Саба? жоспары ?аза?стан-егеменді мемлекет (5 класс)
Қазақстан тарихынан әңгімелер. 5 класс
Тақырыбы:Қазақстан- егеменді мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақСабақтың типі: интерактивтіСабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, ой шақыру, постер қорғау.Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының рәміздері», Қазақстан картасы, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұшақ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру: қағаздан ұшақ жасап, бір жақ қанатына сұрақ жазып, бір-біріне ұшырады. Ұшақты ұстап алған оқушы екінші қанатына жауап жазып қайтарып береді. Сұрақтар үлгілері: Ғарыш сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (кеңістік, космос); Әлемде тұңғыш ғарышқа кім және қашан ұшты? (Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде); Түңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) т.б.
Сұрақтарға дұрыс әрі шапшаң жауап берген оқушыларға тиын беріледі. Сабақ соңында оқушылар жинаған тиындары арқылы бағаланады.III. Жаңа тақырып: Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілгелі отырған сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан-егеменді мемлекет
1.«Күннің шуағы» Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды. 1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан) 2. ҚР президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев) 3. Тудың түсі қандай? (Көгілдір) 4. Біз қай қалада тұрамыз. (Ақтөбе қаласы) 5. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет) 6. Қазақстан Республикасында қандай рәміздер бар? (елтаңба,ту, әнұран)
- Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз «HYPERLINK "http://hl.mailru.su/mcached?q=%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%20%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B5%D1%82%20%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B%20%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%20%D0%B6%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%8B%205%20%D0%BA%D0%BB&qurl=http%3A%2F%2Fbilimdiler.kz%2Fbastaush%2F10873-kazakstan-kop-ultty-tauelsiz-memleket.html&c=16-1%3A53-1&r=1718056&fr=webhsm"Қазақстан-Егеменді мемлекет
Орнымыздан тұрып, HYPERLINK "http://hl.mailru.su/mcached?q=%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%20%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B5%D1%82%20%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B%20%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%20%D0%B6%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%8B%205%20%D0%BA%D0%BB&qurl=http%3A%2F%2Fbilimdiler.kz%2Fbastaush%2F10873-kazakstan-kop-ultty-tauelsiz-memleket.html&c=16-1%3A53-1&r=1718056&fr=webhsm"Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаймыз.
(Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы видео көрсетіледі.)
2.Картамен жұмыс
-Қазақ хандығының құрылған жерңі (Жетісу)
-Қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет қай қалада болды? (Целиноград)
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
-Біз қай қалада тұрып жатырмыз? (Ақтөбе)
-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қай қалады болды? (Алматы)
-Ядролық сынақ жүргізілген қала (Семей)
2.«Конверттегі сұрақтар»: әр топқа конверттер таратылады. Конверт ішіндегі сұрақтарға топ ішінде 1 минут ойланып жауап беру ұсынылады. Сұрақтар:
1-топ: Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады? ( КСРО құрамында болғанда Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмады. Үнемі Мәскеуден берілген нұсауды ғана орындауға тиіс болды. Экономикалық жағынан да Қазақстан өз байлығын өзі ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының 1 %-ы ғана түсті).
2-топ: Қазақ халқының өз рухани байлығынан айырылу қаупін неден көруге болатын еді? (Ұлттық ерекшеліктер ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтар өз тілін, салт-дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді, т.б.).
3-топ: Бүгінде Қазақстан әлем алдында егемен ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр? (Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. БҰҰ-ның мүшесі, мемлекеттік рәміздеріміз қбылданды, ұлттық теңгемеіз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді, Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды, т.б.).
3. Кластер толтыру
1-топ КСРО
2-топ Қазақстан
3-топ Елбасы
ІҮ.Қорытынды кезеңСабақты қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?6. Президент мемлекет үшін кім?
Ү.Үйге тапсырма: 1.Шығармашылық жұмыс: «Тәуелсіз елім тұғырым»
/буклет,альбомдар, сөзжұмбақдайындау. /
ҮІ.Бағалау: Оқушыларды жинаған тиындары арқылы бағалаймын.
1.КСРО қай жылы ыдырады?
2.Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет қай қалада өтті?
3.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
4.Президент кімнің атынан қызмет етеді?
5.Бүгінде Қазақстанды әлемнің қанша мемлекеті таныды?
6.Ел Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қашан қабылдады?
7.Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы кім?
8.Тұңғыш президенттің дүниеге келген жері?
9.Тың игеру Қазақстанның қай аймақтарында жүрді?