М??алім о?ытушы ?ана емес, зерттеуші де, а?ылшы да.
lefttopМұғалім оқытушы ғана емес, зерттеуші де, ақылшы да.
Алматы облысы Балқаш ауданы Топар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдыхаймова Нұргүл Құрманбайқызы
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі осы елге ие болатын, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.Оқушы бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негізін тоқитын, алған білімді өмірде қолдана білуге жаттықтыратын - ұстаз. Сондықтан оқушыға жан-жақты жүйелі білім беру де ұстаздың басты міндеті. «Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы - қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс» екені қазіргі білім беру үрдісінде айтылып жүр.
Осы аталған теорияны тәжірибе жүзінде пайдаланып, бағыт - бағдар бойынша жұмыс жасасақ, бұл оқушының белсенділігі арқасында гуманистік ойымен дараланатын тікелей байланысты екенін аңғартады. Бұндай істерге үлкен жауапкершілікті, сабырлықты, байсалдықты, шығармашылық ойымен ерекшеленетін, рухани құндылықтардың маңыздылығына, мәнділігіне талдаулар жасай алатын, топта жаңа идеяларға ұйытқы бола алатын тұлға қажет. Біздің міндетіміз оқу үдерісінде осы аталмыш жайттарды басшылыққа алып, білім беруде іс жүзінде жүзеге асыру. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың тиімдірек және зияткерлік, танымдық жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Выготский танымдық қабілетті дамудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші қояды.Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс - шаралар ақыл - ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Біріншіден, тәжірибе кезінде кездескен кедергілерге мұқият тоқталып, оны шешудің жолдарын қарастырамын. Екіншіден, егер мен бұрын дәстүрлі сабақтарымда оқушының пәнге деген біліміне көп көңіл бөліп отырсам, енді бағдарламаның сындарлы оқыту теориясына, яғни бала тек қана пәннің мазмұнын емес, оны келешекте де пайдалана алуына мүмкіндік жасаймын. Үшіншіден, осы менің бойымдағы өзгерістерді өз әріптестерімнің болашақта бойынан көргім келеді. Осы ойларымды қоса келе, мен алдағы уақытта мектебімде оң өзгерістер болады деп ойлаймын. Себебі болашақта мектебімізден біз тәрбиелеп отырған ұрпақтарымыз білімді де зиялы, білік пен дағдысы қалыптасқан тұлға болуына мұғалімдердің ықпалы зор деп ойлаймын.Келесі бір менің ойымда жүрген мәселе іс – әрекеттегі зерттеу жұмысын шығармашылықпен жүргізу, яғни осы зерттеу арқылы білім сапасы мен нәтижесіне әділ жетуге болады. Мен алдағы уақытта бағдарламаның негізгі түйінді идеяларын қамтуға тырысамын. Болашақта мен өзгерген мұғалім ретінде, басты мақсатым білім нәтижесіне жету және бала бойында адами қасиеттерді жетілдіру арқылы білім шыңына көтерілетініне сенімім мол.