Сауат ашу 1сынып Х дыбысы мен ?рпі


Бекітемін
'' Көкпекті орта мектебі''
КММ директоры
_________________ А.Б. Танысбаев
2015 ж.
Х х   дыбысы мен әрпі
(ашық сабақ )
1 « Б » сынып
Орындаған: Н.Р.Оспанова
2015-2016 оқу жылы
Күні/айы: 27.11. 2015 ж. Пәні: сауат ашу Кабинет: 22 Мұғалім: Н.Р. Оспанова
Сабақтың тақырыбы: Х х   дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты Х х   дыбысы мен әрпі туралы түсінік беріледі, мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізіледі
Күтілетін нәтежие: Х х дыбысы мен әрпі туралы біледі, мәтіннің мазмұнын түсінеді
Ресурстар: Асық, хаттар, суретті карточкалар, проектор, қоржын т.б
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру Сабақтың мақсатын түсіндіру Сабаққа назар аударуСыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
(Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер)
а) Оқушылардың назарын сабаққааудару.
б)«Жылулық шеңбері»
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
(Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу) Қоржынға салынған асықтарды оқушыларға тарату. Түрлі түсті асықтар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді
Өткенді қайталау
(Оқытудағы басқару және көшбасшылық) 1.Оқулықтан «Жарыс» мәтінің мәнерле оқу.
2.Ойын «Сенесің бе?» 
І топ:
Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады ма? (ия)
Медеу мұз айдыны ма?. (ия)
Өркеш сөзінде 3 буын бар ма? (жоқ)
ІІ топ:
Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді ме?. (ия)
Аңдар орманда, тауда, далада өмір сүрмейді ме?. (жоқ)
Ы – жуан дауысты дыбыс па?.(ия)
ІІІ топ:
І – жіңішке дауысты дыбыс па? (ия)
Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз бе?.(жоқ)
Немере сөзінде 2 буын бар ма?. (жоқ)
ІҮ топ:
Ю дыбысы қосарлы дыбыс па?. (ия)
Қошақан сөзінде 3 буын бар ма?. (ия)
Әріптерді біз жазамыз, көремізбе?(ия) Әр бір топтан асықта белгісі бар оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.
Айтқан тұжырымдарға «Ия», «Жоқ» деп жауап береді
ІІ. Жаңа сабақ  
Сыни тұрғыдан ойлауға уйрету, диалогтік оқыту
(оқушылар сабақтың тақырыбын өздері шығарады)
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануОқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Бекіту, қорыту (кері байланыс)
Бағалау
Оқыты үшін бағалау және оқуды бағалау
Қызығушылығын ояту
1.Топ аттарын жасыру (кітапхана, дәріхана, шеберхана,асхана)
Туысқаннан, таныстан
Келетұғын хат, хабар.
Қай әріптен басталған?
х  дыбысы қандай дыбыс?
Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Хат, хабар – басындаАсхана, дәріхана – ортасындаТарих, шах — соңында
Хат туралы мәлімет беру.
 Хат жанры – ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі.
Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жібереді.Хат тасушы адамды кім дейді?- Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. Хатты жазып болған соң оны конвертке салып, сыртына хат алушының мекен жайын жазып, поштаға апарып саламыз .Бұрынғы кезде пошта болмаған кезде  көгершіндер пошташының рөлін атқарған. Хат түрлерін айту.
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс
Сөздерді оқу
Хор, хат, хабар, халат, кітапхана, шеберхана, асхана.
2.Сөздік жұмысы жүргізіледі (түсінбеген сөздерін сұрау)
-хат-хабаpжiбеpуүшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.Хор-музыканы қосылып оpындайтынәншiлеp тобы.Хан-елбилеушi .Саяхат – алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.Хабар-жаңалықХалат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттiсөздеpi, өсиеттеpi.Шахмат-ойынХаттама- жиналыстың, мәжiлiстiңбаpысытуpалы жазылған қысқаша мазмұндама.Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
Мәтінмен жұмыс: «Кітапхана»
Мәтінді оқу.А) мұғалімнің оқуыӘ) Оқушылардың оқуыБ) Сөздік жұмысыБіздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан апай кітапханашы. Ол маған кітап берді.Мазмұнын ашу сұрМәтінде не туралы айтылған?Кітапханада нелер бар?Онда кімдер барады?Кітапханашы апайдың аты кім?Ол саған не берді?Мәтінмен жұмыс ( тауып оқу)Кітапхана қандай?Онда қандай кітаптар бар?Кітапханашы апайдың аты кім?Пікір алу стратегиясы.- Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?– Кітапхана бар.– Кітапханада нелер бар?– Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.Біздің кітапханаға бардыңдар ма?Қандай кітаптар алдыңдар?-Сергіту сәті. 2.Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,Қолға қалам алайық,Көлбеу қойып дәптерді,Әдемі етіп жазайық.Х дыбысын жазу.
Постер қорғау:
1-топ. Буындардан сөз құрау
2-топ. х, һ дыбыстары бар суреттер жапсыру
3-топ. Буын, сөз, сөйлем құрау.
«Бес саусақ » әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Қандай әріппен таныстық?
Кері байланыс
Х әрпінен басталған сөздерді атау
Х – дауыссыз, қатаң дыбыс
х сөздің басында, ортасында, соңында   келеді (мысалдарды оқушыларға келтірту).
Оқушылар жаттығуларды бірдей жасау керек. Денелерін жаттықтырады.
Мәтінді оқып, топпен талдайды, сөйлеу тілін дамытады.
Топта талдап постер құрап, топ басшысы оны қорғайды.
Оқушылар сабақтың ұнаған ұнамағаны туралы берілген смайликтарды тандап алады.