Саба?ты? та?ырыбы: «Жаны сауды? т?ні сау»
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары.
Мектеп: 11 Мерзімі: 19.04.2016 Мұғалімі: Эсбергенова Гулжан
Сынып: 2 Оқушылардың саны:24 Тақырып: «Жаны саудың тәні сау»
Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері:Мейірімділік,риясыздық,қарапайымдылық
Мақсаты:
Балалардың «Дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Жан саулығының адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Салауаттылыққа тәрбиелеу.
Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Денсаулығын бағалай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады.
Оқушылар дөңгелек шеңберге тұрып «Мен саған жақсылық тілеймін» деп,бір бірімен қол ұстасып,амандасып шығады.
Әңгімелесу.
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойып,әңгімелеседі.
«Жаны саудың тәні сау» дегенді қалай түсінесің?
Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады?
Өздерінің белгіленген күн тәртібін орындай аласыңдар ма?
Дәйексөз:
«Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі»
Т.Карлейль
Мұғалім тақтаға жазып мағынасын түсіндіреді.
Шығармашылық жұмыс:
Оқулықта сурет бойынша «Жеміс ағаштары жер анаға алғыс айтады деп ойлайсыңдар?» деген тапсырма ұсынылады.
Жақсы тілектің адамның денсаулығына әсерін түсіндіру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырады. «Жаны сұлу болсын!» тақырыбына шағын әңгіме жазуды ұсынады.
Мәтінмен жұмыс:
Мұғалім төмендегі әңгімені оқып береді.
«Қандай тілек жақсы?»
Сұрақтар:
-Апасы Амантай қандай өтініш атты?
-Амантай апасына қандай қамқорлық танытты?
-Амантайдың апасына сүйіспеншілі қандай әрекетінен көрінеді?
-Амантай не үшін қиналды?
-Апасы Амантайға қандай ақыл айтты?
-Қалай ойлайсыңдар,Амантай мазасыздықтан қалай арылады?
-Сендердің мазасызданған кездерің болды ма.?
Неліктен?
-Сондай кезде өзіңді қалай тыныштандырдың?
-Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан түйінделеді.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар,Амантайдың апасының тілегі өте жақсы тілек.Өйткені апасы өз балаларына жақсы өмір,амандық тіледі.Жақсы тілек адамды жақсылыққа жетелейді,денін сау етеді.Жаман ой адамды жаман жолға итермелейді,одан жаның да,тәнің де ауырады.Сондықтан таңертең тұрғаннан жақсы тілектермен ояну керек.
Дәптермен жұмыс:
Мұғалім дәптердегі тапсырманың орындалу жолдарын түсіндіреді.
-Бірінші тапсырма: Дәптерде «Ең жақсы тілек» айдарымен берілген бос жолақтарға түсіндіріңдер.
-Екінші тапсырма :Дәптерде салынған суреттердің қайсысы жан саулығына көмектеседі? Сурет бойынша әңгіме құрап айтыңдар.
Жүректен жүрекке:
Балалар шеңбер құрып,сабақты мына өлең жолдарымен аяқтайды.
Алтын сөз
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы,парқын сез,
Ата сөзі- алтын сөз.
Көрнекілігі: балалрдың санына қарай түрлі түсті карандаштар,оқулық,дәптер.