Т?рбие са?аты та?ырыбы Дені сауды? -жаны сау


Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»Сыныбы: 5
Өткізген: Абайділдина Жазира Тұрғалиқызы
Мақсаты:1) жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.2) сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.3) дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.Көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтелдер.
Барысы:  
Құрметті оқушылар ! Бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» деген тақырыпқа ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан екі топқа бөлініп отырайық.
1 топ «Шымыр»
2 топ «Денсаулық»
Топтар өздерінің ұрандарын айтады.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. «Денсаулық - зор байлық» деген халық мақалы бар. Денсаулық – табиғи заңдылық, ауру – кездей соқтық. Сондықтанда ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек. Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.6.Тәттіні көп жеуге болмайды.7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық! Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшыларымызбен танысып алайық.
Әр бөлім соңында топтардың жұмыстары бағаланады. Бағалау 5 балдық жүйе бойынша.
1 бөлім «Таныстыру» Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.2 бөлім Денсаулық тақырыбындағы мақал - мәтелдер жарысу.
3 бөлім «Жарнама»
1топ айранды жарнамалайды.
Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт – табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды ішуіңіз керек.
2 топ құртты жарнамалайды.
Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
4 бөлім. Спорттық ойындар.
5 бөлім Сұрақтар қою. Ой ашар сұрақтары:
1) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
2)   Тіс тазартатын құралдар? (тіс щеткасы мен паста)
3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі) 4 Адам өміріне ең қажетті заттар (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
 5  Жалқаудың досы (еріншек немесе ұйқы)
6 Жеміс - жидектерді жемес бұрын не істеу керек? (жемім - жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
7 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды сөз:   - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)           
- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. 
 Тұжырым: Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғандардың бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарымызды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,Таза болып жүреміз.Біз баламыз шыныққан,Денсаулығы мықты жан.