Саба? жоспары: Т?уке ханны? билік ??руы ж?не оны? за?дары 7 сынып
Бекітемін:
«___»_________2015 жыл
Пәні: Қазақстан тарихы 7 б – 9.04.2015 жыл
Тақырыбы:
Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары
Мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгеру, сыни ойлауын дамыту, қорытынды жасау, тарихи фактілерді есте сақтау
Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырыпты меңгереді, қорытынды жасайды, тарих фактілерді жаттайды.
Кезеңдері Формасы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
(5 минут) Топқа бөлу Оқушылармен амандасады, түгендейді
Көңіл-күйлерін біледі Амандасады;
Көңіл-күйлерін көрсетеді. Оқулық
Үй тапсырмасын сұрау
(10 минут) Картамен жұмыс Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай хандық? /Сібір хандығы/
Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай? /Шу- Талас
Есім хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Түркістан/
Тұрсын хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Ташкент/
Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды,қай мемлекеттер/Әбілқайырхандығы мен Моғолстан Картамен жұмыс жасайды. Көру, есте сақтау қабілеттері артады.
Мадақтау Карта, стикер
Тест жұмысы 1.Есім хан тұсында өзін тәуелсіз хан жариялап,Ташкент қаласын астана еткен билеуші: а) Абақ хан
б) Абылай сұлтан
ә) Әбд-ар-Рахым хан
в)Тұрсын хан
2. 1611 жылы бұхар әскерін басқарып келген хан? а)Абдаллах хан
ә) Әбд-ар-Рахым хан
б)Имамқұли
в)Абақ хан
3. 1627 жылы Есім хан кімдерге қарсы соғысқа аттанды? а) Қалмақтарға
б) қытайларға
ә) бұхарлықтарға
в) хиуалықтарға
4. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды? а)”Қалмақтардың аңырауы”
б) “Мұз қырғыны”
ә)”Отырар апаты”
в)Қатаған қырғыны
5. Есім хан қалмақтарға қарсы соғысқа аттанғанда ,Тұрсын ханның әрекеті? а) Баласағұнды шабады
б)Түркістанды шабады
ә)Сығанақты шабады
в) Таразды шабады
Топтық бағалау, топбасшы Таратпа тест жұмысы, бағалау парақтары
Детальдарды қосу әдісі Өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартты” бұзған,1582-1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған?
Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1млн-ға жетті?(1511-1518 жылдары)
Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп жариялап , 1598-1628 жылдары хан болды?
1582 жылы Тәуекел хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп,1538-1580 жылдары ел билеген қай ханның кегін қайтарды?
1991 жылы 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш президенті Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты актуалдайды. Жаңа тақырыптың атауын шығарады Мадақтау Интер.тақта
Жаңа тақырыпты игеру
(25 минут) Showdown әдісі Үш сұрақты үш конвертке салып, әр топқа бір-бірден береді. Дайын болған топ қол көтеріп дайын екендіктерін білдіреді.
Тәуке -
Қандай хан?
Хан тағына отыруы:
Тың өзгерістер:
Талдайды, қорытындылайды, жинақтайды, бағалайды, салыстырады, тәжірибеде қолданады Бармақпен бағалау Оқулық, ғаламтор суреттер мен мәліметтері, ҚР-ның саяси картасы
Шығармашылық жұмыс Көрініс қоюға бағыт береді:
Тәуке хан
Жеті Жарғы
Ұлы билер Оқушылардың ізденісі артып, шығармашылықпен жұмыс жасайды, актерлік қабілеті артады, сенімділікті арттырады Критерий арқылы бағалау Оқулық, газет, жабыстырма, мата, қайшы, желім
Сабақты қорытындылау (5 минут) Венн диаграммасы Қазақ Қазақстан
хандығы Республикасы
Ортақ белгілер
Сұрақтарға жауап береді, логикалық қорытынды жасай алады. Қорытады Фейер верх Оқулық
Сабақты талдау Не сәтті болды? Не сәтсіз болды?
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?