Санны? ?лесі ж?не ?лесі бойынша санды табу
Пәннің аты:
математика Сабақ №36 Уақыты: Сынып:3А Мұғалім:
Хадисова А.В.
Сабақтың атауы Санның үлесі және үлесі бойынша санды табу
Сабақтың жабдығы Сызба, тапсырма ,карточкалар, АКТ, стикерлер, кері байланыс
Жалпы мақсаттарҮлес,оның мағынасын ,үлес атауын ың ұғымдарын дамыту.Сан бойынша үлесті ,үлес бойынша санды табу туралы білімдерін қалыптастыру.. Жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқыту нәтижесі Сан бойынша үлесті ,үлес бойынша санды таба алады.
Психологиялық ахуал
3мин Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, көк Аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанамын! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, әртүрлі амандасады «Сағатты достар» тренингі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Топ басшыларын сайланады. Топ басшыларына бағалау парақшалары беріледі.
Үй тапсырмасын сұрау «Автор орындығы» стратегиясы арқылы тексеру.
Шапалақтап, оқушыларды бағалау
Қайталау «Доп лақтыру» ойыны арқылы өткен сабақты қайталау
Қызығушылықты ояту Бөлшектердің қашан пайда болғаны туралы әңгіме айтады: «Ерте заманда ұзындықтарды, аудандарды уакыт аралығын өлшеу қажеттілігі туындаған кезде жаңа сандар - бөлшектер пайда болады, өйткені өлшеу нәтижесі үнемі бүтін сандармен өрнектелген жоқ. Адамдардың бірінші танысқан бөлшегі бүтіннің жартысы, яғни екіден бір бөлшегі болды деп жорамалдайды. Дәл өлшеуге деген қажеттіліктен белгілі бір өлшем бірлігін бірнеше бөлікке бөлу шықты. Алғашқы өлшемдердің әр бөліктерінің өзінің атауы болды. Мысалы, қазақтарда, жартысы, ширегі, т.б. деп аталды. Бөлшекті алымы, бөлімі түрінде жазу 8 ғасырда Үндістанда және 4 ғасырдан кейін Еуропаға келді. Ежелгі Римде бөлшек жүйесі массаның өлшем бірліктерін бөлу негізінде болды»
Бүгінгі күнді жазу
Көркем жазу
Мағынаны тану
1 – тапсырма:
Есептерді шығару, нәтижелерін қосып дөңгелекке жазу
(әр топ бірін-бірі бағалайды)
4х5=20
2х6=24
3х3=9
18:2=9
2х5=10
40:5=8
101
7х3=21
3х4=12
5х5=25
6х4=24
2х4=8
12:2=6
18:3=6
97
2х8=16 4х2=8
5х3=15
15:5=3
6х4=24
27:3=9
5х6=30
101
3х4=12 4х4=16
5х2=10
18:2=9
25:5=5
9х3=27
7х2=14
102
7х3=21
2 – тапсырма:
10 есеп беріледі, оқушылар тек жауабын жазады (жұппен бағалау)
5х5, 60+18, 100-20, 4х4, 25+12, 36-16, 28+13, 44-18, 18:2, 20:4
3 – тапсырма:
Оқулықта берілген сөзді есепті шығару
№5, №6 74 бет
Жәшікте 16 кг алма бар. Оның төрттен бір бөлігі бәліштің арасына салуға алынды. Жәшіктен қанша килограмм алма алынды?
Ш:16:4=4
Ж: 4 кг алма алынды
Жәшіктегі алманың төрттен бір бөлігі 4кг тартады. Толық жәшікте қанша килограмм алма бар?
Ш: 4х4=16
Ж: Жәшікте 16кг алма бар
Асханаға 48 кг ұн әкелінді. Алтыдан бір бөлігі самса пісіруге жұмсалды. Қанша килограмм ұн қалды?
Ш:48:6=8
48-8=40
Ж: 40кг ұн қалды.
Асханаға 48кг ұн әкелінді. Самса пісіру үшін алтыдан бір бөлігі, ал кеспе үшін сегізден бір бөлігі жұмсалды. Қанша килограмм ұн қалды?
Ш:48:6=8
48:8=6
48-(6+8)=34
Ж:34кг ұн қалды.
4 – тапсырма:
Дөңгелектерді бөліктерге бөліп, үлестерін бояу
Сергіту сәті АКТ арқылы
Видеода көрсететін қимылдарды қайталау Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс «Кім жылдам?» ойыны
Үй тапсырмасы №7 75-бет Күнделіктеріне жазады
Кері байланыс Кеменің желкенін жасыл, сары, қызыл түстерге бояп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
Бағалау Алдымен топ басшылары бағалайды, содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды.
Дайындаған: Хадисова Анар Вахитовна
Көкшетау қаласы, №16 орта мектеп