Урок по химии Сутекті? ?асиеттері, ?олданылуы, алынуы.
БҚО Қаратөбе ауданы Жусандой ауылы Жамбыл ЖОББМ-балабақшасы
Химия пәні мұғалімі : Бақытжанова Баян Темірхановна
Сыныбы: 8 09.02 2017
Сабақтың тақырыбы Сутектің қасиеттері, қолданылуы, алынуы.
Сабақтың мақсаты Сутегінің физикалық, химиялық қасиеттері туралы мағлұматтар беру. Сутегін алуға арналған құрылғы Кипп аппаратымен таныстыру. Әр түрлі тапсырмалар орындатып, сыни ойлауға үйрету, суретер көрсету арқылы дүниетанымын кеңейту. АКТ пайдалана білу дағдыларын қалыптастырып, топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже -Сутегінің алынуын біледі
-Физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата алады.
-АКТ- ны пайдалана біледі,
-Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді,
-Өзіндік ойларын ашық айта алады.
Сабақтың типі Жаңа сабақты меңгерту
Әдістер Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, топтық жұмыс, АКТ элементтерін қолдану, оқыту үшін және оқуды бағалау, қабілетті оқушыларды анықтау.
Дереккөздер Химия 8- сынып оқулығы Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина. Алматы, «Мектеп» 2016ж.
Көрнекіліктер Оқулық, периодтық жүйе, интерактивті тақта, бағалау парағы, тест тапсырмалары.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
(3 мин) Оқушылармен амандасу, топқа бөлу.
1 топ: Монооксидтер
2 топ: Диоксидтер
3 топ: Триоксидтер
Үш топқа бөлемін.
Оқушыларға элемент таңбасы жазылған парақшалар таратылады, сол парақшалар арқылы оқушылар оксидтің формуласын құрастыру арқылы, өз тобын табады. Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бөлінеді, ол үшін формула құрастыра білуі керек. Бағалау парағы топ жетекшілеріне таратылады
Білу:
Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында интерактивті тақта арқылы тапсырмасы береді.
«Химиялық диктант»
1.Сутек -Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде ... орында тұр.
2.Химиялық таңбасы - ...
3.Салыстырмалы атомдық массасы ...
4.Газ күйіндегі сутек ... тұратын молекуладан тұрады.
5. Күн жүйесі ғаламшарының ... құрайды
6.Сутектің көп тараған ең басты қосылысы -...
7.Сутектің судағы массалық үлесі ...
8.Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі ...
9.Сутектің ... ретінде болашағы зор.
10.Сутек ... және ... пайдаланылады. Тапсырманы әркім өзінше орындайды.
Жұмыстарын ауыстыру арқылы тексереді Тапсырма бойынша бағалау
Түсіну
(жаңа сабақты меңгерту.) Әр топқа жеке –жеке тапсырма беріледі 1 топ: Сутекті алу
2 топ: Кипп аппаратының құрылысы
3 топ: Сутектің физикалық қасиеті,қолданылуы Тапсырманы мұқият оқып, постер қорғауға әзірленеді Қолдану Мұғалім оқушы жауабын тыңдап,толықтырады. Химиялық қасиетін түсіндіреді. Сутек молекуласының құрылысы қарапайым болғанымен, едәуір берік қосылыс.
1.Қыздырғанда оттекпен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөледі, нәтижесінде су түзіледі.
2Н2 + О2 = 2Н2О
2.Күкіртті балқыта отырып, оған сутек газын жіберсе, шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар күкіртсутек газы түзіледі.
H2 + S = H2S
3.Хлормен әрекеттесіп, өткір иісіті хлорсутек газын бөледі.
H2 + Cl2= 2HCl
4.Қыздырғанда белсенді металдармен әрекеттесіп, гидридтер түзеді.
2Na + H2= 2NaH
Ca+ H2 = CaH2 Әр топтан мұғалімнің шақыруы бойынша оқушы шығып, тақырыпты қорғайды. Талдау Тақырыптың соңындағы есептерді шығару Тест тапсырмалары
№8 ,10,11,12 есептер Оқушылар топтаса отырып орындайды. Жинақтау Тапсырма береді Сәйкесін тап:
Zn+H2SO4 Ca(OH)2+H2
Ca+2H2O 2HCI
H2+CI2 2NaH
2Na+H2 ZnSO4+H2 Оқушылар шапшаң орындауы керек. Бағалау. Үйге тапсырма Сутектің физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы,қолданылуы Рефлексия
Нәтижені бағалау.