Ер е?бекте сыналады 3 сынып


Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 3 «В» Мерзімі: 13.02.2017ж Мұғалімі: Бижанова Г.А Қатысқандар саны:
Сабақтың атауы Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»
Сабақтың жалпы мақсаты Мәтін мазмұнын түсініп оқиды, мәтін кейіпкерлерін адам қасиеттерімен байланыстыру және салыстыру.
Табыс критерийлері: 1.Мәтінді әңгімелей аламын.
2.Мәтін мазмұнын түсініп, өмірде қолдана аламын.
3.Ойымды еркін жеткіземін.
Сабақ міндеттері Барлық оқушылар:
Мәтінді әңгімелей алады, қарым-қатынас барысында дұрыс қолдануға үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сипаттай алады, қолдану аясына қарай талдауға талпынады.
Кейбір оқушылар:
Мәтінді түсініп талдай алады.
Күтілетін нәтижелер Мәтіннің мазмұнын түсініп оқиды, негізгі идеясын ашады. Жекен Жұмаханов жайында біледі. Сөздік қорлары дамиды.
Қолданылатын әдіс тәсілдер Талдау, түсіндіру, көрнекілік, қорыту, INSERT (түртіп алу).
Ресурстар АКТ, тақырыпқа байланысты суреттер.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Сөздікпен жұмыс істей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Талқылауға арналған: іздену барысында жаңа тақырыпты байланыстырып, өз ойларын жеткізеді.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Түсініксіз сөздерді жазып алады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Қызығушылықты ояту 1. Оқушыларға жұмбақ
жасыру арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.
Жұмбақ жасыру
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан ,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі.
Қаламдарың дайың ба?
Оқушылар жасырынған жұмбақтарға жауап береді.
Мүмкін болатын жауаптар:
1.Кітап
Дайын
2.Дәптер
Дайын
3.Қалам
Дайын Қошемет арқылы
Алдыңғы оқу
(Үй тапсырмасын сұрау) Оқушыларға үй жұмысын «Бәйге ойыны» арқылы Қош келдің Наурыз тақырыбындағы жасырын тұрған ұяшықтарға жауап беру арқылы сұрақтар қою.
10. Наурыз қандай мейрам?
10. Наурызда қандай тілектер айтылады?
10. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?
20. Наурыз мересі неліктен көктемде тойланады?
20. Қош келдің,наурыз мәтінінің авторын білесің бе?
20. Күн мен түн қай кезде теңеледі?
30. Наурыз айындағы мерекелерді ата?
30. Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
30. Көктемдегі ең алғашқы бүр жаратын гүлдің аты?
40. Көктем несімен көрікті?
40. Көктемде қандай құстар ұшып келеді?
40. Тіршіліктің арқауы, шаруа кенеледі деген сөздерді қалай түсінесің?
50. Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады?
50.Наурыз мейрамындағы басты тағам не? Оған қосылатын 7 дәмді ата?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мүмкін болатын жауаптар:
10.Наурыз Ұлыстың ұлы күні.
10.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң да жол болсын.
10. Наурыз мерекесі 22 наурыз күні тойланады.
20. Көктемде күн мен түн теңеледі.
20. Міржақып Дулатұлы
20. 21 нен 22 не қараған түні.
30. 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні.
30. Жер жырту, егін егу.
30. Бәйшешек.
40. Жаңадан оянып келе жатқан табиғатымен.
40. Қарлығаш, қаз, үйрек, тырна.
40. Тіршіліктің негізі, мал тойынады.
50. Бүршік жарады.
Мадақтау арқылы, және оқушылардың алдында тұрған құтыға тәтті салу арқылы бағаланады.
Мағынаны ашу Оқушылардың назарын экранға аудару. Наурыз мейрамындағы басты тағам не? Оған қосылатын 7 дәмді ата?
Ал енді балалар, осы 7 дәм дастарханға қалай келеді?
Ия балалар, олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы еңбек туралы болмақ. Сендермен Жекен Жұмахановтың Ер еңбекте сыналады мәтінімен танысамыз.
Сабағымыздың мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсініп оқимыз, мәтін кейіпкерлерін адам қасиеттерімен байланыстырып салыстырамыз. Осы сабақ барысында сендермен осы мақсатқа жетеміз деген ойдамын. Мүмкін болатын жауаптар:
14. Наурыз көже. Су, ет, айран, тары, бидай, тұз, күріш.
Еңбек арқылы, дүкен арқылы, анамыз арқылы. Мадақтау арқылы, және оқушылардың алдында тұрған құтыға тәтті салу арқылы бағаланады.
Жекен Жұмақанов-жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. (1978 жылы дүниеден өткен.)
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 жылы Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген. «Социалистік Қазақстан » газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 жылы босап, қайтадан әдеби өмірге араласады. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.
Олай болса, бүгін сендермен Ж.Жұмахановтың Ер еңбекте сыналады мәтінімен танысамыз.Мәтінді төрт бөлікке бөлемін. Мәтін бөліктері бөлінген парақшаларды әр оқушыға таратамын. Мәтінді іштей оқып, идеясын ашады. Дәптермен жұмыс
(Түртіп алу әдісі) Дәптермен (сөздік) жұмыс
1.Алқынып-ұмтылу
2.Гүжілдеп-машинаның қиналған дыбысы
3.Кекетіп-мұқата-күлкі қылу.
4.Ойпат-шұңқыр
5.Белшеден батқан-батпаққа бату
Оқушылар өздеріне түсініксіз сөздерді мәтіннің ішінен түртіп жазып алады.
Мадақтау
Сергіту сәті
(Фронтальды жұмыс) Қане, балалар бір сергіп алайық. Әр топ бүгінгі тақырыпқа байланысты мақал мәтел айтып жарысайық. Әр топтың оқушылары шапшаң мақал – мәтел айтып жарысады. Мадақтау
Рефлексия
Топтастыру Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.
1421765482600038354012001500589651120472Еңбек
0Еңбек

3122491635950015034467112700
1.Бұл оқиға қай жерде болды?
2.Құрылыс алаңындағы көлік түрлерін ата?
3.Жүк машинасы кранды не деп келеке қылды?
4.Кранның берген жауабы қандай?5. Ауа-райында болған қүбылыстың әсерінен жүк машинасы қандай қиындыққа тап болды?
6.Оған не көмекке келді?
7.Қандай шығарма оқыдық? Авторы кім?
8.Мәтіндегі негізгі ой?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отыра сабақты қорытындылайды. Мадақтау
Кері байланыс Тақтаға күн мен бұлттың суреті ілінеді. Әр оқушыға стикерлер таратылып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жабыстырады. Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға жабыстырады. Үйге тапсырма Ж.Жұмахановтың Ер еңбекте сыналады мәтінін оқып, автор туралы қосымша мәліметтер жинап, мәтін кейіпкерлерінің сөздерін рөлге бөліп оқып келу.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбекКүнделіктерін ашып, тапсырмаларын жазып алады. Тексерген:
Қосымша ақпаратСаралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланысҚауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағы байланысРефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?