Т?рбие са?аты Ардагерлер ?асымызда
Тақырыбы: «Ардагерлер қасымызда»
Мақсаты:
1. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;2. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, тақырыптық кітапханалық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.Барысы:
«Ауғанды еске ал» атты әуенмен жабдықталған видео көрсетіледі.
Тәрбиеші - Қайырлы күн құрметті де, қымбатты келген қонақтар, - 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алды. Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз! 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
1989 жылы ақпан айының 15- де аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де , қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлік ел есінде сақталуда. Бүгінде Ауған соғысы қажет пе еді ? деген сұрақтар көп қойылған кезде, сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайын. Тәрбиеші қонақтарды таныстырып өтеді.
Асылай :
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын, Қабірлері нұрға орансын, суық жерде жылынсын. Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін, Мәңгі бақи тірісіңдер, біздер үшін, тірісіңдер!
Жұлдыз: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын!
Тәрбиеші: Қонақтарымыз өздерінің ауған жеріндегі отты жылдар естеліктерін айту үшін сөз кезегін берейік.
Ауған соғыс ардагерлерінің естеліктерін тыңдау, сұрақтар қою, пікір алмасу
« Цыган биі» орындайтын бишілер тобы
Мөлдір:
Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болыпқалды.
Ән: « Сәлем саған туған ел» әнін Жұлдыздың орындауында тамашалаңыздар.- Мектебіміздің кітапханасында Кеңес армиясының Ауғаныстаннан шығарылу күніне арналған «Ауған қасіреті» атты кітаптар көрмесі жасалған. Ауған соғысына Кеңес Одағының кіріктіруі қазіргі таңда қателік деп есептеліп жүр. Ал сол кезде бүкіл Кеңес Одағының, оның ішінде Қазақстаннан да жас жігіттері осы мағынасыз соғысқа жіберілген болатын. Қаза тапқандар қаншама. ХХ ғасырдың тағы бір қасіретінің бірі еме пе..? Ал ендігі сөз кезегін кітапханашы Майраш апайларыңа береміз!1 оқушы Айдана
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер. Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер! Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті, Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты, Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Би: «Қазақ биі» Жадыраның орындауында тамашалаңыздар.
3 - оқушы Балнұр
Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
4 - оқушы Назира
Ерлік қылған ағаларым,аспан асты жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.
1–оқушыФариза Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Ақниет
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу жас ұрпақ сендердің борыштарың дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.- Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік!К
Ән: «Ақ көгершін»
№68 МИББ кешені
«Ардагерлер қасымызда»
Рахимжанова.А.Х.
Қарағанды қаласы