Сауат ашу Г дыбысы мен ?рпі 1сынып
Сауат ашу “Гдыбысы мен әрпі”
Сәтпаев қаласы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтбаева Айзада Мырзағалиқызы
Пәні : әліппе
Тақырыбы: «Г» дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Г» бысы мен әріпін таныстыру.
Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы білімін, түсінігін пысықтау. Ұлттық дүниетанымын кеңейту. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық, танымдық қабілеттерін шыңдау, әдептілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем жазу, сурет салу және т.б. Көрнекілігі: гүл теру ойыны, бәйге жарысы, үлестірме қағаздар, әліппе, дәптер, кеспе әріптері және т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
ә) балаларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аударту
в) күн ретімен таныстыру
- Балалар бүгін қараша айының нешесі? Қай күн?
-Қараша айының жиырма бірі, сейсенбі.
Өтілген әріпті еске түсіру
-Балалар өткен сабақта қандай әріп өттік?
-«Ү» дыбысы мен әріпі.
-«Ү» дыбысы қандай дыбыс?
-«Ү» дыбысы дауысты дыбыс, әндетуге келеді.
-Ендеше, қызыл отауға кіргіземіз.
-«Ү» дыбысы кездесетін сөздер айту. «Бәйге» жарысы арқылы 3 қатар бойынша:
үй күн күз
үй үлкен күншуақ Күзде жемістер піседі.
Жаңа сабақ.Жұмабақ шешу.
Келеді спар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығып, көп түспес қолдан
Қызығы оқысаңыз тамашалап,
Қаласыз хабарласып барлық жадан. (Газет)
-Балалар біз газетті істейміз бе?
-Біз газетті оқимыз, жаңалық білеміз.
-Балалар «газет» деген сөзде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
-«Г» дыбысы, дауыссыз дыбыс
«Г» дыбысы дауыссыз дыбыс, әндетуге келмейді.
Сондықтан көк отауға кіргіземіз.
-«Г» дыбысы кездесетін адам аттарын айтып, жарысу. Қатар бойынша:
I топ: Гүлсім, Гүлім, Гүлназ
II топ: Гүлмира, Гүлшат, Гүлзат
III топ: Гүлжан, Гүлзира, Гүлим т.б.
-«Г» дыбысы бар адам аттарын қандай әріптен басталып жазылады?
-Бас әріппен.
«Г» дыбысын тақтаға жазып көрсету.
-Гг Гг Гг
-«Г» дыбысына ұқсайтын қандай әріп бар?
-«Ғғ» дыбысы.
-«Гг» мен «Ғғ» дыбыстарының айырмашылығы бар ма?
-«Г» дыбысының белінде белбеу жоқ, ал, «Ғғ» дыбысының белінде белбеу бар.
«Ғғ» мен «Гг» ажырата білу
Кітаппен жұмыс:
-Балалар, мына суреттен нені көріп отырсындар?
-Гүл
-«Гүл» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- 3 дыбыс, 3 әріптен құралған.
-Гүлдің ең бірінші несі болады?
-Тамыры (қоңыр)
-Сабағы (жасыл)
-Жапырағы (жасыл)
-Күлтесі болады (әртүрлі).
Суреттің астындағы сөздерді оқып, буынға бөлу. Егіз, егін, егеу, сегіз, керемет, бетеге, шеге, неге, мезгіл т.б.
-«Г» дыбысы қай буында кездесіп тұр?
-Балалар, сенлер қандай құстардың аттарын білесіңдер?
-Қарлығаш, кептер, торғай, шағала т.б
-Ал, сендер «көгершін» деген құсты білесіңдер ме? Естігендерің бар ма?
-Бұл - бейтітшілік құсы. «Көгершін» сөзін буынға бөліп айту. Кө-гер-шін.
«Ақ көгершін» өленін оқу, мазмұнын айту.
Ақ көгершін, көгершін
Қолғанат құс сен едің
Бар кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемін
Әділеттің құсы деп
Көз алмастан жолынан.
Бақы құсы болсын деп
Ұшырамын қолымнан
«Гүл теру» ойыны.
-Қатар бойынша жарысып, гүлдердің артындағы сөздерді, сөйлемдерді оқу.
Суретпен жұмыс.
Алуан гүлді жинайын
Анама оны сыйлайын
Гүлге толған құшағы
Искеп мені құшады.
Қыз өссе, елдің көркі
Гүл өссе, жердің көркі
Жер аудырып, ауладан
Біраз –ақ мен тер төктім
Біле білсең гүл деген,
Қуанышы – ау жүректің
«Егін», «шеге» сөздерінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыраты.
Дәптермен жұмыс.
«Гүлсауыт» сөзін алайық.
«Г» әріпін жазып, суреттен де салайық дей отырып, дәптермен жұмыс жүргізу.
Дәптердегі сөздерді буынға бөліп айту, оларды түрлі-түсті бояумен бояу.
Сергіту сәті.
Тербеленіп ағаштар,
Алдымнан жер еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
Сабақты қорыту.
-Балалар, біз бүгін не үйрендік?
-«Г» дыбысы қандай дыбыс? Сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Бағалау.
«Бәйге» ойыны арқылы алға шыққан оқушыларды мадақтау,сыйлықтар бере отырып бағалау.
Үйге тапсырма.
Гүлдің суретін салу. «Гүлді не үшін сыйлайды?» деген сұраққа жауап айту.