Баяндама Ауылды? жерде ?осымша білім беру ?йымыны? отбасымен ж?мысын ?йымдастыру


Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Ауылдық    жерде   қосымша   білім   беру   ұйымының  отбасымен  жұмысын   ұйымдастыру
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Қосымша білім беру орталықтарындағы ең негізгі мәселелердің бірі-шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Қосымша білім беру орталығы үйірмелеріне қатысатын оқушылардың барлығы дарынды оқушылар. Себебі олар өздерінің сүйікті ісімен айналысып,толыққанды  меңгеруге тырысады.Сол себепті қосымша білім беру орталығындағы педагогтар әр баланың бойындағы даралық ерекшеліктерін анықтап,сол бойынша жұмыстар атқаруы керек.Оқушыны қызықтырып,өнерге тарта білулері қажет.Әр ұйымдастырылған сабақ үлгісі екінші өтетін сабаққа ұқсамауы керек.Яғни сіздің алдыңызға келетін баланың талабан қанағаттандыру қажет.Мысалы вокал бөліміне қатысатын оқушы эстрада жанрынан гөрі халық әндерін,халықтық нақыштағы орындалған әндерді ұнатады.Олай болса сол бағытта жұмыстар жасап,баланың қалыптасуына жадай жасау керек.Мемлекеттің білім беру саясаты қосымша білім беру  ісіне үлкен көңіл бөлген. Оны мемлекеттің «Білім туралы  Заңынан(2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) көруге болады37-бап. Қосымша білім беру
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қосымша білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларға білім беру қызметтерін көрсетуді бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде береді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндірісте және мемлекеттік ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады деп атап жазылған.
 
Қосымша білім беру — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің дарынды жастары қосымша өнер орталықтары  арқылы өмірге жолдама алады. Қосымша білім беруді еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөліп алуға болмас. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен тығыз байланысты. Міне, қосымша білімнің  үлкен тәрбиелік қызметі осында.Қосымша білім беру арқылы  тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыруға  және біріктіруге болады. Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, оқушылармен  жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан қосымша білім беру — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір — жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы білім беру орталықтарының одақтасы. Ол бала тәрбиесі мен оның дарынын ашу жолында мектеппен   тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.Отбасы тәрбиесі — бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.Отбасындағы басты мәселелердің бірі — баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатынталаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі — ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі — өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.Баланың не нәрсеге бейімділігін,қызығушылығын анықтау болып табылады.Қоғам бізге тап қазір, жаһандану заманында, жан — жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүстірін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен әдебиетіне, салт — дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай — ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орны ерекше.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің бастауы. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуы мен қызығушылығын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушылардың жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.Шығармашылық адамын тәрбиелеу процесі жаңаша технологиямен ұйымдастырудың маңызы өте зор. Шығармашылық дегеніміз, оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан балалық кезде көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілет көрсеткіштері екенін ұмытпағанымыз жөн. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Ең маңыздысы – қабілетті оқушыны зеріктіріктіріп алмау.
Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.
Ол үшін бірінші шығармашылыққа бет бұрған оқушының  отбасымен қосымша білім беру педагогінің тығыз байланысы,ынтымақтастығы бірінші орынша шығады.Өйткені шығармашыл тұлғаның қалыптасуына педагог пен қатар отбасының ролі жоғары.Егер  отбасы дарынды баланы толық қолдамаса, онда баланың шығармашылық болашағы тоқтап қалуы әбден мүмкін.Баланың шығармашылық жетекшісі балаға жақсы білім бергенімен,отбасындағы қолдауға үнемі зәру. Сондықтан шығармашылық орталықтар (қосымша білім беру) дарынды оқушымен жақсы нәтижеге жетуі үшін,оның отбасымен байланысының маңызы зор.Байланыстың дұрыс жолға қойылуы педагог пен ата-ананың ынтымағында деп есептеймін.Егер ата-ана педагог бен оқушының кейбір қарапайым талаптарын орындай алуымен өз қолдауын көрсетеді.Мысалы менің оқушыларым әр түрлі ән байқауларына қатысқанында ,ата-аналары бірге жүреді.Мұның өзі оның педагог пен оқушының шығармашылығының дамуына әсер етері сөзссіз.