?ыс?а мерзімді жоспар Т?зуді? те?деуі


Күні: 19.02.15
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8 Мұғалімнің аты Шыныбаева Гүлден
Сабақтың тақырыбы: Түзудің теңдеуі
Сілтеме: ОМЖ, Оқулық
Жалпы мақсаттары: Жазықтықтағы түзудің теңдеуін қорыта білу, есеп шығаруда қолдану
Ресурстар: Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар
Әдіс – тәсілдер: Тәсілі: жұппен, топпен Әдісі: СТО, диалог
Оқу нәтижесі: Топқа бөлу барысында психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар өздерінің алтын ережелерін құру, жеке, топпен, жұппен тапсырманы орындайды. Бағалау критерийлерін үйренеді.Сыни тұрғыданй ойлау қабілеттері дамиды.
Негізгі идеялар: Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады,танымдық қабілеттері дамиды
Тапсырма көздері: 1.Кеңейтілген тапсырмалар
2.Ізденіс жұмыстары. Жұптық,жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тапсырма көздері жазылған карточкалар
Мотивациялық кезең: Оқушылардың қабілеттеріне қарай ,ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу
Сабақтың барысы: Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин Кезекші арқылы оқушыларды барлау. Топқа бөліну 2 мин Топқа бөлу үшін әр түрлі стикерлер беру. Стикерлер арқылы өз топтарын айқындайды және топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау 5 мин №427-430 есептер. Шеңбердің теңдеуі туралы анықтама Сұрақтарға жауап береді. Үйге берілген есептерді талқылайды.
Негізгі бөлім 10мин Жазықтықтағы түзудің теңдеуі
Координат жүйесі бар  жазықтықтағы түзудің теңдеуі  ax+by+c=0 болады, мұндағы a,b,c тұрақты сандар.
Мысалы 2x+y+3=0.
ax+by+c=0 теңдеуін y бойынша шешейік: ax+by+c=0
by=-ax -c 
y= x +  
=k, =c0  деп белгілесек:
y=kx+c0
яғни y=kx+c0
Мысалы.
y=3x-2
Сонымен жазықтықтағы кез келген түзу ax+by+c=0 не y=kx+c0 теңдеуімен беріле алады.
Тапсырмаларды орындайды, жұппен, топпен, жеке берілген есептерді орындайды.
Қорытынды 10 мин Өздік жұмыс:
1-нұсқа, 2-нұсқа 3-нұсқа4-нұсқа
Есептер шығару
Бағалау: 2мин Тапсырмаларға арналған критерийлермен таныстыру, топтық жұптық, жеке тапсырмаларды бағалау Бірін бірі бағалайды, топтық жиынтық бағалар қалыптасады.
Рефлексия 2мин Екі жұлдыз бір тілек
Кейінгі тапсырмалар:
Үйге тапсырма: 1мин Оқулықтан 2 тақырып № 411 есеп