Саба? жоспары Ы?шамдал?ан ережемен ойнау
Тақырыбы: Ықшамдалған ережемен ойнау
Сабақтың мақсаты: Дененің дұрыс қалыптасуына спорттың маңызы зор екенін ескере отырып,спортпен жүйелі айналысуға тәрбиелеу,салауатты өмір салтын насихаттау,әртүрлі тәсілдерді,жаттығуларды,қимыл-әрекеттерді көрсете отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Өтетін орны:Спорт зал.
Құрал –жабдықтар:Баскетбол доптары,уақыт өлшегіш,ысқырғыш.
Кіріспе бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау.Сәлемдесу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Дайындық бөлім
Саптағы жаттығулар.
-оңға,солға,кері бұрылу.
-секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен,өкшемен,аяқтың ішкі жағымен,сыртқы жағымен,спорттық жүріс.
Жүгіру:Арнайы жүгіру жаттығуларын жасау.
-Тізені көтеріп жүгіру.
-Аяқты артқа сермеп жүгіру.
-Аяқты жанға сермеп жүгіру.
-спорттық жүріске көшу.
Тыныс алу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
-Бастапқы қалып негізгі тұрыс,басты айналдыру жаттығуы.1-4- басты оң жаққа,5-8- сол жаққа басты айналдыру.
-Бастапқы қалыпта аяқты иық белдеуінде ұстау,қолды иыққа тигізу.
Жаттығу:1-4- иықты алға,5-8-иықты артқа айналдыру.
-Бастапқы қалып,аяқ иық деңгейінде,қол жинақы кеуде тұста.
Жаттығу:1,2-қол жинақы қалыпта,3,4- қолдарды созып артқа сермеу.
-Бастапқы қалып,оң қол жоғары,сол қолды төмен ұстау.
Жаттығу:1,2- қолдарды артқа сермеу,3,4- қолдарды ауыстырып артқа сермеу.
-Бастапқы қалып,оң қолды жоғары көтеріп,сол қолды белде ұстау.
Жаттығу:1-3- сол жаққа иілу,4-қолды ауыстыру,5-7-оң жаққа иілу,
8- бастапқы қалыпқа келу.
-Бастапқы қалып,аяқты алшақтау ұстау,қол белде,тұлғаны айналдыру.
Жаттығу:1-4- денені сол жаққа айналдыру,5-8- денені оң жаққа айналдыру.
-Бастапқы қалып негізгі тұрыс.
Жаттығу:1- қолды жоғары көтеріп атқа шалқаю,2-алға иіліп қолды аяқтың ұшымен тигізу,3- қолды алға созып отыру, қолды алға созып отыру,4- бастапқы қалыпқа келу.
Секіру жаттығулары:1-секіріп аяқты алшақ қойып,алақан соғу,2-бастапқы қалыпқа келу,3,4-жаттығуды қайталау.
Негезгі бөлім
Сапқа тұрғызу.1-2 санағы бойынша екі топқа бөлу.
Өткен сабақты қайталау арқылы балалардың дене бітімін дағдыландыру және қалыптастыру.
Ойын техникасы элеметтері.
-допты алып жүру жетілдіру,
-допты бір орында соғу,
-допты оң қолмен алып жүру,
-допты сол қолмен алып журу,
-оң,сол қолмен алма-кезек алып жүру,
-оң жақпен сол қолмен алып жүру,
-сол жақпен оң қолмен алып жүру.
Допты қағып алуды және басқаға беруді үйрету.
-допты кеудеден екі қолмен беру,
-допты иықтан бір қолмен беру,
-допты екі қолмен бастың үстінен беру,
-допты екі қолмен жерге соғып беру,
-секіріп екі қолмен беру,
-екі жақты ойын.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау:Баскетбол ойын элеметтерін дұрыс әрі нақты орындаған оқушыларды атап өту.
Үйге тапсырма:Допты себетке тастау әдісін үйрену.Қоштасу.