Ер е?бекте сыналады


Сабақтың тақырыбы: «Ер еңбекте сыналады» Сабақтың максаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын аша отырып,адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың ой ізденіс арқылы оқиғаның мазмұнын ашу. 2. Оқиғаны талдап,салыстыру,болжау жасау арқылы оқушылардың ойын,қиялын дамыту. 3. Топта жұмыс істеу арқылы өз пікірін дәлелдей білуге баулу. 4. Кран мен жүк машинасының оқиғасын талдау арқылы достықтың ұстанымдарын,идеясын меңгерту. . Сабақтың барысы: І.Қызуғушылығын ояту. -Үйге берілген Сәкен Сейфуллиннің «Орман» деген өлеңіне жазып келген эсселерін оқытып, талқылатып,ең жақсы жазылғанды топтың бір мүшесіне оқыту арқылы орманды не үшін сақтау керектігін,оның қандай маңызды екенін қорыта келіп,ол үшін не істеу керетігі туралы пікірлерін білдірді. Мұғалім: -Балалар,осы өлеңдегі орманның әсемдігін,сұлулығын сақтап қалу үшін біз қандай іс-әрекет жасауымыз керек? -Ормандағы ағаш түрлерін сындырмай,қайта ағаш түрлерін көптеп отырғызу үшін біз еңбектенуіміз керек. ІІ.Мағынаны тану. Мұғалім: -Дұрыс балалар,тек еңбектің арқасында сұлулықты,әсемдікті сақтауға болады екен,ендеше бүгінгі өтетін тақырып еңбек,достық,бірлік туралы болмақ.Олай болса, «Ер еңбекте сыналады»деген тақырып не жайында болады деп ойлайсыздар? Мына таблицаны бірігіп отыра толтырайық : Білемін Білуге құштармын Үйрендім
.Тек еңбектену арқылы жақсы жетістіктерге жетуге болады. 2Еңбектену деген ол көп жұмыс істеу. 3.Досы көп болса,еңбегінде қызықты болады.т.б. Неге бұл мәтін «Ер еңбекте сыналады» деп аталған? Не туралы екен? Тек қиын уақытта ғана емес,ал әрқашан достықтың адалдығын түсіне білу керектігін.
(Топқа бөлу мына тәртіппен өтті.Мұғалім әр топтың оқушыларына 1,2,3,4,5,6 сандары таратылып,әр топқа біркелкі сандар отырып топтастырдым.) 1.Кітаппен жұмыс а) Бөлімге бөлу,оқыту. Мағанасын ашу. Мысалдың бірінші бөлімін оқыдым. -Міне,бұл оқиға қай жерде болған екен? -Балалар ,әрі қарай қалай болады деп ойлайсыңдар?Машинаның да машинасы болады дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалармен келесі бөлімді болжау) Енді,келесі бөлімді сыныптағы жақсы оқитын оқушы оқыды. -Жүк машинасы не деп мақтанды? -Оқиға әрі қарай қалай жалғасты беп ойлайсың?(Балалармен келесі бөлімді болжау) Келесі бөлімді тағы бір оқушы жалғастырды. -Кран өзінің «Несін айтамын,күшімді ісім көрсетсін» деген сөзін қалайша дәлелдеп берді? Оқушылар мысалды іштерінен үш рет оқып,рөлге бөліп оқыды. ІІІ. Ой толғаныс. Әр топқа тапсырма беру. І-топ. Осы мысал бойынша сурет салды. ІІ-топ.Кран мен жүк машинасын «Венн диаграммасы» арқылы салыстырады.
Кран Жүк машинасы ІІІ-топ. «Бес жолды өлең» құрастырды. ..........................................мақтаншақ Өр көкірек мақтаншақ ..........................................түсінді, Өз қателігін түсінді, ..........................................досына Көмек берген досына ..........................................қарады. Мейірлене қарады.
ІІІІ-топ. РАФТ-стратегиясы бойынша жұмыс жасады. Р-роль-кран А-аудитория-машиналар Ф-форма-ақыл/пікір/ Т-тақырыбы- «Достық»
-Балақай,бұдан былай ,мақтанбай,әркімнің өз өнері,өз орны бар.Бәріміз де құрлысшының тек көмекшіміз,ал бірігіп отырып іс тындырсақ талай нәрсені достықтың арқасында тындырамыз!!!.
5-топ . «Еркін жазу» стратегиясымен жұмыс атқарды.
Бір оқушының жұмысы: -Әттең-ай,мақтаншақ құрбыларымыз жүк машинасы сияқты өз қателерін кезінде түсіне білсе,нұр үстіне нұр болар еді.Онда мақтаншақтық,өзімшілдік деген жаман қылықты адам саны азайып,оның орнына қарапайымдылық,жан ашушылық,қайрымдылық жасайтын адам саны көбейіп,өмір сүру жақсарар еді!
Оқушылардың топпен жасаған жұмыстары бойынша топ лидері арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма:Мысалды өздерін қалай жалғастырар едіңдер?Оқиға жалғасын жазып келу.