Эссе «М??алім маманды?ы – барлы? маманды?ты? анасы»


Эссе
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, беделді де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды. Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі” атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын. 2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ой­науға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ға­жай­ып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы на­ғыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз­ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба­ғалай білу. Бо­лашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төле­не­тін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте, шәкірт­термен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қа­лыптасқан мұғалімдік маман­дық­қа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қа­был­дап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла­ры­на жіберетін құрсаудың бұзы­лып, ұстаз мамандығы ең жоға­ры ең­бекақы төленетін үз­дік ма­мандыққа айналса деп ар­ман­дай­мын. Өйткені, жаңа ға­сыр­да ғы­лымның, техниканың, өн­дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар­лық жүйесін жүйелі дамы­ту­ды талап етіп отыр, жаңа мүм­кін­діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/shygarma/1380-teacher.html?Like
© www.ZHARAR.com