Адамны? ж?не ауыл шаруашылы?ы жануарларыны? паразиттік ??рттарын ж??тырудан са?тану.
Сынып: 7
Күні:
Сабақ тақырыбы: Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану.Сабақ міндеттері:Білімділік: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерден сақтану ерекшеліктері туралы түсінік беру.Дамытушылық: Оқушылардың талдау , ойлау, синтез , салыстыру, қабілеттерін дамыту.Тәрбиелілік: Оқушылардың санитарлық гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін, маңызын айтып тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: Электрондық оқулықтан үзінді,кестелер.Сабақ барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі:СәлемдесуОқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалауСабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жұмыр құрттар типіне жататын кластарды айтыңдар?
Құрттарды зерттейтін ғылым?
Жұмыр құрттар қалай көбейеді?
Сірқабық деген не?
Гермофродиттті қалай түсінуге болады?
ІІІ. Жаңа тақырып: Паразит құрттар жабайы және асыранды жануарлар организмінде, ал кейбіреулері адам организмінде, иесінің организмінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді және оның әр түрлі мүшелерін бүлдіріп, уландырады. Ұзындығы 5-10мм болатын жұмыр құрт острицалар адамның ішегінде, әсіресе балаларда жиі кездеседі.Острицаның аналығы артқы тесіктен сыртқа шығып, оның төңірегін қатты қышыта отырып, адамның терісіне жұмыртқалайды. Адам қышығын жерін қасыған кезде острицалардың жұмыртқалары тырнақтың астына жиналады да острицаларды қайтадан жұқтырып алады. Көптеген паразит құрттар адам мен үй жануарларын ауруға ұшыратады. Паразит құрттармен күресудің көптеген әдістерін ұсынып, оларды жұқтырып алмаудың шараларын ұсынған Константин Иванович Скрябин мен оның шәкірттері өте маңызды ғылыми және практикалық нәтижелерге ие болды. Паразит құрттармен күрес жүргізуде, әсіресе ауыз суды тазалаудың, қасапханадағы тазалықты бақылаудың, асты дұрыс даярлаудың, жеке бас гигиенасының ережесін сақтаудың үлкен маңызы бар. Табылған паразиттерді жою үшін мектептерде барлық оқушылар міндетті түрде паразит құрттардың жұмыртқаларынан тексеріледі.Олардан сақтану үшін тамақ ішер алдында, топырақпен жұмыс істегенде, жануарларды бағып күткенде , дәретханаға бару соңынан қолды таза жуып, жуылмаған овощтарды, шала қуырылған немесе шала пісірілген ет пен балықты тамаққа пайдаланбау керек.
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:
Жалпақ және жұмыр құрттардың паразиттікке бейімділігінің негізі неде?
Паразит құрттардың жұғуынан сақтандыруға жеке бас гигиенасының негізгі шаралары немен тұжырымдалады?
Жалпақ құрттар Жұмыр құрттар
2152650-381000762000-381000
Үйге тапсырма:
Жұмыр құрттарға сипаттама. Суретін салу дәптерге.