Математика еліне саяхат 3-4 сынып


Математикалық сайыс
« Математика еліне саяхат »
Мақсаты:1.Оқушылардың ойлау,қабылдау,сөйлеу қабілеттерін дамытып,танымдық белсенділіктерін,математика пәніне қызығушылықтарын арттыру;
2.Оқушылардың математикалық мәдениетін,шығармашылық қабілетін,есеп шығарудың тиімді тәсілдерін таба білу,есептеу дағдыларын қалыптастыру;
3.Математика пәнінің өмірдегі маңызын,оқушының өзіне-өзі сенімділігін,ұжымдық қарым-қатынасқа,жолдастыққа,жауапкершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
I Ұйымдастыру
I Топтармен таныстыру
I-топ Алғырлар II-топ Ақылдылар
Кел балалар,келіңдер Күрделі,оңай амалды
Математиканы көріңдер Шемішкеше шағамыз
Алғыр болып әр қашан Теңдеу шешіп,есеп ойлап
Білімділік теріңдер Кеңейеді санамыз
II-тур
I Разминка ( Миға шабуыл)
1.Күндіз жарық,ал түнде? ( қараңғы)
2.Құстар өлең айтады,ал ит? ( үреді)
3.Мысықта жүн бар,ал үйректе? ( мамық)
4.Балық жүзеді,ал жылан? ( жорғалайды)
5.Бүркіт ұшады,ал балық? ( жүзеді)
6.27 3-тің кубы,ал 216 ше? ( 6 кубы)
7.Пальтода түйме бар,ал бәтеңкеде ше? ( бау)
8.Алма жеміс,бүлдірген ше? ( жидек)
9.Куб кеңістікте болады,ал төртбұрыш қайда жатады? ( жазықтықта)
10.Теректе жапырақ бар,ал гүлде? ( күлте)
11.Тәуліктің 1/4 бөлігі 6сағат,2/3 бөлігі қанша? ( 16 сағат)
12.Ең кіші екі таңбалы санды 3 есе арттырғанда 30,ең үлкен екі таңбалы санды 2 есе арттырғанда неше болады? ( 198)
13.Арбадағы үш ат 12 км/сағ жылдамдықпен жүрсе,әр аттың жылдамдығы қанша? ( 12км/сағ)
14.1 тонна темір ауыр ма,1 тонна мақта ауыр ма? ( тең)
15.2 таяқтың 4 ұшы бар,13 жарым таяқтың неше ұшы бар? ( 28)
16.Ағайынды үш баланың әр қайсысының екі әпкесі бар,бұл отбасында неше бала бар? (5)
17.Суреттегі заттарды санмен сәйкестендір ( 2 үй,5 қуыршақ,4 шар)
18.Артығын тап ( алма)
19.Заңдылығын анықта (1-су,2-мектеп,3-түйме,4-жаңбыр,5-сүт)
20.Бос тор көзді толтыр ( үшбұрыш,шаршы,сопақша)
III-тур
Қызықты есептер
1. Батпақта 2 бақа тұрыпты.Анасы және қызы.Анасы түскі асқа 16маса жейді екен,ал қызы одан 7-уі кем маса жейді. Кешкі асқа анасы 15 маса жейді,ал қызы одан 5-уі кем маса жейді.Олар бір күнде неше маса жейді?
(60)
2.Марат,Қайрат,Сәкен үшеуі саңырауқұлақ терген екен.Қайрат Маратқа қарағанда 2 есе көп саңырауқұлақ терген.Ал Марат Сәкенге қарағанда 3 есе кем саңырауқұлақ терген.Егер үшеуі бірігіп 30 саңырауқұлақ терген болса,әрқайсысы неше саңырауқұлақтан терген?
(Марат-5;Кайрат-10;Сакен-15)
3.
1 2 3 4 5 = 96 ( +; -; * : жақша )

1 2 3 4 5 = 98 ( +; - ; * : жақша )
IV тур
Математикалық викторина ( бәйге)
1.Ең үлкен төрт таңбалы санды ата? (9999)
2.8888 саны 8-ден қанша есе артық? (1111)
3.Біз күніне үш рет тамақтанамыз.Аптасына неше рет тамақтанамыз? (21)
4.Бірдей 6 жәшікте 72кг алма бар.Осындай 5 жәшікте неше кг алма бар? (60)
5.Әкесі 39 жаста,ал баласы 8-де.Бірнеше жылдан кейін әкесінің жасы 54 ке келсе,баласы неше жаста болады? (23)
6.Қосындысы 15-ке,айырмасы 3-ке тең екі санды тап? (9+6) (9-6)
7.1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандар бір қатарға жазылған.Бұл қатарда 1 цифрі неше рет қайталанған? (18)
8.5 санына аяқталатын  216-дан артық,бірақ 235-тен кем санды тап? (225)
9.Қандай сан 4506 санынан 50 есе артық? (225300)
10.Астанада түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін Астанада күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (мүмкін емес)
11. Сәкен сабаққа сағат 8-де келіп,сағат 12-де қайтты.Ол мектепте қанша секунд болды? (240 секунд)
12.Ұшақ 7 сағат 35 минутта көтеріліп, 10 сағат 20 минуттан соң түсті.Ол қанша уақыт ұшты? (3сағат 25минут)
14.Қосарласқан үш ат 1 сағатта 24 км жүріп өтті.Әр ат қанша километр жүрді? ( 24км)
15.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. 6 жұмыртқа қанша минутта піседі? ( 4 минут)
16.Не ұзағырақ созылады? 1 тәулік немесе 1000 минут (1тәулікте 1440 минут)
17.Мандариннің 1/4 ін Марат жеді. 1 /2 ін Самат жеді.Қалғанын Сәкен жеді.Сәкен қанша мандарин жеді? (2/4)
Y тур
Математикалық ребустар
1. Н Н Н Н Н Н ( алтын)
4.Сөзжұмбақ -7

YI тур
Фокус
1.Санды ойластыр,оған 6-ны қос,қосындыдан 2-ні азайт және одан ойластырған санды азайт,нәтижесінде 1- ді қос.Болады 5.Неге ондай болады?
2.1.Тоғыз санын қағазға жазып ,оны конвертке саламыз
2.Осы конвертті досына беріп: «Конвертті ұстап тұр» дейді
3.Содан кейін досына калькулятор беріп, «Өзіңнің үй телефоныңның соңғы екі нөмірін сал»
4.Қалтаңда қанша ақшаң болса,сонша сан қос
5.Өзіңнің жасыңды қос
6.Өзіңнің үйіңнің нөмірін қос
7.Бауырларың мен апа-сіңілдеріңнің санын шегер
8.12-ні шегер
9.Өзіңнің жақсы көретін саныңды қос
10.Шыққан санды 8-ге көбейт
11.Алынған санның барлық цифрларын қос
12.Шыққан саннан бірді шегер,нәтежені айт (конвертті ашып көрсетеді)
44+20+10+27-3-12+5*8=640-1=9
« №27 жалпы білім беретін орта мектеп »КММ
« Математика еліне саяхат»
Математикалық сайыс 3-4 сыныптарЖауапты: Исабекова А.М