Конспект урока на тему: Физикалы? шама. Шамаларды ?лшеу. ?лшемдерді? метрлік ж?йесі.


Сабақ тақырыбы:§6. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшемдердің метрлік жүйесі.
Сабақ мақсаты:
1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
Болжам дегеніміз не?
Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.
Физиканың 4 іргелі теориялары:
Классикалық механика теориясы;
Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
Электродинамика теориясы;
Кванттық механика теориясы.
Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.
Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

ІV. Есептер шығару.
1-жаттығу.
№1, №2, №3.V.Пысықтау.VІ. Қорытындылау.VІІ. Бағалау.
Үйге тапсырма: §6. 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.