Бала т?рбиесі ата-аналар жиналысы


Бала тәрбиесі (ата-аналар жиналысы)
Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.
Баяндама:
Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен.
Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уыктар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сиықты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Отбасында балалармен қарым – қатынасты анықтайтын методика
Егерде өз балаларыңыз бен отбасындағы қарым – қатынастың дұрыстығына жақсылап түсінгіңіз келсе, төменгі сұрақтарға жауап беруді ұсынамын:
Өз отбасыңызда балалармен өзара түсінік бар деп есептейсіз бе?
Өзіңізбен балаларыңыз шын пейілмен сөйлесе ме, немесе өздеріне ғана қатысы бар істер жөнінде ақыл сұрай ма?
Сіздің жұмысыңыздың қандай екенін білгісі келе ме?
Өз балаларыңыздың достарын білесіз бе?
Олар сіздің үйде бола ма?
Сіздермен бірге балаларыңыз үй шаруасына қатыса ма?
Олардың сабақты қалай оқып жүргенін тексеріп отырасыздар ма?
Сізде олармен ортақ қызықтарыңыз, іс-әрекеттеріңіз бар ма?
Мейрамға дайындыққа балалар қатыса ма?
Балаларыңыз балалар мейрамын сіздермен бірге өткізгісі келеді ме, әлде сіздерсіз өткізуді жарата ма?
Оқылған кітаптар туралы пікір алысасыздар ма?
Телевизиялық хабар мен фильмдерді баламен бірге әңгіме етесіздер ме?
Балалармен бірге серуендеуге, туристік саяхатқа барасыздар ма?
Кезекті еңбек демалысын балалармен бірге әлде бөлек өткізгілеріңіз келе ме?
Жауапты «ия» деп берсе, 2 баллмен, «жартылай», «кейде» десе -1 баллмен, «жоқ» десе - 0 баллмен бағалайды.
Содан кейін есеп жүргізіледі. Егер сіз 20-дан артық балл алсаңыз, сіздің балалармен қарым – қатынасыңыз негізінен дұрыс.
Егер де 10-20-ға дейін болса, қанағаттанарлық, бірақ қарым – қатынастың жан – жақтығы жеткіліксіз, сондықтанда оны тереңдететін және толықтыратын жағын ойластырыңыз.
Егер баллыңыз 10-нан екем болса, балалармен қарым – қатынасыңыз айқын жеткіліксіз. Оны жақсартудың жолын табу керек. Осы отбасы туралы тестің сұрақтарына жауап беріп, керекті жөндеулер жүргізіңіз. Бұл сіздерге де, балаларға да керек.
Ата-аналарға арналған хат.
Презентация
ІІ тоқсанның қорытындысы, табельге қол қойдыру
Әр түрлі сұрақтар
Жүректен жүрекке құрметті ата-аналар! Енді осы балаларымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектерінізді қағазға жазып ағашты көркейтейік.Қорытынды:
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтың тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.