Уро по теме Физикалы? теория. Физикалы? шама 7 класс
Пәні: физика
7 сынып
Сабақ тақырыбы:§6 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.
Сабақ мақсаты: Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже: Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру екендігін, физиканың 4 іргелі теориялары туралы жалпы мағлұматтар арқылы түсінігі қалыптасады.
Сабақ барысы:
Уақыты Мұғалім әс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
Болжам дегеніміз не?
Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.
Физиканың 4 іргелі теориялары:
Классикалық механика теориясы;
Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
Электродинамика теориясы;
Кванттық механика теориясы.
Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.
Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.
ІV. Практикалық тапсырмалар орындау және есептер шығару.
1-жаттығу.
№1, №2, №3.
V.Пысықтау. ББҮ кестесі
VІ.. Үйге тапсырма: §6 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.
VІІ. Бағалау Оқушылар көңіл күйлері анықталады
Сұрақтарға жауап беру
Электронды оқулық және оқулықтар арқылы оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыптан өз беттерінше оқып шығады.
Екі оқушы түсінбегендерін сұрау арқылы және бір-біріне түсінік беру арқылы оқиды.
Соңында мұғалім жалпы түсінік беріп отырады.
1-жаттығу.
№1, №2, №3. Тапсырмаларды орындау.
Кестемен жұмыс
Екі оқушы бірін-бірі бағалайды.
АКТ
АКТ, құралдар, оқулық
ЭО
Оқулық, тақта
Үлестірме қағаз