?дебиеті п?нінен Ыбырай Алтынсарин ?ыпша? Сейіт??л та?ырыбына ашы? саба? дайындамасы


Пәні: Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин « Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіСабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. Әңгіме жанры туралы түсінік қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік - дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: Ыбырай Алтынсарин тұлғасын үлгі ете отырып, білімге, ізденімпаздыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың түрі: Өз бетімен жұмыс.Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс - тәсілдер, «Блум токсономиясы». Модульдік оқыту -«Мені түсін», «Тұлғаны таны», "Шеңбер бойымен әңгімелеу " СТО - "Бес жол өлең", "Екі жақты күнделік", «ой-толғау» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырайдың суреті, мультимедия, тірек сызбалар, жазушы туралы лебіз сөздер, интерактивті тақта, презентацияСабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққаәзірлігін тексеру, сабаққа назар аударту.
ІІ.БілімБлум токсономиясыБілу «Тұлғаны таны»Түсіну Топтық жұмысҚолдану «Ұқсастық және даралық»Талдау Деңгейлік тапсырмаларЖинақтау «Шеңбер бойымен әңгімелеу»Бағалау «Топтастыру»I. Қызығушылықты ояту. (Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің суретін көрсетіп, бұл тұлға туралы не білетіндіктерін сұрау.)Оқушылар Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріне тұңғыш мектеп ашқан, «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен» өлеңдері мен «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» әңгімелерінің авторы деп жауап берді"Тұлғаны таны"II. Мағынаны тану.Білім. Өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.1841жылы қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келді.1850 жылы Орынбор қаласындағы мектепке алынады1857 жылы атасы Балғожа биге хатшы болады1859 жылы ғалым, профессор В. В. Григорьевпен танысады1860 жылы Торғайда мұғалім қызметін бастайды.1864 жылы мектеп ғимараты ашылады.1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен танысады1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы.1881жылы Омбыда тұңғыш рет мұғалімдер даярлайтын мектеп ашылды.1889 жылы дүние салды.ІІІ.ТүсінуБұл бөлімде оқыған әңгімені түсіну үшін 3 топ үзінді оқи отыра, сол үзіндіні келесі топқа айтып, әңгіме мазмұнымен танысады.Топтық жұмысІ. «Екі жақты күнделік»Үзінді Оқушы пікірі Мақал - мәтелдерҚыпшақ Сейітқұл отызүйлі тобырымен, жұрт -тың тегіс аттаныс барым -тасы бар уақытта, бұлотыз үй кедейді қалайыншаетсем байытып, халыққатарына қосамын деп ойғақалады.ІІ. «Сөздікпен жұмыс»Берілген сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, орыс тіліндегі баламасын таптырамын.Барымта - воровствокөшпелі ел - кочевой народбейнет - трудностьжарлы - жақыбай - бедныйжалаңаш - голодныйкәсіп - хозяйствоайырбас - обменжәрмеңке - ярмарка.IV.Қолдану«Ұқсастық және даралық» (Оқушылар әңгімелерден ұқсастық пен даралықты табады)Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің бірнеше әңгімелері беріледі. Осы әңгімелердің ішінен мағынасы мен мазмұны ұқсасы алынады.Әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Аурудан аяған күштірік», «Мейірімді бала», «Сәтемір хан» т. б.Ұқсастық және даралықӘкесіV.Жинақтау. Деңгейлік тапсырмалар(Бұл бөлімде оқушылар берілген тапсырманы қабілетіне қарай орындайды.)І деңгей«Бес жол өлең»1. Зат есім.2. Сын есім.3. Етістік.4. Тақырыпқа байланысты төрт сөз.5. Синоним.1. Ыбырай.2. Қайраткер, ұлтжанды.3. Педагог болды, мектеп ашты, әңгіме жазды4. Халқына жарық сәуле болды5. ЖазушыІІ деңгейӘңгіме мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ құрастыру тапсырылады.1. Қыпшақ Сейітқұл қандай ойға қалды?2. Елді байыту үшін қайда барды?3. Қабырғаның бойына келген Сейітқұл кедейлерге не берді?4. Кедейлер қалай еңбек етті?5. Егіннен шыққан өнімнің артығын қайда апарады?6. Қыпшақ Сейітқұл ел алдында қандай құрметке ие болды?Әңгімені мазмұндау үшін жоспар құрастыру.1. Отыз үйлі тобырдың қамын ойлаған - Қыпшақ Сейітқұл.2. Торғай жеріндегі Қабырға өзенінің бойына орналасуы.3. Отыз үйлі кедейлермен бірге егін егу.4. Еңбегі жанып, малы көбейіп, бай болу.5. Сейітқұлдың жұрт ағасы атануы.III деңгейVI. Ой толғау.Еңбек адам өмірінде маңызды орын алады. «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті» дегендей адамның өз еңбегімен тапқан «наны», «асы» адал болады. Еңбекпен бағы жанған негізгі кейіпкер Сейітқұл мен ағасы Бақтығұлға мінедеме жазғызу.
VII.Үй тапсырмасы.«Егер мен қазіргі заманның Сейітқұлы болсам ...» тақырыбына ой-толғау немесе эссе жазу, әңгімені қайталап оқу.Бағалау«Топтастыру»Бүгінгі сабақта өткен Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын жинақтау мақсатында «топтастыру» әдісі қолданылады. XIX ғасырда қазақ даласына өрмелеп шығып күн болған, жұртына білім сыйлаған біртуар тұлға деп күннің суретін салдым. Оқушылар алған білімдерін жинақтап, түйіндейді.