1 балл — бала барлық суретшінің 4-тен төмен қатесін дұрыс тауған жағдайда қойылаады.
16.Әдістеме «Жыл мезгілдері» Суретке қарап қандай жыл мезгілі екенін дұрыс тауып, ажыратып және неге олай ойлайтынын, жыл мезгілдерінің көріністерін сипаттап беруге 2 мин уақыт беріледі.Бала баланың жас ерекшелігіне қарай беріледі.Бұл сурет 5-6 жастағы балаларға арналған әдістеме.Тапсырма баланың деңгейіне қарай беріледі.10 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 8 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.8-9 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 7-8 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.
6-7 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажыратып, әр мезгілге байланысты 3-4 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.4-5 балл —— бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерінің тек 1-2-ін дұрыс айтқан жағдайда және әр мезгілге байланысты жалпы 1-2 табиғат ерекшелігін дұрыс айтқан жағдайда қойылады.0-3 балл — бала берілген уақыт ішінде жыл мезгілдерін дұрыс ажырата алмай, әр мезгілге байланысты ешқандай табиғат ерекшелігін дұрыс айта алмаған жағдайда қойылады.
17.Әдістеме «Төртіншісі артық?» Балаға суретке қарап артық затты тауып,не үшін оның артық екенін табу керек. Бұл тапсырма деңгейлеп беріледі.Бұл 5-6 жастағы балалардың ойлау қабілетін анықтауға арналған.Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі. Тапсырма бала деңгейіне қарай орындалады.
Қорытынды нәтежесі10 балл— тапсырманы орындауға бала 1 мин. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
8-9 балл — тапсырманы орындауға 1 мин - 1,5 мин. уақыт жұмсаған жағдайда. 6-7 балл— тапсырманы орындауғат 1,5 - 2,0 мин. уақыт жұмсаған жағдайда.4-5 балл —тапсырманы орындауға 2,0 - 2,5 мин. уақыт жұмсаған жағдайда.2-3 балл — тапсырманы орындауға 2,5 мин - 3 мин. уақыт жұмсаған жағдайда.0-1 балл — тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
18.Әдістеме «Кімге не жетіспейді?» Бұл әдістеме 5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін диагностикалауға арналған. Балаға берілген суретте бір зат жетіспейтінін және оны астында берілген суреттен тауып беруін өтіну керек. Тапсырманы орындауға кеткен уақыт есептеледі.Кім тапсырманы жылдам әрі тез орындаса оның ойлау қабілетін анықтауға болады.Қорытынды нәтежесі10 балл— тапсырманы орындауға 30 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады. 8-9 балл — тапсырманы дұрыс орындауға 31 сек - 49 сек. уақыт жұмсаса.6-7 балл — тапсырманы орындауға 50 сек - 69 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады. 4-5 балл — тапсырманы орындауға 70 сек - 89 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады. 2-3 балл — тапсырманы орындауға 90 сек - 109 сек. аралығында уақыт жұмсаған жағдайда қойылады. 0-1 балл — тапсырманы орындауға 110 сек уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
19.Әдістеме «Топқа бөл»
Суретте берілген геометриялық фигураларды атау және оларды топтастырып санау.Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі.Қорытынды нәтежесі10 балл — бала 2 мин. аралығында барлық геометриялық фигураларды дұрыс атап, келесідей топтастыру керек.Олар төртбұрыш, шеңбер,үшбұрыш, ромб, қызыл фигуралар олар қара түсте берілген, көк фигуралар ұзын сызық болып берілген, жасыл фигуралар торкөз болып сызылған, үлкен-кіші фигуралар.
8-9 балл— 2,0 - 2,5 мин. аралығы.6-7 балл — 2,5 - 3,0 мин. аралығы.4-5 балл — 3 мин аралығында тек 4 фигураны атап берген жағдайда қойылады.2-3 балл — 2 - 3 групп фигураны атап берген жағдайда қойылады.0-1 балл — бала ешқандай фигураны атап бере алмаған жағдайда қойылады. 20.Әдістеме « Лабиринт» Балаға неғұрлым жылдам, лабиринттің қабырғаларына жақындамай лабириттен өту керек.Тапсырма деңгейлеп беріледі.
Қорытынды нәтежесі10 балл— тапсырманы 45 сек. аралығында және лабиринттің қабырғаларына тимей орындаған жағдайда қойылады.8-9 балл— 45 - 60 сек, және бала 1-2 рет лабиринттің қабырғаларына тиіп кеткен жатқан жағдайда қойылады. 6-7 балл — тапсырманы орындауға 60 - 80 сек уақыт және лабиринтті өту кезінде бала 3-4 рет қабығаны қолында берілген таяқшамен қабырғаларына тиіп кеткен жағдайда қойылады.4-5 балл — тапсырманы орындауға 80 - 100 сек, лабиринтті өту кезінде бала 5-6 рет қабырғасынна тиіп кеткен жағдайда қойылады.2-3 балл — тапсырманы орындау кезінде 100 - 120 сек, лабиринтті өту кезінде бала лабиринт қабырғасын 7-9 рет тиіп кеткен жағдайда қойылады.0-1 балл — тапсырманы орындауға 120 сек уақыт жұмсаса немесе мүлдем лабиринттен шыға алмаған жағдайда қойылады.
21.Әдістеме «Суретті толықтыр» Бұл әдістемеде суреттің жартысы беріледі,бала оның екінші жартысын салып суретті толықтыру керек.Сурет өте анық және дәл салыну керек.Тапсырманы орындауға 5 мин. уақыт беріледі.
Қорытынды нәтежесі10 балл— берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын дәл сол қалпы анық, өте ұқыпты және ешқандай детальдарын ұмыт қалдырмай салған жағдайда қойылады.8-9 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын дәл, өте ұқыпты және бір-екі детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда және 1 мм айырмашылық болған жағдайда қойылады.5-7 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын ұқыпты, бірақ әрбір суретте 3-4 детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда және 1,5 мм айырмашылық болған жағдайда қойылады.
4-6 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде әрбір суретте 4-5 және детальдарын ұмыт қалдырған жағдайда қойылады және 2 мм айырмашылық болса.
2-3 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде тек 2-3 детальдарын ғана салып, көп бөлігін ұмыт қалдырған жағдайда және оның түп нұсқасынан үлкен болған жағдайда қойылады.
0-1 балл — берілген тапсырманы орындауға 5 мин уақыт жұмсап, суреттің симметриясын салу кезінде 1-2 детальдарын ғана салып, көп бөлігін ұмыт қалдырған жағдайда және түп нұсқадан 3 мм үлкен болған жағдайда қойылады.